Тақырыбы: «Lesson
Study –
іс
әрекетте»
Сәлеметсіздер ме, құрметті
семинарға қатысушылар! Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы орта
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абишева Гульназ
Балтабаевна.
Іс -
әрекеттегі Lesson Study
мақсаты: Оқушыларға білім алуына
көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал
ету.
Негізгі идеясы:
- Сабақтағы оқушының іс-әрекетін
бақылау.
Lesson Study
іс - әрекеті барысында
шығармашылық топ құрылады. Шығармашылық топ бірлесе отырып, сабақ
жоспарын құратырдық. Жеті модульді сабақтарымызда кеңінен
қолданамыз. Жаңа әдіс - тәсілдерді қолданып, жоспарланған
сабақтардың нәтижеcінде, оқушылардың да білім сапасы
арттады. Барлық мұғалімдерге бағалау парағы таратылады
. Әрбір мұғалім жалпы сыныпты
бақылап, бақылау парақтарын толтырады.
Сабаққа басқа мұғалімдер
қатыса алады. Бұл сабаққа қатысатын мұғалімдердің мақсаты:
сыныптағы оқушыларды зерттеу, бақылау, шығармашылық топтағы
мұғалімдер А,В,С оқушыларын бақылайды. Сабақ бойы бақылаған
оқушылардың іс-әрекеттерін, жетістіктерін, кемшіліктерін барлығын
бақылау парағына жазып отырады. Сабақтан кейін рефлексия жасалады.
Балалардан сухбат немесе сауалнама алынады. Мақсаты: Сабақтың
нәтижесінде оқушы қандай жаңалық алды, ұнады ма? Ұнамады ма?
Сабақтан кейін талдау жүргізіледі. Онда мұғалімдердің өткізілген
сабақтарындағы оқушылардың сабаққа қатысуы түгел талданады.
Сабақтың күшті жақтары, кемшіліктері, қиындықтары, мүмкіндіктері
анықталады.
Осы сабақтағы кемшіліктерді
келесі сабақты жоспарлағанда ескертіледі. Әрбір шығармашылық топ
өздерінің сабақтарын толық талдап шығады.
Топ жетекшісі толық өткізілген
сабақтардың жоспарларын, талдауын, рефлективтік есептерін,
фотосуреттер, видео т.б материалдарды
жинақтайды.
Lesson Study
- мұғалімнің практикалық
білілімінің дамуына бағытталған іс әрекеттегі зерттеудің жоғары
түрі. Мұғалімдер педагогикалық әдістерін жаңартатын, кәсіби
біліктілігін жетілдіретін технология.
Мұғалімнің оқытуына емес,
оқушының оқуына басты назар аударылады.
Lesson Study іс-тәжірибесінің күшті
жақтары:
-
Сабақ жоспарын құру барысында топ мүшелері
бірлесе отырып сабақ жоспарын
құрастырады
-
Сабақ барысында А,В,С деңгейлі оқушыларды
мұғалімдер, бақылайды, өз зерттеулерін
жүргізеді.
-
Топ мүшелері сабақтағы біздің қолданған 7
модульді, әдіс-тәсілдердің кейбіреулерін алып өз сабақтарында
қолданады. Іс-тәжірибе алмасады.
-
Бұл тәжірибеге тренерлер келіп
бақылап, тексеріп, ұсыныстар айтады, бағыт-бағдар береді,
әдістемелік көмек көрсетеді.
Lesson Study
іс-тәжірибесінің нәтижесінде
оқушылардың сабақтағы
жетістіктері:
-
оқушылар аудитория алдында
еркін сөйлеуге, өз ойын айтуға үйренеді, сабақ үстінде өздерін
еркін ұстайды, топпен жұмыс істеуге, басқалардың пікірін тыңдауға
дағдыланды.
-
Берілген тапсырмаларды аса
белсенділікпен орындады;
-
Осы сабақтар оқушыларға оң
әсер етті; себебі оны балалардың рефлексия кезіндегі жазған
ойларынан байқауға болады;
-
Балалардың бір-біріне деген
қарым-қатынасы өзгерді; топ ережелеріне
үйренді;
-
Оқушылармен қатар мұғалімдер
де өзара тәжірибе алмасу жұмыстары
жүргізілді.
Lesson Study тәсілі кәсіби
дамудың тиімді тәсілі, мұғалімнің кәсіби қоғамдастығын құру болып
табылады, мұғалім осындай сабақтардың нәтижесінде мінсіз оқушы
жасауы әбден мүмкін. Сондықтан бұл эксперименте қатысуымыз өте
үлкен жетістіктер мен өзгерістерге әкелуі
анық.
Lesson Study экспериментінің
нәтижесінде:
-
Тәжирірибелік білімді
әріптестермен бөліседі.
-
Әріптестер бір – біріне
көмектеседі.
-
Оқушылардың маңызды білім
алуына жағдай туады.