Тақырыбы: «Мерекелі,берекелі,Алтын күз!.»ертеңгілігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Мерекелі,берекелі,Алтын күз!.»ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал балабақша тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Мерекелі,берекелі,Алтын күз!.»


Мақсаты:Балаларды күз мезгілі туралы білімдерін кеңейту. Күздің ерекшеліктерін,белгілерін айта отырып,қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.Табиғаттың әсемдігін сезінуге шақыру,оларға қамқор болуға,еңбекқорлыққа шақыру.

Балалар музыка әуенімен залға кіреді.

Жүргізуші.Құрметті қонақтар,балалар!Ел байлығын арттырған берекелі,мерекелі күз мезгілі келді.Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін,қамбаға толы егінін сыйлайды.Олай болса «Мерекелі,берекелі,Алтын күз!»атты мерекемізге қош келдіңіздер!

Алуа :Көбейді құт береке

Астық толы қамбамыз

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз.

Әлімжан: Жанерке:

Бұлттар төніп, Алма,өрік шие алша

Жерге шөгіп, Жидек,жүзім піседі.

Дымқыл тұман басады, Қауын ,қарбыз,қияр сәбіз

Шөп сарғайып, Дүкендерге түседі

Өңі тайып, Астық пісіп,орақ түсіп

Дала сұры қашады. Қырман дәнге толады

Ойнай алмай, Айтындаршы,бөбектерім

Денең мұздап тоңады Бұл қай кезде болады?

Айтыңдршы,бөбектерім

Бұл қай кезде болады?

Балалар:Күз мезгілі.

Жүргізуші: : Әуенге еріп сиқырлы,
Айтылды ән боп сиқырлы.
Күзгі әуен біздердің
Жүрегінен ұрқұйды
..

«Қол шатыр»әні.

Балалар әдемі қолшатырлар тұр екен.Ол күз мезгілінің айларын білдірсе керек.

Жапырақтары сап-сары қай айы.Қыркүйек.Бұл айда нелер өседі? (Қолшатырды айналдыру)

Жүргізуші:Біреу асығып келе жатқан сияқты.Бағбан атай келеді.

Бағбан атай келеді.-Саламатсыздарма ,балалар.Мен бағбан атамын,мен көкөністеді,жемістерді егемін.Мен сіздерге жұмбақтар ала келдім.

Қалың киім ұнатады.Шешіндірсең жылатады.(Пияз)

Әрі қызыл,әрі тәтті

Жатқан жанды таңырқатты(Алма)

Бағбаншы:-Жарайсыңдар,Қане,балалар берген өнімдерді жинауға көмектесесіңдерме?

Жүргізуші:-«Жемістермен көкөністерді ажырат» ойыны.Шарты:Берілген жемістер мен көкөністерді ажыратып салады.Айнара-Гүлнұр,Дулат-Алтынай.

Жүргізуші:Бір-біріне жер аспан,мейіріммен қарасқан.

Достарыммен жүздескен,қош келіпсіз күз дескен.

Би: «Көңілді көкөністер».

Бағбаншы ата:-Рахмет, Мен енді жол жүрейін бақшамды жинастыруым керек(шығып кетеді)

Жүргізуші:-Жарайды күз ханшайымының қолшатыры астында тақпақ айтқыларың келеме?

Алтынбек:Ой балалар,балалар Нарина:Жайдарлы күз,Жарқын күз

Қоңырқай күз болыпты Аяулы күз,алтын күз

Қурап жапырақ солыпты Дәнге толы кендала

Ел егінін орыпты Дариядай шалқар күз.


Тамилана:Қуандырып біздерді Ару:Көрінеді шалғайдан

Өлкемізге хат келді Бел-белестер сарғайған

Кел жемісті алтын күз Сары жапырақ төгілген

Кемелденсін халқымыз Тоғайдыда көрдім мен..

Дулат:Сап-сарығып даланы Айнара:Әй алақай тамаша

Бояптығо күз деген Шашу шашты жапырақ

Құстар ұанат қағады Бақтың іші алаша

Қоштасқандай бізбенен Аунар ма еді жатып ап

Камиль:Күн шуаққа маужырап Алтынай; Жапырақ ұшты

Жатыр еді атырап Суық та түсті

Ағаштардан жамырап Сондада бізге

Ұшты кенет жапырақ Қызық көп күзде

Гүлнұр:Посмотрите,что за диво

Как кругом светло,красиво

Всюду листья золотые.

Ярким солнцем налитые.

Жүргізуші:Балалар екінші қолшатыр ол күздің екінші айы,ол Қазан айы.Жан-жануарлар азық жинайды. ( Қолшатырды айналдырамын)

Жүргізуші: Балалар күзде адамдар емес,барлық жануарлар қысқа дайындалады. Ормандағы тиіндерді көрейік.

Би:Тиіндер

«Кірпі мен Тиін» (Қайсар.-Жансая)

Кірпі шығады: Бұл жерде ештеңе жок екен,көрмей тұрмын.Қысқа азық жинайын деп едим.Саңырауқұлақтар қайда кеткен?

Тиін шығады.-Сәлеметсің бе кірпі.

-Бұл жерде не іздеп жүрсің?

Кірпі:-Сәлеметсің бе,тиін.Қысқа азық жинап жүрмін,бірақ ештеме таба алмадым.

