Тақырыбы: «Мамандық таңдау сыры неде ?» 9сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Мамандық таңдау сыры неде ?» 9сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-ананың баласының мамандық таңдауда білімін, бойындағы қабілеті мен икемділігі жайлы ойларын білу, ой бөлісу; Баласына кәсіптік бағдар беру Баласының терең білім алуына жағдайын туғызып, адами құндылықтарды сақтай отырып еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар баланың жанұяда, мектепте көшбасшылық қабілеттерін дамытып, тез тіл табыса алатын, ашық мінезді, өзіне сенімді жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазірден бастап бала өз болашақ мамандығын таңдап, осы мамандығына сәйкес қажетті пәндерді терең меңгеру,
Материалдың қысқаша нұсқасы

Астана қаласы

31мектеп-гимназиясы















Тақырыбы: «Мамандық таңдау сыры неде ?»

9 «А» сынып ата-аналарына арналған









Психолог: Салимова А.У.













2018-2019о.ж







Тақырыбы: «Мамандық таңдау сыры неде ?»

Мақсаты: Ата-ананың баласының мамандық таңдауда білімін, бойындағы қабілеті мен икемділігі жайлы ойларын білу, ой бөлісу;

Баласына кәсіптік бағдар беру

Негізгі идея: Баласының терең білім алуына жағдайын туғызып, адами құндылықтарды сақтай отырып еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар баланың жанұяда, мектепте көшбасшылық қабілеттерін дамытып, тез тіл табыса алатын, ашық мінезді, өзіне сенімді жеке тұлғаны қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: Қазірден бастап бала өз болашақ мамандығын таңдап, осы мамандығына сәйкес қажетті пәндерді терең меңгеру,

Дереккөздер: Интернет

Ресурстар: Ролик, А-3, А4, маркерлер, стикерлер, презентация

Модульдер: СТО, ТжД, КжБ, ДО

Барысы:Ұйымдастыру кезеңі 7 мин

Ата-аналарды шаттық шеңберде еуропа, азиаттық, африкалықтар болып бір-бірімен амандастыру.

Ата-аналардан сұхбат алу

  1. Арман көп, ал солардың ішіндегі ең маңызды не деп ойлайсың?

Рахмет!

Тағы кім өз ойымен бөліскісі келеді?

  1. Болашақта балаңыздың кім болады деген ой сізді мазалады ма?

  2. Ойыңмен бөлісуді өтінемін

  3. Балаңыздың қандай мамандықтың иесі болуға лайықты деп ойлайсыз?

  4. Белгілі кәсіп иесі болу үшін, әр уақытта жоғары білім қажет деп ойлайсыз ба?

Топқа бөлу

Балаңыздың туған мезгіліне (күз, қыс, көктем мен жаз) байланысты қимыл көрсету арқылы топқа бірігу

Ата-аналарды шаттық шеңберде еуропа, азиаттық, африкалықтар болып бір-бірімен амандасу

Ата-аналар сұрақтарға жауап береді.

Ата-аналардың ішінен көшбасшылық танытқаны қимыл арқылы баласының туған мезгілін көрсетіп, қалғаны соған қарап топтасады

Презентация 8 мин

1) І оқу тоқсан қорытындысымен таныстырып, ІІ тоқсанда балаларының үлгерімі туралы мәлімет беру және ата-ана сұрақтарына жауап беру

Баласының пәндер бойынша үлгерімі туралы сынып жетекшінің берген мәліметін тыңдап, сұрақтар қояды

Миға шабуыл- ой қозғау 2 мин

 - Мамандық дегеніміз не?- деген сұраққа әр топтың жауап беруін өтінеді.

Әр топ ата-аналары өз ойын бөліседі. Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

«Ойлан! Біріктір! Бөліс!» 5 мин

Мына пікірлермен келісесіз бе?

1) Мамандық біреулер үшін – ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыруы;

2) Келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс;

3) Үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң.

Ата-ананың өз пікірімен бөліседі.

Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде баламыз өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау керек.

«Тілек ағашы» 3 мин

Ата-аналарға стикерлер таратып, оған Балаларың болашақта қандай мамандық таңдайды ?

Стикерге баласының қандай мамандық таңдайтынын жазады, «Тілек ағашына» іледі.

Проблеманы шешу:

Топтық жұмыс 10 мин.

«Білеміз бе?»

Әр топ осылардың ішінен өздерінің келіспейтін тұжырымдарын таңдап алып, ой-пікірлерін дәлелдейді.

1-топ:

1) Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады

2) Отбасы және достарынның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады

3) Қартайғанда да мамандық таңдауға болады

2-топ:

1)Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек

2) Ақша болса, мамандық қажет емес

3) Мамандық таңдауда психологтің көмегі қажет

3-топ:

1) Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі

2) Таңдайтын мамандығымды қалталы ақшам анықтайды

3) Мамандық таңдау – күн көріс қамы

1) А3 бетіне келісетін және келіспейтін тұжырымдарға, дәлелді ой-пікірлерін жазады.

2) Постерді қорғайды.

Салыстыру: 3 мин

Балаларының «Тілек ағашын» көрсетіп, салыстыру

Ата-ана пікірлерін балаларының таңдаған мамандықтары туралы ой қозғайды

Рефлексия: 2 мин

«Плюс – минус – сұрақ».

«+» - ұнады, «-» - ұнамады, «?» - не қызық болды?

Ата-аналар стикерлерге өз жазбаларын қалдырып тақтаға іледі.

Қорытынды: 5 мин

Құрметті ата-аналар! Бүгін бәріміз жақсы жұмыс жасадық. Енді мен сіздерге мынадай ойын ұсынғым келіп тұр.

1) Мен сіздерді бір-бірден ортаға шақырамын. Ортада бірінші тұрғанға мен қолын ұстап тілек айтамын. Маған рет-ретімен отырған сіздердің біреуің ортаға шығып менің бір қолымды ұстап тілек айтады. Солай жалғаса береді. Бәріміз ортаға шығып дөңгелене тұрғаннан кейін қол шапалақтаймыз.

2) Оң қолымызды оң жақта тұрған кісінің иығына қоямыз, сол жақ қолды сол жақтағы кісіге қойып бір-бірімізге «Сау болыңдар!» дейміз.


Барлығы қоштасу рәсіміне қатынасады















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2019
800
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі