400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы: Мамандықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың түрлі мамандық иелері туралы білімдерін бекіту. Балалардың мамандықтар туралы білімдерін нақтылау және жүйелеу. Мамандық түрлерін ажыратып,атап айтуға үйрету. Қайшыны желімді және түрлі түсті қағаздарды пайдалану ережелерін үйрету. Тәрбиелік:Балаларды мамандықтардың еңбегіне қызығушылығын арттырып,еңбектерін құрметтей білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

ПДТ 3-4жас


Уақыты:

Тақырыбы:Мамандықтың-бәрі жақсы. Дәрігердің қабылдауында

Білім беру саласы:Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Жапсыру

Мақсаты: Түзете-дамытушылық:Балалардың түрлі мамандық иелері туралы білімдерін бекіту. Балалардың мамандықтар туралы білімдерін нақтылау және жүйелеу. Мамандық түрлерін ажыратып,атап айтуға үйрету. Қайшыны желімді және түрлі түсті қағаздарды пайдалану ережелерін үйрету.

Тәрбиелік:Балаларды мамандықтардың еңбегіне қызығушылығын арттырып,еңбектерін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Түсіндіру. Тақпақтар айту. Суреттер бойынша әңгімелеу.

Әдіс тәсілдері:Таңғажайып сәт,сұрақ-жауап,.ойын.

Көрнекілік құралдар: Дәрігердің суреттері,Түлкі,слайд

Оқу кызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің оқу қызметі

Балалардың оқу қызметі

Мотивациялық қозғаушылық

Абылай бүгін бізде ерекше күн!Біздің тобымызға көп қонақтар келіпті.Қане,Абылай қонақтарымызбен амандасайық! Әуен қойылады.

Шаттық шеңбері:

Қуан шаттан алақай

Қуанатын күн келді

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Қайырлы күн Абылай

Қайырлы күн қонақтар!

Абылай қонақтармен амандасады

Шеңберге тұрып шаттық шеңберді қайталайды.


Ұйымдастырушылық-ізденіс

- Абылай қазір жылдың қай мезгілі?

-Ал қыс айларына қандай айлар?

Желтоқсан,қаңтар,ақпан.

- Қыз мезгілінде адамдар қалай киінеді?

-Ал ауа-райы қандай болады?

Ия дұрыс айтасын.

Жылап Түлкі келеді! Тәрбиеші Түлкімен амандасады.Түлкіден не болғанын сұрайды.

Түлкі келіп тамағы,басы ауырып тұрғанын айтады.

-Тәрбиеші Абылай дәрігерді шақырамыз ба?

-Тәрбиеші телефонмен 103 ке хабарласып дәрігерді шақырады. Дәрігер келеді

Дәрігер Абылайдан не болғанын сұрайды. Түлкіге не болды?Ол неге жылайды

Қыс мезгілі


Жылы киімдерін киеді.

Салқын,аяз болып қар жауады


Түлкіге амандасады.


Түлкінің тамағы,басы ауырғанын түсінеді.


Дәрігерге Түлкінің тамағы,басы ауырып тұрғанын айтады.



Дәрігер Түлкінің тамағын,қызуын тексеріп емдейді.

Тәрбиеші дәрігердің сөмкесіндегі құралдарын атап көрсетіп атайды.

Абылай қанекей дәрігерге арнап тақпақ айтып берейік.

Әжеме тіс саламын,
Көзіне әйнек тағамын,
Сондықтан да өскенде
Мен дәрігер боламын


Дидактикалық ойын:Триз әдісі бойынша

Дәрігердің құралдарын тап!

Сергіту сәті: әуенмен


Абылай біздің жүрегіміз сол жағымызда еңдеше, қолымызды жүрегімізге қойып жүрек соғысын тындайық. Жарайсын! Абылай

Ал ендеше, Абылай мен саған жүрек беремін біздің жүрегіміз күлу үшін жүрекке көз мен ауызын желімдеп жапсырайық.



Әжеме тіс саламын,
Көзіне әйнек тағамын,
Сондықтан да өскенде
Мен дәрігер боламын

Абылай тақпағын айтып береді

Балалар өз пікірлерін айтады.



Сергіту сәтін қимылдармен орындайды.

Қолын жүрегіне қойып жүрек соғысын тыңдайды.

Жүрекке тәрбиешімен бірге көзін,күлкісін желімдеп жапсырады


Рефлексивті-түзетушілік

-Балалар ендеше Түлкі мен дәрігермен қоштасайық сендерге көп рахмет.

Сау болыңдар балалар.

- Бүгін Абылай қандай тақырыпта әңгімелестік?
- Балалар қандай мамандық иесімен таныстық?
Жарайсың Абылай Абылайды мадақтап қорытындылау.

Абылай Түлкімен қоштасады.


Денсаулық сақтау туралы

Дәрігермен


Күтілетін нәтиже: 

Нені біледі:Дәрігердің балалардың емдейтінін.

Қандай түсініктерді игерді: Триз әдісі бойынша дәрігердің құралдарын атауды

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: Сергіту сәтін әуенмен орындауды




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19.11.2022
608
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі