жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тақырыбы: «Менің Отаным - Қазақстан»
Тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан
Білім беру саласы: «Таным, Әлеуметтік орта»
Мақсаты: Балалардың бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру. Қазақ елін мақтан тұтуға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, Отанын, жерін, халқын сүюге тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: Еліміздің Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны, Қазақстан Республикасының портреті, слайд.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиеші әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Шаттық шеңбері Бейбіт таңдар арайланып атады Туған жерді аймалайды шапағы Байтақ елім Қазақстан, Ең бақытты балалардың Отаны! Байтақ қазақ даласын, Ақ көгершін шарлады Қуаныш, шаттық, жақсылықта, Халыққа көңіл сыйлайды!
Біз доспыз, татумыз Сіздерге жүрегіміздің жылуын сыйлаймыз. |
Шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын қайталайды. |
|
Іздену ұйымдастыру |
Әнұран шырқалады.
Еліміз Тәуелсіз мемлекет. Заңмен қорғалған рәміздеріміз, ұлттық киіміміз, тіліміз, дініміз, ұлттық тағамымыз, ұлттық ойынымыз бар. Қазақстан Респубюликасының рәміздеріне Ту, Елтаңба, Әнұран жатады.
Балалар ту мен елтаңбаны көзбен көріп қолмен ұстауға болады. Ал әнұранды естіп, бірлесе шырқауға болады.
Сергіту сәті Біз Отанды сүйеміз Біз Отанға адалмыз Көгілдір ту иеміз Қалай жасақ боламыз. Дидактикалық ойын: «Ойлап тап» Ойынның шарты: Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасын құрастыру. |
Айзада Бір топ бала сырғанап, Барады әне жарысып. Қалады артта қар алап Іздерінен қар ұшып.
Ислам Қар жауып тұр далада, Жеткенде аяз атамыз Жүр ойнайық, балақай! Біздер одан сый күтіп Отырып ап шанаға, Күліп ойнап жатамыз!
Қуаныш Әппақ күміс бар әлем Зымыраймыз шанамен Тоғайлар тон киеді, Аяз беттен сүйеді. Жиналып ап бар бала Тұрғызамыз аққала.
Құндыз Көк аспандай көкпенбек, Қазақстан жалауы Көк емес ол тектен-тек Елдің ашық қабағы. Ақ ниеті – алтын күн, Асқақ арман – қыраны Жалауы бұл халқымның Мәртебесі, мақтаны. Ұлдай Елтаңбасы елімнің, Неткен әйбат әдемі! Тұнығындай көңілдің, Ортада - аспан әлемі. Құт, береке – шаңырақ, Орын алған ол төрден Қанатты қос арғымақ Екі жақтан көмкерген. Сауат Ән ұраным–жан ұраным, Айтар әнім-сөйлер сөзім. Туған жерім-сағынарым Мәңгі бақи шырқалады, Әнұраным-менің Қазақстаным. Думан Бақытты болып жүргенің Сенің арқаң ұлы Отан Елім менің тірегім Құшағыңда гүл атам Шығысыңнан арайлы Күліп атқан құба таң Сенен бақыт тарайды Баршаңызға ұлы Отан Сарқылмайтын қуатың Тілегімсің сен Отан Мәңгі соғып тұратын Жүргеімсің сен Отан Алима Отан – тарих, Отан-тіл Жасаған ел өз халқың Отан-өлең, Отан-жыр Көтерген көкке ел даңқын. Отан-менің ата-анам Отан-досым, бауырым Отан-қалам, ауылым Хализа Отаның сенің кең дала Күн санап келед шыңдала Егістік егіп баптаумен Жайқалған бидай кең дала
|
|
Рефлексті коррекциялаушы |
Рәміздерді суреттеп, әңгімелеп береді. Балаларға «Атамекен» әнін тыңдатып, әннің атын табу. Атамекен дегеніміз не? |
Атамекен дегеніміз өзіміздің жеріміз, еліміз, туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз, теңгеміз бар деген сөз. |
«Бекітемін»
МКҚК №22 «Ақбұлақ»
балабақшасы
директоры__________Джаманшалова Г.Н. «___»______________2016
ж
Ұйымдастырылған ашық оқу іс – әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Менің Отаным - Қазақстан»
Дайындаған: №9 «Мереке» тобы
2016 ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген