Тақырыбы: "Менің-Қазақстаным" (сурет сайысы)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: "Менің-Қазақстаным" (сурет сайысы)

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың жеңімпаз болуға, суретке деген қызығушылығын арттыруға арналған балаларға арналған сурет сайысы. Ұстаздарға түрлі сайыстар өткізуде көмегі зор болып табылады. Сайыс түрлі кезеңдерден тұрады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Балаларды заман талабына сай әр саладағы білімдерін кеңейте отырып, білім деңгейін байқау. Ұлттық мәдениет құндылықтарын бойларына сіңіре отырып, тұлғалардың тапқырлығын, шеберлігін, танымдық қабілеттерін айқындау. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылдыру. Балаларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық нышандарын қастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен байлық қазынасын қорғауға, ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын айқын, көркем жеткізе алатын толыққанды жек тұлға етіп тәрбиелеу. Оқушыларды еске түсіру, бейнелі ойлау арқылы сурет салуға үйрету. Заттың, нәрсенің формасын, түсін,көлемін таба білуге бейімдеу. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, ойлау әрекетін дамыту.

Көрнекілігі: Астана қаласының әсем жерлерінің суреттері. Суреттер, желім, ақ қағаз. Белсенді тақта.

Жүргізуші:
Армысыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар!
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз.Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз.

Сайыскерлерді ортаға шақырайық. «Көк тудың желбірегені» әнімен кіреді. Бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Осыған байланысты оның қадір-қасиетін балалар бойына сіңіру, ұғындыру мақсатында «Менің–Қазақстаным» атты сурет сайысын өткізіп отырмыз. Сайысымызды бастамас бұрын бәріміз орнымыздан тұрып гимн орындап жіберейік.

ГИМН орындалады.

Экраннан Қазақстан Республикасының рәміздері мен көрікті жерлері көрсетіледі.

Сайысымызды бастамас бұрын сарапшылар алқасын сайлап алайық (әрбір кезең бойынша балалардың алған ұпай сандарын санап отырады, Сарапшылар назарына әр дұрыс нақты жауап үшін 5 ұпайдан беріледі.

Жүргізуші:
Адам меңгермейтін білім бар ма?
Жойқын күшті тындырар күшің барда.
Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер
Алға қойған мақсатың, ісің барда! – деп сайысымызды бастаймыз.

Ендеше сендердің суретке деген құштарлықтарыңызды дәлелдейтін сайысымызды бастаймыз.

Ендеше сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін:

1. «Кім шапшаң, кім жылдам»

2. «Жұмбақ шешу»

3. «Айырмашылығын тап»

4. «Сөз құрастыру»

5. «Сурет сайысы» (топпен жұмыс)

Кім жылдам табады,

Заттардың бейнесін.

Бір-бірімен суреттер,

Табу керек үйлесім.

Быт-шыт болып шашылған

Құрайды екен кім жылдам? – деп

сайысымыздың

1- кезеңі «Кім шапшаң, кім жылдам» кезеңіне береміз. Қиылған суреттерді құрастырып, ненің бейнесі екенін табу.

2- кезең «Жұмбақ шешу». Екі топқа жұмбақтар айтылады. Шешуін қағаз бетіне сурет арқылы түсіреді.

Мен арамын, арамын,

Қара орманға барамын.

Қимастан бір бұтағын,

Қара орманда тарадым. (шаш пен тарақ)

*****

Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)

*****

Күні-түні сөйлеймін,

Өлең айтам, билеймін.

Бәрін-бәрін көрсетем,

Бірақ ойлай білмеймін. (теледидар)

*****

Қыста киімін тастайды,

Көктемде киіне бастайды. (ағаш)

*****

Сені ойлантады, сан мұңайтады.

Үндемей-ақ әңгіме айтады. (кітап)

*****

Үйір-үйір денесі,

Сахараның кемесі.

Ащы шөптер тамағы,

Шөлге шыдап бағады. (түйе)

3-кезең «Айырмашылығын тап». Сурет беріледі. Суреттегі айырмашылықтарды тез тауып, қазылар алқасына көрсетуі қажет.

4 – кезең «Сөз құрастыру» сайысы.
«Тәуелсіздік»- Ту, ел, сіз, тәуелді, тәу, әуелі, тік, ек, әл, дік, әлсіз.
«Бесбармақ» - бар, мақ, бес, бар, ар, ақ, ес, мас, ас, бақ, бер. 
«Егемендік» - Егемен, еге, мен, ен, егін, ек, ем, емен, дік, демі,
енді.
«Қуырдақ»- қуыр, уыр, ақ, қыр, қу, ыр, дақ, арық, уақ, ардақ, ар, қу

5-кезең «Сурет сайысы» (топпен жұмыс)

Жапсыру. Түрлі-түсті қиық қағаздарды түстеріне қарай ажыратып жапсыру.


Жақсылық –рефлексия

(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)

Менің қолымда көк түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап,  алысқа жетелейтін армандарыңды  тілеңдер.   (Жіп мұғалімге келеді.)

Бізбен жіп не істеді?

Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме?   (Балалардың пікірі)

Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құрметтеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.

Хормен: «Отан,Отан!

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!»

Жүргізуші: Отанымызды,елімізді,жерімізді,заңымызды,рәміздерімізді құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық.Туған жер деген киелі ұғымды құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық.

«Ел ерімен мақтанар,жер кенімен мақтанар» деген,елімізді қорғар ер-азаматтар,асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл-қыздарымыз молая берсін.

Елімізде мәңгі тыныштық,бейбітшілік болсын!









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2018
1292
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі