Материалдар / Тақырыбы: Математика еліндегі «ғажайып гүл»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: Математика еліндегі «ғажайып гүл»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Математика еліндегі «ғажайып гүл»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2021
393
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Первомай ауылы.

Бітік ОЖББМБ КММ



Тәрбиеші: Рахметуллина Нұрайла Әмірғалиқызы

Тақырыбы:Математика еліндегі «ғажайып гүл»



Мақсаты:Балалардың ой-өрісін ,танымдық қабілеттерін логикалық ойындар арқылы жетілдіру.Ойын барысында қарым-қатынас мәдениетін жетілдіре отырып,өздігінен шешім қабылдай білуге үйрету.Есте сақтау қабілеттерін дамыту.1-ден 5-ке дейін тура және кері санай білуге, санды цифрмен белгілей білуге, геометриялық пішіндер туралы білімдерін, биік-аласа,ұзын-қысқа,кең-тар,т.б. ұғымдарды қолдана білуге,кеңістікті бағдарлай білуге дағдыландыру.Сұрақтарға тез ойланып жауап беруге үйрету,санау,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,санамақ айту арқылы сөздік қорларын молайту.

Билингвалдық компоненті:апта-неделя,пішін-фигура,санау-считать,ғажайып гүл-чудо цветок.

Қажетті көрнекіліктермен құралдар: компьютерден құрастырылған түрлі-түсті гүл,санға бай/ты слайд,сандық картішкелер,санау таяқшалары мен геомет-лық пішіндер,көкөністермен жемістер суреті әр балаға,ойынға қажетті суреттер мен қарындаштар.

Барысы:Балалармен бірге залға кіру.Ертеңгілік шеңбер:

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан,

Тілейміз тыныштық,

Ашық болсын көк аспан.

Мықты болсын іргеміз,

Бәріміз дос біргеміз.

Балалар қараңдаршы бізге қонақтар еліп отыр екен,кәне қонақтармен амандасайық.(3 тілде)

Жарайды, ендеше.-Балалар мынаны айтыңдаршы,қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінен басқа қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?

Әр жыл мезгілінде неше ай болады екен?

Қыс мезгілі басталған екен,ендеше қай айы?

Бүгін желтоқсанның 5-і,ал жұманың қай күні?

Бір жұмада неше күн болады?Атап айтқызу.

Жарайсыңдар балалар!-Балалар байқадыңдарма,бүгін мен күндегіден өзгешемін.

Мен математика ханшайымымын.Бүгін мен сендерді,,математика еліне,,ерітіп әкелдім.Сендердің логикалық ойлау қабілеттеріңді тексеріп көргім келіп тұр.

Бір қызығы мен сендерге барайын деп дайындалып жатқанда,менің елімде бір ,,ғажайып гүл,,пайда болыпты.Оның күлтешелерінің түсі әртүрлі, өзі әдемі екен.Онда сендерге арналған тапсырмалар бар екен.Тапсырмаларды орындауға дайынсыңдарма?

Олай болса орнымызға жайғасып отырайық,қазір мен біреуіңді шақырамын,ол гүлдің бір күлтешесін мына тетікті басу арқылы ашады,түсін,онда жазылған санда айтады.Ал мен тапсырманы оқимын.1-ші тапсырма: сөздік ойын ,,Миға шабуыл,,компьютерден берілген сұрақтарға жауап беру. Аспанда күн нешеу?

Торғайда неше көз?

ал бағдаршамда неше көз?

Машинада неше дөңгелек?

Алма үлкен бе,түйме үлкенбе?

Төртбұрышта неше бұрыш бар?

2 мен 4 тің арасында қандай сан бар?

Жарайсыңдар ,балалар.2-інші күлтешені ашқызып,тапсырманы оқу.

,,Дұрыс тыңда ,,ойыны (сандық карточкамен ойналады)

Мен сылдырмақты неше рет сылдырлатсам,сол санды көрсетесіңдер.

3-4 рет ойнатып,біз нешеге дейін санай білеміз,кәне 3 тілде санайықшы?!

слайд арқылы заттарды санатып,орыс тілінде цифраны айтқызу.

Санамақ айту.Сергіту сәті:Міне,міне қолымыз,

Оңымыз бен солымыз.

Қол соғайық алақай,

1,2 деп балақай.

Топылдатып билейтін.

Аяғымыз қайсы екен?

Міне, аяқ алақай,

Кел билейік балақай.

Билеп,билеп алайық,

Енді орын табайық.

Орнымызға жайғасып ,тапсырмаларды орындауға кірісейік.

3-ші күлтешедегі тапсырма:,,Жинаған егінді сөреге орналастыр,,(кеңістікті бағдарлау)

3-ке бөлінген қатты қағаз беті сөрелерді алдарыңа жақын алыңдар.Тәрелкедегі көкөністермен жемістерді мен айтқан сөрелерге орналастырасыңдар.Мұқият тыңдап отырыңдар.Алманы жоғарғы сөренің оң жағына қойыңдар,пиязды төменгі сөренің сол жағына,қызанақты ораңғы сөренің ортасына,алмұртты жоғарғы сөренің сол жағына,ал қырыққабатты төменгі сөренің оң жағына орналастыру тапсырылады.

Енді қараңдаршы көкөністер қай сөреде жатыр?ал жемістер ше?

4-ші күлтешедегі тапсырма:Ойын ,,Үй құрастыр,,

санау таяқшаларымен қатты қағаздан жасалған геометриялық пішіндерден үй құрастырып,қандай пішіндерден,түсі қандай,қайсы үй биік,қайсы аласа екендігін сұрау.

Тағы басқа ұғымдарды айту арқылы керісінше қалай айтуға болатынын сұрау.мыс:кең-тар,ұзын-...,үлкен-...,жуан-..,т.б.

Сергіту сәті:қораптан геом-лық пішіндерді алып,музыкамен билейді.Тоқтағанда шығыршық ішіндегі пішінге сәйкес жиналуы тиіс.2-3 рет.

5-күлтешедегі тапсырма:үстел- үсті ойыны:,,4-інші артық,,

,,Айырмашылығын тапта сонша дөңгелекті боя,,

Тапсырмаларды орындап болған соң,енді сендер шаршаған шығарсыңдар үстелге жатып демалып алыңдар.көздеріңді жұмсаңдарда болады.Балардың үстеліне 5-тіктерді үлестіру.Дем алып болсақ,көзімізді ашып,басымызды көтерейік, мен ,,ғажайып гүлдің,, ортасын ашайын,қандай тапсырма бар екен?.Ой,балалар ,,ғажайып гүл,,сендерге риза болып 5 бағасын қойыпты.Сендердің алдарыңда да ғажайып 5-тер пайда болыпты ғой.Жарайсыңдар балалар!Ортаға жиналып,оқу іс-әрекетін қорытындылау.Қонақтармен 3 тілде қоштасу.



Тақырыбы:Математика еліндегі «ғажайып гүл»





















2014-2015





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!