Тиін:Бұл жерде барлық саңырауқұлақтарды жинап алдым, керек болса ала ғой.

Кірпі:-Рахмет,тиін.

Жүргізуші:-Ой балалар тиін,кірпіге саңырауқұлақтарын берген.Оның ішінде улы,улы емес саңырауқұлақтар бар екен.Улы,улы емес саңырауқұлақтарды ажыратып кептіріп қысқа дайындап берейік.


Ойын: «Саңырауқұлақ кептіру»-Нұралы,Алтынбек,

Жүргізуші:Балалар үшінші қолшатыр ол күздің үшінші айы,ол Қараша айы.Жанбыр көп жауады,құстар ұшып кетеді.Міне бұл күз айлары екен.

Тырна көкте тыраулап

Қош-қош айтты кеттім деп

Шөптің басы қыраулап

Күзде келді жеттім деп.Ән:Алтын күз (Инабат,Әлімжан,Жансая)

Музыка әуенімен Алтын күз келеді.

Күз:Алтын түске боялды

Тау мен қырда дала тұз

Келдім міне ортаңа

Менің атым Алтын күз

Жүргізуші:Қош келдің,Алтын күз!Төрлетіңіз.

Күз:-Сәләматсыздарма,балалар!

Алтын күз:Балалар бүгін мен өзімнің байлығым жемістерімді ерте келдім.Жемістерім әр қайсысы өздері туралы айтып берсін.

Жаңгірхан: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін сыйлауға

Шақырады біздерді

Тамилана:Мен өрікпін,өрікпін

Табиғатқа көрікпін.

Айнара:Мен жүзіммін,жүзіммін

Моншақ болып тізілдім.

Нұралы:Мен алмұртпын,алмұртпын

Аузындамын бар жұрттың

Гүлжанат:Мен шиемін,шиемін

Күннің көзін сүйемін

Қажеттімін адамға

Оны жақсы білемін.

Дильнара :Мен алмамын,алмамын

Таңдандырар бал дәмім

Пісіп толдым мінекей

Баптап ерек бағбаным.

Ажар:Өрік,шие,балы бар

Қауын қарбыз көбейді

Жегің келсе бәрін ал

Неге алмайсын демейді.

Жүргізуші:Бидай,арпа,тары бар

Сұлы,күріш бәрі бар

Әне жырлап барады

Әнге құлақ салыңдар.

Ән: «Осень»

Алтын күз : Жарайсындар,күз мезгілінде менің жапырақтарым жерге қурап түседі,сол соңғы жапырақтарымды ойнауға алып келдім.

Ойын: «Листочки-самолетики»

:Ұшты талдан жапырақ

Сары жапырақ секірді

Аспанда жай шатырлап

Тамшы жерге секірді.

ӘН: «Кап-кап»

Музыка әуенімен Шалшық келеді.

Шалшық:- Мен шалшықпын,барлық жерде қол шатырмен,галошпен жүремін.Балшықты аралап,сыз,ылғал жинаймын.Ал сендер бұл жерде не жүрсіңдер,мені қорқытқыларын келдіме?(Балаларға қарайды)Жоқ қонаққа шақырып,суды лайлап,Жолды балшыққа былғауға келдіңдерме?Я мен мерекенің бәрін бүлдіремін,жел шақырып,жаңбырмен жуындырамын.(су шашады)

Алтын күз:-Шалшық бізге қоқынышты емес,түрлі-түсті қолшатыры бар.Шалшық қара қандай көңілді.

Жүргізуші:Жаңбыр,жаңбыр жауа бер

Қорықпаймыз біз сеннен

Қолымызда қол шатыр

Ойнайықшы бізбенен

Ойын: «Қол шатыр»

Жүргізуші:- Шалшық біздін балалар сонымен қатар тақпақтары да бар .

АянаБіреуі астық түсіріп

Біреуі бидай ұшырып

Жатқан мынау күз екен

Алдым соны түсініп.

Нұралы:Жапырақтар сап-сары Зере :Алқаптағы бидайды

Қонып жатыр жерге көп Қоймаға ел жинайды

Қызықтап бау-бақшаны Тырналары тізілген

Шаттанды бал-бөбек Ұнатамын күзді мен.

Қайсар:Астық өнім жиналды Медина:Құстар қайтты күз болып

Қамбамызға құйылды Сұр бұлт жапты аспанды

Ардақты күз мың алғыс Жапырақ түсіп,гүл солып

Алдық өнім сыйыңды. Қыс ызғары басталды

Шалшық:Балалар көңілімді бір көтердіндерго,Ал менім сендерге арналған сыйлығым бар.Мысалы міне мынау насморкс,ой,ой сникерс,Бұл Чихаунти,фу шатастырдымго Баунти,дәмі тіл үйіреді.

Алтын күз.-Шалшық,балаларға мұндай сый керек емес,мен оларға күзгі сыйымды тарту етемін.

Алтын күз:-Балалар өнерлеріне рахмет,менің кетуім керек.Сау болыңдар!

Барлығы: «Қош бол Алтын күз!»

Жүргізуші:

Берекелі бақ дәулет

Артта түссін тойланып.

Сау болыңдар, балалар,

Келгенше жыл айланып.

Тәрбиеші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек.








.



































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
28.10.2018
304
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі