тақырыбы: Мемлекеттік қызмет

Тақырып бойынша 11 материал табылды

тақырыбы: Мемлекеттік қызмет

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мемлекеттік қызмет- ел мүддесіне адал еңбек

«Мейірім шуағы мол, пейілі кең халықтың перзенті болудан асқан бақыт жоқ. Сол халық- қазақ халқы. Елінің өткенін ұмытпай, келешегі үшін қалтықсыз еңбек еткен перзенті бар халық бақытты. Сол перзент-Дінмұхамед Қонаев»

Джавахарлар Неру



Бүгінгі менің, шығармама арқау болғалы отырған,тұлға – аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ұлы Тұран перзенті, ұлтымыздың рухани ұстазы ,тарих төрінен ойып тұрып алатын орны бар, ірі тұлға –Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев.

Бұл кісі мен өмірге келмей тұрғанда ел басқарып, өзінің атын, істеген істерін артында қалдырған адам. Әр дәуірге лайықты кемеңгер адамдар өмір сүреді. Ал қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл-парасатымен дараланған ұлы адам өмір сүрді. Ол- Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Бабалар әруағына шынайы берілген, халқына сүйкімді, ұлтқа қадірлі, шыныдай мөлдір, аса білікті адам. Егемендікті алғанда халқының алдында балаша қуанып шығып, адал ойын білдірген «Ту жығылмасын, Туды ұстаған ұл жығылмасын»-деп тәңіріне сыйынып халықпен бірге қуанып, келешекке сенген. «Болашақ жастардікі, ақиқаттан аттауға болмайды»-деген ойын ашып айтты. «Таулар алыстаған сайын асқақтай береді »- деген сөз бар. Ел мен жұртына қадір-қасиетімен танылған адамдар да сондай айлар алмасып, жылдар көшіп жылжыған сайын олардың даналығы мен даралығы ерекшелене түседі. Елі сағынады, халқы қадір-қасиетін, адамгершілі мен асыл бейнесін асқақтатады. Димаш ата аман болса-105 жасқа толар еді. Бұл күн бәріміздің биік парасат, асыл адамгершілік, азаматтың асқақтық пен халқына деген қамқорлықтың үлгісін таныта білген ұлы адамды сағына еске аламыз.

Мен осы шығарманы жазарда көп ойландым,ол кісі туралы көп оқыдым, көп іздендім, газет-журнал ақтардым.Өзінің жазған кітаптарын парақтадым.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Алматы қаласында дүниеге келген.Орта мектепті бітірген соң Мәскеудегі металл және алтын институтына түседі.1936 жылы институтты бітіріп, тау –кен инжинері мамандығын алған соң Балқаш мыс қорыту комбинатының қоңырат кентіне жұмысқа жіберіледі.Онда бұрғылау станогы машинисінен бастап, цех бастығы,кеніштің бас инжинері және оның директоры болып істеді.Одан соңғы еңбек баспалдағы –Алтай полиметалл комбинаты бас инженерінің орынбасары,техникалық бөлімінің бастығы.Риддер кенішінің және КСРО ірі қорғасын –мырыш кәсіпорындарының бірі –Ленингор кен басқармасының

директоры қызметтерін атқарды.1942 жылы орда бұзар отыз жасында республика Минстрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.Бұл жауапты міндетті он жыл мінсіз атқарды.Соғыс кезінде ол майдан қажетін қамтамасыз ететін жылу және басқа өнеркәсіп салалары жөніндегі мәселемен айналысты.Ұзақ жылдар бойы Қонаев елдің жоғарғы билік тізгінін ұстағандардың бірі де,бірегейі болды. Ок Саяси Бюросының мүшесі ретінде мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының мәселелерін шешуге қатысты.Ол аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, сондай –ақ ғылыми қызметпен де қажырлылықпен айналысты. Техника ғылымдарының докторы,Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі,техника ғылымының докторы.

Ол қазба байлықтарының арқасында республиканың деңгейі биікке көтерілетінін жақсы білді.Қонаев өте сауатты басшы бола білді.Кез келген мәселені шешуде батылдық пен көрегендік танытты. Алматы облысы және Алматы қаласы Димаш ата басқарған 11жыл ішінде адам танымастай өзгерді. Туған қаласы -Алматының ажарын кіргізіп тұрған «Қазақстан», «Алматы» қонақ үйлерін, Республика сарайын, Ресублика алаңын, Цирк, Неке сарайын, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын, М.Әуезов атындағы драма театрын, Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрын, «Арман», «Сарыарқа» кино-театрларын, Пушкин кітапханасын, баспа үйлерін, т.б мәдени ошақтарын халық игілі үшін бой көтерді. Қаланы көгалдандыру жұмысына баса назар аударды. Әңгіме –биік мансапта емес,әрине,ондай сенімге ие болуды кездейсоқтық деп қарау ең үлкен әділетсіздік,мәселе –сол қырық екі жыл ішінде тындырған ісінде, артына қалырған өшпес ізінде.Оның Алматыдан ,осы жылар ішінде бой көтерген қалалардан ,Атырауан Алтайға,Қаратауан Торғайға дейін көсіліп жатқан ұлан –байтақ даладан ізделік.Тусырап жатқан құла үзді түлеткен еңбек ардагерлерінің өмірінен ізделік.Іздеген сайын атамыз биіктей түседі,Мемлекет және саяси қайраткер ретінде тұлғалана түседі.Үлкен ғалым,ойшыл ретінде даралана түседі.Ол- қарапайым  жұмыскер,қатардағы инжинерден ірі өнірісті ұйымастырушыға дейінгі өмір университетін тауысқан білікті маман.Сөз жоқ,бұл зор жетістіктің бәрі бір кісінің ғана сіңірген еңбегі емес.Әйткенмен,осы бастамалардың бәрінің ұйымдастырушысы әрі басшы Қонаев болғанын ұмытпауымыз керек. Димаш Ахметұлының туған халқы,туған жері туралы ұғымы қаншалықты қасиетті болғанын бүгінде қанша айтсақ та,қанша толғасақ та болады. «Биікке көтерілдім,бірақ халықтан аласа екенімді ұмытпадым..Басар жерім де,барар жерім де –қара жер.Қастерлей білсем, қадірімнің кетпесін білемін.Панаң да –ел, данаң да ел.Соған арқа сүйеймін,содан үйренім»- деген сөздерінде ұлылық та, даналық та бар.Бұл сөздерде сол ұлық дананың халық алдындағы баладай кішіктігі де бар.

Сондай –ақ Дінмұхамед Ахметұлы әлемдегі ең ұлы мемлекеттің бірінің бірінші хатшысы,дүниеге ықпалы жүріп тұрған тұлға,СОКП ОК Бас хатшысы Л.И:Брежневпен етене жақын ,төс қағысқан дос болған екен.Атамыз сол достықты өз жеке мүддесіне емес, Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін өркендетуге пайдаланған екен.

Димаш Ахметұлы мемлекеттік басқару үдерісін білікті маман кадрлармен қамтамасыз ету,оларды тәрбиелеу,сақтау, кемеліне келтіру секілді істерге де ерекше мән берген. Бүгінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел игілігі үшін атқарған және атқарып келе жатқан ерен еңбегіне ,барша ғаламның басшыларына жол көрсеткен көрегендігіне қарап отырғанда, ағамыз Елбасы болар ерекше тұлғаны ерте тәрбиелеп,дер кезінде кемеліне келтірген кемеңгерлігі көңілімізге жақын.

1993 жылы күзде Қазақстан халқы өзінің ұлы перзенті Д.А.Қонаевпен қоштасты.Аса ірі мемлекет қайраткері дүниеден өтті.Телегей теңіз,терең ақыл мен аса білімдарлық,көреген зерделілік – бұл биік тұлғаның парасатты бейнесі еді.Димаш ағамыз тек саяси көсем ғана емес,ол ұлттың рухани ұстазы болды.кіршіксіз кісілігі мол ,баршаға қамқор – ол күнделікті жай тірлікте жан жүрегімен қуанып, қиянатты да сабырмен жеңіп,қайғы –мұңы ақыл оймен көтере білетін.Қонаев республика үшін,елі үшін мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек ете білді.Қазақстан өзге республикалардан көш ілгері озып, лайықты орынға ие болды.Осының бәрі де елге еткен құрметі еді.Оның да осынау жемісті еңбектерін Елі әділ әрі лайықты бағалап,үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын берді.Халқымыздың Димекеңдей қаһарман ұлының сөзінде тұтас халық ардақ тұтар ғибрат бар.Онда телегей теңіз тарих бар.Сол тарихтың таудай толқындарының үнінен ағамыздың туған халқына арнаған мына сөзі жүрекке жетіп,көңілді тербейді: «Қалтықсыз қызмет етуге ,аманатыңа адал болуға,адам баласына қиянат жасамауға ,ала жіптен аттамауға тырыстым.соңғы демім таусылғанша ,алақаны аялы , жаны саялы елім,саған алтын бесігім –жерім,саған қызмет етуден танбаймын ,менің жан баласына өкпем жоқ.Ал, менде кеткен өкпе, реніш ,наз болса – ақ басымды иіп,мың қайтара кешірім сұраймын»-деген екен. Бұл сөздерді толқымай ,тебіренбей тыңдау қиын.Ел иесі бола жүріп осынша кішірею , жер иесі бола жүріп осынша аласару –жерін де, елін де шексіз сүйген,өшпейтін жарығы,өлмейтін рухы бар кемел жанның ғана қолынан келмек.Меніңше, Димаш Ахметұлы –дара тұлға ретіне зерттеліп бітпеген әлем, әлі ашылмаған қыры да,сыры да көп және оны ашқан сайын ірілене түсері анық.Алып таулар алыстаған сайын биіктеп,қол жетпес арманға айналады. Ол елі үшін еңбек етті,елі үшін тер төкті.Елге адал қызмет жасаудың үлгісін көрсетті.Бүгінгі және келер ұрпақ тәлім алар,тәрбие көрер тұлғалардың бірі де,бірегейі, аласармайтын биік тұлға.Қазақ елінің дамып, көркеюіне сүбелі үлес қосып, ел мүддесі үшін адал қызмет атқарған тарихи тұлға.





2 шағын орталықты орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Қ.Өтепбергенова.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.01.2019
614
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі