Материалдар / Тақырыбы: «Мектепте отбасы тәрбиесін қалыптастыру барысында ата-аналармен жұмыс жасау»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: «Мектепте отбасы тәрбиесін қалыптастыру барысында ата-аналармен жұмыс жасау»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие жұмысының тақырыбы: «Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы жалпы «Мәңгілік Ел» халықтық идеясын еңгізу барысында оқушылардың өзіндік сезімін және отаншылдық, рухани байлығын, мәдениетін қалыптастыру». Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу. Міндеттері: 1.Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету. 2.Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2021
264
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Мектепте отбасы тәрбиесін қалыптастыру барысында ата-аналармен жұмыс жасау»

Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы
С.Смайлс

Тәрбие жұмысының тақырыбы: «Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы жалпы «Мәңгілік Ел» халықтық идеясын еңгізу барысында оқушылардың өзіндік сезімін және отаншылдық, рухани байлығын, мәдениетін қалыптастыру».

Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.

Міндеттері:

1.Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.

2.Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның

қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.

3.Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын,

психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету

4.Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби

қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту.

Мектепте тәрбе жұмысының модельі бойынша 8 бағыт бойынша жұмыс жүйелі түрде жасалады.

Тәрбие жұмысының бағыттары:

  • Қазақстан азаматтарын отаншылдыққа, жаңашылдыққа азаматтыққа, құқықтық тәрбиелеуге қалыптастыру.

  • Рухани адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру.

  • Ұлттық тәрбие

  • Отбасы тәрбиесі

  • Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

  • Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

  • Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

  • Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Соның ішінде отбасы тәрбиесі бағыты бойынша рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2017 жылдан бері «Отбасы әлемі» атты ата-аналар клубы жұмыс атқарып келеді. Мектептен арнайы кабинет жабдықталған. Отбасы әлемі клубында барлығы 18 ата-ана жұмыс атқарады. Клубтың логатипі, ұраны, клубты құру туралы ережелермен мақсат міндеттері айқын қойылған.

Клубтың мақсаты:

Отбасылық құндылықтарды құрметтеу, іргесі берік жарасымды отбасы қалыптастыруды насихаттау.

Жалпы отбасылық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейте отырып, отбасы–тәрбиенің негізі екенін ұғындыру.

Жас ұрпақ арасында отбасын құруға және жауапты ата-ана құруға қатысты конструктивті қарым-қатынасты қалыптастыру.

Міндеті

1) ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты орнату;

2) ата-аналардың психологиялық, педагогикалық және құқықтық тәрбиесі, отбасылардағы кәсіптік бағдарлау жұмысы;

3) тәжірибе алмасу, балаларды тәрбиелеуде кездесетін проблемаларды талқылау;

4) бос уақытты жұмыспен қамтуды ұйымдастыру.

Өзектілігі:

Білім беру ұйымы мен отбасының әлеуметтік әріптестігі «Рухани Жаңғыру» қоғамдық санасын жаңғырту бағдарламасын іске асыру аясында орта, кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінің мазмұнын жаңартып, оқушылардың отбасыларымен тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады.

Ата-аналар мен мұғалімдердің құзыретті өзара іс-қимылына ерекше мән беріледі.

Отбасы әлеуметтік-тарихи тәжірибені, эмоционалды және іскерлік қарым-қатынас тәжірибесін беруде маңызды байланыс болып табылады.

Отбасылық клуб отбасы мен білім беру ұйымдарының әлеуметтік әріптестігін жандандыру үшін құрылады. Бүгінгі таңда отбасылық клубтары отбасымен жұмыс жасаудың иновациялық үлгісі болып табылады. Оның білім беру, психологиялық қызмет көрсету арқылы балалар мен үлкендердін бос уақыттарын тиімді өткізуіне көмегі тиеді. Мектепте балалар үйірмелерге қатысады. Бұл жұмыстар ата-анамен баланың арасындағы байланысты нығайтып, жеке басының өсуіне жағдай туғызады.

Бүгінгі таңда отбасылық клубтары отбасымен жұмыс жасаудың иновациялық үлгісі болып табылады. Оның білім беру, психологиялық қызмет көрсету арқылы балалар мен үлкендердін бос уақыттарын тиімді өткізуіне көмегі тиеді.

Отбасылық қарым-қатынас клубы-бала тұлғасын қалыптастыру үдерісінде ата-аналар мен педагогтардың өзара іс-қимылының тиімді дәстүрлі емес түрі. Ата-аналар мен педагогтардың сауатты өзара іс-қимылы ерекше өзектілікке ие.Отбасы-балаға әлеуметтік-тарихи тәжірибені, эмоционалдық және іскерлік қарым-қатынас тәжірибесін берудің маңызды буыны. Ата-аналар отбасының жеке тұлғаны қалыптастыру үдерісіне қандай үлес қосатынын, білім беру ұйымының білім алушылардың білім деңгейіне, тәрбиесіне қойылатын талаптары қандай екенін түсінуі тиіс.

  Оқу жылының басынан жоспар құрылып бекітілді. Жоспар бойынша ата-аналармен бірлесе отырып отбасылық тәрбиенің оң тәжірибесін, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Отбасы әлемі»  клубындағы ата-аналармен мектебімізде көптеген жұмыстар атқарылуда. Отбасы клубында 18 ата-ана жұмыс жасайды. Барлық ата-аналар белсенді жұмыстар жүргізуге ат салысады. «Отбасылық клубының» жұмысы апта сайын сенбі, уақыты, тақырыбы және өтетін орны бойынша сынып жетекшілеріне алдын ала хабарланады.

Қыркүйек айында «Отбасылық Заңдылықтар бойынша түсіндіру әдістері» тәрбие ісінің меңгерушілері- Халибек А., Кудерина Ш.Ш. ата-аналар клубында онлайн түрінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ата-ананың баламен қарым-қатынасын нығайту жолдары мен әдіс-тәсілдері туралы мәліметтер берілді, ата-аналардың қойылған сұрақтарына жауаптар бере отырып отбасылық заңдылықтар жөнінде мәселелер талқылынды. Сондықтан клубта болып жатқан шараларға қатысуына мүмкіндік беріледі.



Биылғы жылы ата-аналармен түсіндірме жұмыстары, әңгімелер, лекциялар ZOOM платформасы арқылы жүргізіліп отырды. Біз осы уақыт ішінде көп жетістіктерге де жеттік деп айта аламыз. Сонымен қатар мектепішлік және аудандық , облыстық іс-шараларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. Атап айтсақ, Жарқайың ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «Жыл отбасы» сайысына қатысып, көрсеткен өнерімен жетістігі үшін Уалиевтер отбасы І-дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл отбасы өнегелі құндылықтарды жаңғырту мен қазақстандық отбасы мәртебесін арттыру мақсатында өткізілген «Жыл отбасы» облыстық конкурсында белсенді қатысқаны үшін мақтау қағазымен марапатталды. Сонымен қатар «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» республикалық қашықтықтан ұйымдастырылған байқауға Дарменовтар отбасынан Дарменова Нурсулу эссе номинациясы бойынша ал, Дарменов Ернур қолөнер номинациясы бойынша қатысып екі оқушыда І-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Аудандық отбасылық «Келін отбасының ырысы» онлайн конкурсына Манафовтар отбасынан Сабина Галымовна қатысты. Ол отбасылық қарым-қатынас туралы толық көрсете білді. Сонымен қатар Нурмағамбетовтер отбасы аудандық отбасылық конкурсқа белсене қатысты. Отбасы клубтарының арасында «Тәрбие- отбасынан басталады» атты облыстық конурсқа сырттай видеокөрсетілім жасап мақтау қағазымен марапатталды. Қыркүйек айында облыстық «Жыл отбасы» сайысына Манафовтар отбасымен қатысты. Мектебімізде осы отбасы клубының ұйымдастыруымен «Бәріміз біргеміз» тақырыбында акция өткізілді бұнда ата-аналар өздерінің қолдарымен жасалған тағамдармен, бұйымдар әкелініп сатылды. Одан түскен ақшаны отбасы жағдайы аз қамтылған балаларға үлестіріп берілді.

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы « Облыстық дене шынықтыру, спорт және алғашқы әскери дайындығының оқу-әдістемелік орталығы» ұйымдастырған отбасылық командалар арасында Отбасы күніне арналған «Отбасылық кемпірқосақ» спорттық секіргіштен секіруден облыстық қашықтық турнирге Аманбайлар отбасы қатысып сертификатпен марапатталды. Аудандық көлемде өткізілген «Менің отбасым» атты суреттер сайысын бастауыш сыныптан 17 бала қатысып, 11баланың суреті облысқа өткізілді. Мектеп психологы «Бәрі отбасынан басталады» атты семинар тренинг онлайн түрінде өткізді. Тренинг барысында ата-аналармен сұрақ-жауап арқылы, бала тәрбиесіне қатысты көптеген мәліметтер берілді. Осы клуб ашылғаннан бері ата-ана мен бала қарым-қатынасындағы оқиғада оң өзгерістер байқалып, көптеген отбасыларда психологиялық климат едәуір жақсарғанын анкета диагностика жүргізу арқылы 63% жағдайында» - деп бөлісті мектеп психологы-Кудерина Ш.Ш. Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Нурмағамбетова А.М., Жалилова Н.В «Менің отбасым» шығарма, эссе байқауын өткізіп мектепішілік алғыс хаттармен марапаттады.



 «Отбасы әлемі» клубына қатысып жүрген аналар да өз ойларымен бөлісті. Олар бұл жұмыстың нәтижесі бар екен атап өтті.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!