400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан.

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Балалардың отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. 2. Балаларды Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру. 3. Балаларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан.

Мақсаты:

1. Балалардың отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
2. Балаларды Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
3. Балаларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Мақтансаң мақтан елім деп,

Тани біл, елдік таңбаңды.

Елтаңба, Туың, Әнұран –

Шырқатты биік арманды.

Тәуелсіздікке тән белгі - Қасиетті осы рәміздер

Еліме рух, мән берді, Иесі оның – мына біздер.

Біздің дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан.
1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады.

Биыл 25 қазанда Республика күні елімізде ұлттық мереке ретінде алғаш рет аталып өтеді.

29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды.

Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып қабылданды.

Барысы:
Оқушыларды дөңгеленте тұрғызып, тәрбие сағатының тақырыбымен таныстырамын.
Біз бүгін «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр.

Сөзжұмбақ:

1 Біздің ұлтымыз?

2 ҚР астанасы?

3  Мемлекет  белгілеген жалпыға бірдей міндетті ережелер?

4  Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке

5 Біздің облыс орталығымыз?

6 Кел, балалар, оқылық ,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық. Авторы кім?

7 Мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» терминімен танымал?

8 Мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан.

9 Мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіретін

Пазлы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

 



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.



Қорытынды:
Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.
Ұстаздар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар!







МКҚК «Балалар шығармашылығы орталығы»



«Келісемін» «Бекітемін»

Оқу ісі жөніндегі орынбасары БШО директоры _________ Султанова В.Х _________ Шакиров И.Ф

2022ж. "____" 2022ж. "____"





Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан.

















Дайындаған: Педагог- психолог

Мақсотова Ж.Е

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
19.01.2023
397
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі