Тақырыбы:
«Мамандықтың бәрі жақсы»
Мақсаты:
Әр
түрлі мамандық түрлері туралы түсінік
беру. Мамандық иелерінің қызметі және
олардың еңбегімен таныстыра отырып,
олардың маңыздылығы туралы білім беру.
Әр түрлі мамандық түрлеріне қызығушылығын
тудыру және еңбек адамдарына құрмет
сезіммен қарауға тәрбиелеу.
Қажетті
құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:
Мамандық
иелерінің суреттері, құрал-жабдықтары.
Сөздік
жұмыс: мамандық,
тігінші, аспазшы, мұғалім, дәрігер,
құрылысшы.
Блингвалдық
компонент: мамандық-профессия,
аспаз-повар, мұғалім-учитель, дәрігер-доктор,
құрылысшы-строитель.
Шаттық
шеңбері:
Тәрбиеші:
Балалар
сендер балабақшаға қай уақытта келесіңдер?
Балалар:Таңда
Тәрбиеші:
Дұрыс
айтасыңдар! Міне тағыда таң атып күн
шықты.
Ендеше
бүгінгі бізге келген қонақтармен
амандасайық.
Үлкенге
де сіз,
Кішіге
де сіз Құрметпенен сіздерге,
Бас
иеміз біз.
Тәрбиеші:
Тәуелсіз
мына заманда,
Сұраныс
көп маманға.
Нағыз
маман пайдалы,
Мемлекет,
қоғам, адамға - деп бүгінгі оқу- қызметімізді
бастаймыз. ¥йымдастыру
кезеңі: Суретпен
жұмыс. Сурет бойынша әңгімелету.
Бұл
аспаз. Аспаз - ең басты мамандықтың бірі.
Безендіріп
үстелді,
Тәтті
тамақ пісірер.
Аспаз
дәмді тамақтың қаншама түрін пісіреді.
Бұл
құрлысшы. Зәулім үилерді, біздің
балабақшамызды салған кісілерді
құрылысшылар дейміз.
Бұл
дәрігер. Дәрігер адамдарды емдейді,
дәрі беріп, укол салып жазады.
Бұл
тігінші. Тігінші адамдарға әдімі етіп
киім тігіп береді сондықтан біз үнемі
әдемі болып жүреміз.
Бул
мұғалім. Мүғалім бізге білім береді. Ол
үлкен маман иесі болуымызға көмектеседі.
Бұл
адамдардың барлығын бір сөзбен айтқанда
«мамандық
иелері» дейміз.
Бұл мамандықты меңгеру үщін көп оқуды,
көп ізденуді, қажымас қайратты, көп
еңбекті талап етеді. Мамандық иесі болып
шығу үшін арнайы оқу орындарында
дайындалып оқытады. Сонда ғана өзің
қалаған мамандық иесі болып шыға
аласыңдар.
Тақпақтар:
Құрылысшы
-
Асылхан Қолда темір қалағым,
Саздан
сарай қаладым.
Алматыдан
аумайтын,
Әсем
қала саламын.
Дәрігер-Мейіржан
Мен дәрігер боламын,
Үлкеннің
де баланың.
Қиналғанда
қасыма,
Бірінші
боп барамын.
Мұғалім-Нұрару
Жақсы
оқып сабақты,
Білім
алып толамын.
Бөбектерді
оқытар,
Мен
мұғалім боламын.
Аспазшы-Інжу
Бір
тамақты пісіріп,
Бір
тамақты түсіріп.
Анам
ылғи жүреді,
Он
жетіге толамын.
Мен
аспазшы боламын.
Сергіту
сәті:
Іш
ауырса, тіс ауырса,
Мамам
дәрі береді.
Барлық
бала, барлық адам,
Оны
жақсы көреді.
Дидактикалық
ойын: «Ойлан тап»
Тақтаға
маман иелерінің суреттері ілінеді. Ойын
шарты әр мамандықтың қызметіне сай
анықтау.
Қорытынды:
Сұрақ-жауап:
Балалар
сендерге бүгінгі оқу қ ызметіміз ұнады
ма?
Бүгін
бәрің жақсы қатыстыңдар, рахмет сендерге.
Ал
енді біз қонақтарымызды шығарып салайық.
Күтілетін
нәтиже:
Нені
білуі керек: Балалар
мамандық түрлерін білуі, қажетті
құралдарын білуі керек.
Нені
игереді: Суретке
қарап әңгіме қүруды меңгереді.
Нені
білді: Үлкендердің,
мамандық иелерінің еңбегін бағалай
біледі.