Материалдар / Тақырыбы: Күздік киімдер.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тақырыбы: Күздік киімдер.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық оқу с- әрекеті.Мақсаты: Ұл бала мен қыз баланың киімдерін ажыратып, күздік киім түрлерін топтастыра білуге үйрету. Сөздік қорын молайту, ойлау , есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өзіне - өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларын меңгерту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Ақпан 2022
1529
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Күздік киімдер.

Мақсаты: Ұл бала мен қыз баланың киімдерін ажыратып, күздік киім түрлерін топтастыра білуге үйрету. Сөздік қорын молайту, ойлау , есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өзіне - өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларын меңгерту.

Көрнекіліктер: Күздік киім түрлерінің суреттері.

Әдіс тәсілдер: Сөздік, көрнекілік, ойын.

Шаттық шеңбер:

Аспан тұрса күлімдеп,

Айын биік орнатып.

Ақса бұлақ гүрілдеп,

Балаларға сол бақыт.

  • Жарайсыңдар балалар, орындарыңа отыра қойыңдар. Балалар, жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма?

  • Иә.

Ендеше мен жұмбақ жасырайын шешіп көріңдер.

1. Ерте тұрдым,

Екі айыр жолға түстім (Шалбар)

2. Қолы бар, саусағы жоқ,

Мойны бар ,басы жоқ (Көйлек)

3. Бес ін,

Бес іннің аузы бір ін. (Қолғап)

4. Адамның сәні,

Онсыз жоқ мәні.(Киім)

  • Дұрыс, жарайсыңдар балалар жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Күздік киімдер» деп аталады.

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз мезгілі.

  • Күз мезгілінде неше ай бар?

  • Үш ай бар.

  • Қане, кім атап береді?

  • Күз мезгілінде ауа райында қандай өзгерістер болады?

  • Күн суытады. Жаңбыр жиі жауады. Ағаштың жапырақтары сарғайып жерге түсе бастайды. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

  • Дұрыс айтасыңдар балалар, жаз мезгіліне қарағанда қазіргі киімдеріміз қандай?

  • Қалың, жылы киімдер.

  • Әр жыл мезгіліне сай киімдер болады. Күз мезгілінде жылы киінбесек тоңып қаламыз. Олай болса балалар жылы жүру үшін қандай киімдер киіну керекпіз. Құлағымыз, басымыз тоңбасын деп басымызға не киеміз?

  • Телпек киеміз.

  • Денеміз тоңып қалмау үшін үстімізге не киеміз?

  • Күртеше киеміз.

  • Ал, мойнымыз тоңып қалмау үшін не ораймыз.

  • Мойын орағыш.

  • Енді аяғымыз тоңып қалмау үшін не киеміз?

  • Бәтеңке киеміз.

  • Енді қолымыз тоңып қалмау үшін тым қалың емес қолғап киюге болады.

  • Күзде жауын жиі жауады сол үшін киімдеріміз су болып қалмас үшін қолымызға не ұстаймыз.

  • Қолшатыр ұстаймыз.

  • Балалар, күздік киімдер ерлер мен әйелдер киімі болып бөлінеді. Ал балалардың киімдері қыз балалар және ұл балалар болып екіге бөлінеді. Балалар естеріңде болсын ұл бала мен қыз баланың киімдерінде көп ерекшеліктер бар. Ұл баланың түймесі оң жақтан түймеленеді, ал қыз баланың түймесі сол жақтан түймеленеді. Қыз баланың киімдері түрлі әшекейлермен, гүлдермен сәнделеді. Түстері көбінесе ашық түсті болып келеді.

Сергіту сәті:

Тоңса біздің қолымыз,

Қолғап киіп аламыз.

Сарт – сарт – сарт

Шапалақ соғамыз.

Тоңса біздің денеміз,

Тонды киіп аламыз.

Топ – топ – топ,

Топылдатып билейміз.

Дидактикалықойын: «Кел киінейік» деп аталады.

Ойын шарты: Ортаға бір ұл мен бір қыз баланы шығарып, үстел үстіндегі киімдерді рет ретімен қыздар қыз баланы, ұлдар ұл баланы тез – тез киіндіру керек. Балалар, кәне бәріміз киімдер туралы санамақ үйренейікші. 1 дегенім – бөрік,

Кисең бойға көрік.

2 дегенім – етік,

Киер сәнді етіп.

3 дегенім – ішік,

Теріден тігер пішіп.

4 дегенім – тымақ,

Қыста кисең жылы – ақ.

5 дегенім – байпақ.

Іші жылы тайпақ.

Оқу іс – әрекетті сұрақ – жауап арқылы қорытындылау.

Балалар, бүгінгі оқу іс – әрекеті сендерге ұнады ма?

  • Иә.Ұнады.

  • Не туралы өттік?

  • Күздік киімдер туралы.

  • Ұл бала мен қыз баланың киімдерінде қандай айырмашылықтар бар екен?

  • Жарайсыңдар, бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарыңыз үшін сендерге көп – көп рахмет. Жақсы қатысқандарыңыз үшін мен сендерге жұлдызша таратам.























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!