400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: Күшік, мысық, және тышқанның достығы.

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларды ертегіге қызықтыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қуыршақ театыры.
Тақырыбы: Күшік, мысық, және тышқанның достығы.
Мақсаты: Балаларды мұқият тыңдай білуге үйрету, ертегі мазмұнын түсіндіру. Үй жануарларының қалай дыбыстайтынын, оның атын ажырата айта білуге үйрету. Кейіпкерлердің әр түрлі іс - әрекет
үстінде көріну өзгешелігіне қызыға назар аударуға дағдыландыру.
Баланың ойлау, қабылдау, таным, көру, есту қабілеттерін дамыту.
Балаларды татулыққа, бірлікке, достыққа, адамгершілікке имандылық тәрбиесін қалыптастыру.

Қажетті- құралдар,көрнекіліктер: Ертегі кейіпкерлерінің тоқылған бейнес, доп.
Барысы: Балалар сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ма?

-ия

-Қандай ертегілер білесіңдер?

«Қасырлар мен қояндар», «Үш торай», Арыстан мен түлкі», «Шұбар тауық».

Жарайсыңдар балалар!

Балалар көрдіңдер ме мен ертегі еліне барайын десем қолымда бези борт есігі құлтанып тастапты сендердің сиқырлы сөздеріңізден кейін ашылады екен,

Орманда бір үй тұр

Есігінде құлпы тұр

Айтыңдаршы балалар

Соғамыз соғамыз

Есікті ашамыз

-Ой бизи борт есігі ашылды балалар,

Сиқырлы сандық ашылды көрдіңдермен балалар енді сиқырлы орманда ертегіні тыңдаймыз, Қане ертегін қуыршақ театыр арқылы көрейік.

Мазмұны:

Автор: Ерте, ерте,ертеде Күшік, мысық , тышқан болыпты.Үйшік ішінен күшік шығып.

Күшік:

«Ав - ав» мен күшікпін,
Күшікпін күшікпін
Түні бойы жатпаймын,
Тыныштықты сақтаймын. «Ав - ав»
Ой - ой аяғым, аяғым, аяғым - ай,

Автор: Мысық сол кезде орман жақтан келеді.

Мысық: «Мияу - мияу» бұл кім, кімсің? А күшік екенсің ғой, не болды? соншама айқайлап.

Күшік: «Ав - ав» мысық мен аулада ойнап жүргенімде аяғыма ағаш кіріп кетті, мені құтқаршы аяғым ауырып тұр. «Ав - ав» жалынамын.

Мысық: Жоқ мен сенен қорқамын, сен мені күнде қуасың. Аяғыңдағы ағашты алып сені құтқарсам мені қуа жөнелесің, одан да солай отыра бер. Мен еркін ойнаймын ля - ля - ля мияу – мияу.

Күшік: Мысық кешірші енді мен саған тиіспеймін, мені құтқаршы, «Ав - ав».

Мысық: Жарайды онда мен сені құтқарайын.

Күшік: Рахмет! Енді екеуміз дос болайық, бірге доп ойнайық, мен саған тиіспеймін.

Мысық: «Мияу - мияу» кел екеуміз ойнайықшы менде доп бар.
Добым менің, добым менің.
Өзің неткен көңілді едің,
Зымырайсың, зуылдайсың.
Бірақ бізден құтылмайсың.

Мысық: «Мияу - мияу» мен шаршап кеттім қайтайықшы.

«Күшік» «Ав - ав» онда біздің үйге добыңды ала жүр бірге ойнайық.

Мысық: «Ля - ля - ля - ля»


Автор:-(әндетіп екеуі күшіктің үйіне барады.)

Мысық: Ой, үйің қандай әдемі, жайлы керемет екен.

Автор:-(сол кезде тесіктен тышқан шыға келеді)

Мысық:Мына тышқан қайдан шықты?, тоқта мен сені ұстап аламын да жеп қоямын. А, бәлем ұсталдың ба?

Күшік: Мысық, жіберші тышқанды, ол да қонақ мен де саған тиіспеймін ғой, дос болыңдар.
Мысық: Жарайды күшік, мен енді тышқанға тиіспеймін.

Тышқан: «Шиқ - шиқ» рахмет күшік, мен қатты қорқып кеттім. Ендігі жерде бәріміз дос болайық.


Автор:-(Тышқан мен мысық қол алысады. Барлығы қосылып допты қуалаған күйі кетип қалады.)


Автор:-Ертегі осылай аяқталып мұрат мақсадына жетеді. Тышқан, күшік. Мысық үшеуі дос болады.



Қортынды: Балалар көрдіңдер ме мен ертегі еліне барып қолымда бези борт есігі құлтанып қалған бези бортағы ертегіні сендердің сиқырлы сөздеріңізден кейін ашылады соны көрдік ұнады ма?

-Ия,

Балалар сендерге ертегі ұнады ма?

-Ия

Жарайсыңдар, балалар!

Сендер бүгін ертегіні жақсы ойнап шықтыңдар.

Рөлдерді сомдағандар.

Автор:Шолпан.

Күшік: Жұбаныш

Мысық: Ж.Санжар

Тышқан: Д. Санжар













Күшік:

«Ав - ав» мен күшікпін,
Күшікпін күшікпін
Түні бойы жатпаймын,
Тыныштықты сақтаймын. «Ав - ав»
Ой - ой аяғым, аяғым, аяғым - ай,
Күшік: «Ав - ав» мысық мен аулада ойнап жүргенімде аяғыма ағаш кіріп кетті, мені құтқаршы аяғым ауырып тұр. «Ав - ав» жалынамын.
Күшік: Мысық кешірші енді мен саған тиіспеймін, мені құтқаршы, «Ав - ав».
«Күшік» «Ав - ав» онда біздің үйге добыңды ала жүр бірге ойнайық.
Күшік: Мысық, жіберші тышқанды, ол да қонақ мен де саған тиіспеймін ғой, дос болыңдар.
Күшік: Рахмет! Енді екеуміз дос болайық, бірге доп ойнайық, мен саған тиіспеймін.

Мысық

Мысық: «Мияу - мияу» бұл кім, кімсің? А күшік екенсің ғой, не болды? соншама айқайлап.
Мысық: Жоқ мен сенен қорқамын, сен мені күнде қуасың. Аяғыңдағы ағашты алып сені құтқарсам мені қуа жөнелесің, одан да солай отыра бер. Мен еркін ойнаймын ля - ля - ля мияу – мияу.
Мысық: Жарайды онда мен сені құтқарайын.
Мысық: «Мияу - мияу» кел екеуміз ойнайықшы менде доп бар.
Добым менің, добым менің.
Өзің неткен көңілді едің,
Зымырайсың, зуылдайсың.
Бірақ бізден құтылмайсың.
Мысық: «Мияу - мияу» мен шаршап кеттім қайтайықшы.
Мысық: «Ля - ля - ля - ля»

Мысық: Ой, үйің қандай әдемі, жайлы керемет екен.
Мысық:Мына тышқан қайдан шықты?, тоқта мен сені ұстап аламын да жеп қоямын. А, бәлем ұсталдың ба?
Мысық: Жарайды күшік, мен енді тышқанға тиіспеймін.


Тышқан: «Шиқ - шиқ» рахмет күшік, мен қатты қорқып кеттім. Ендігі жерде бәріміз дос болайық.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22.02.2023
501
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі