400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы: Мың бір мақал ,жүз бір жұмбақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы:Мың бір мақал ,жүз бір жұмбақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ сайысы
Мақсаты: 
Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін,қызығушылығын,шешендік
өнерін,ойлау қабілетін дамыту.Халық ауыз әдебиетін пайдаланып,оны орынды қолдана білуге үйрету.Халық ауыз әдебиетін құрметтеп,оны дамытуға,тіл мәдениетіне,достық қарым-қатынасқа,ой-ұшқырлығы мен тапқырлыққа, Өз ұлтын сүюге,халық мәдениетін жалғастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: презентация, үлестірмелі карточкалар. 

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. 
Сайысқа қатысушы топтар ортаға шығады. Әр топта бес оқушыдан. Топ жетекшілері сайланады. 
Өтілу барысы: 
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! 
Бүгін біздің мектебімізде өтетін «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойынына хош келдіңіздер. 
Бұл сайысқа
бес топ қатысады: 
Мұғалім сөзі: Біздің мақсатымыз, оқушының білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, оқу деңгейін және ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге салмақты ой айтуға үйрету болып табылады. Ендеше біз бүгінгі сайысымызды бастайық 

1 - бөлім: «Кім көп біледі?» Қатысушы топтар мақал – мәтел айтудан жарысады.(1 минут уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде топтар қанша мақал айтса, ұпай саны да соған қарап қойылады. 
2 - бөлім: «Жалғасын тап» 
(мақал - мәтелдің басы беріледі, қатысушы топтар мақалды жалғастырады) 
1. Кітап – білім бұлағы,.... (білім – өмір шырағы) 
2. Досы көпті жау алмас,.... (ақылы көпті дау алмас) 
3. Әркімнің өз жері.........( жұмақ) 
4. Еңбек етсең ерінбей,... (тояды қарның тіленбей) 
5. Жері байдың –... (елі бай) 
6 .Батыр туса-ел ырысы, .....(жаңбыр жауса жер ырысы). 
7.Әдепті бала - арлы бала......(Әдепсіз бала –сорлы бала). 
8.Еңбек етпесең, елге өкпелеме,......(Егін екпесең ,жерге өкпелеме). 
9. Қыз өссе- елдің көркі......( гүл өссе жердің көркі) 
10. Мектеп-кеме......( білім теңіз) 
1. Ақыл – азбайтын тон,.... (білім – таусылмайтын кен) 
2. Жүз сомың болғанша,........................(жүз досың болсын)
3. Досы көпті жау алмайды,... (ақылы көпті дау алмайды) 
4. Еңбектің наны тәтті,... (жалқаудың жаны тәтті) 
5. Бірлігі жоқ ел тозады –... (бірлігі күшті ел озады) 
6. Бірлік болмай, ...... (тірлік болмас). 
7. Ырыс алды,....... (ынтымақ). 
8. Ердің атын....... (еңбек шығарады). 
9. Әдепті бала ата-анасын мақтатар, .....(..әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
10. Отан үшін......(отқа түс-күймейсің) 

3 – бөлім: «Кім тапқыр?»- жұмбақ шешу.Жауабын сурет салу арқылы көрсету, . сол жұмбақтың жауабын тауып айтқан соң, жауабына сәйкес мақал айту керек.

Үй ішін аралап Қаптарды жарып, 

Түнде көп жортады, Мысықтан қорқады ( тышқан) 

Желден желігеді 
Судан шегінеді. ( от) 

Бұрасаң тетігін, Өлшемін түн мен күн, 
Соғады жүрегі. Әркім-ақ біледі. ( сағат) 

Еріксе, құйрығымен ойнайды, 
Зеріксе, ұйқыға бір тоймайды. ( мысық) 



Аұпыз, сары, көкпіз, Жүреміз жайнап, 
Түрлі, түрлі көппіз. Арасында шөптің. ( көбелек) 

Күндіз білінбейді, түнде күлімдейді. ( жұлдыз)

Жезге ұқсас сабағы,
Дәні халық тағамы (Бидай)

Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым қатты (Велосипед)

Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді (ұстаз)

Сақалы жоқ, шашы бар, 
Бет-аузы жоқ, басы бар
Белін бекем байлаған
Қоқысты қоймай айдаған /сыпырғыш/

Отыз екі батыр,

Екіге бөлініп жатыр (тіс)

Балалар суға салған жіп
Тереңнен іліп алар жүк (Қармақ)

Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай (Әтеш)

Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. /кітап/

Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. /автобус/


Әжем уыстап сығып
Далада кептірген.
Қатты әрі, дәмді
Көп жесең, шөлдеткен /құрт/


Күмбір-күмбір күйі бар
Құлағыңа құйып ал! /домбыра/


Тақылдатып таңдайды
Уақыттан бір қалмайды /сағат/

Ақ жібек асыл көрпедей,
Қыс болса жерді жабады,
Жазғытұрым болғанда
Су болып сайға ағады. 
(Қар)



Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсен жылатады (Пияз)


4-бөлім « Көрермендер көзайымы» - тақтаға ар түрлі суреттер беріледі,мақал құрау ойын жүргізу. 


5-б
өлім « Сөз тапқанға » (Әріп суырып, шыққан әріптен басталатын сөздермен жауап беру) 
Суды немен ішесіз? 
Сіздің құрбыңыз кім? 
Бүгін саған неше сабақ? 
Қандай тағамды ұнатасыз? 
Қандай аңды ұнатасың? 
Жасыңыз нешеде? 
Қарлығаштың құйрығы неге айыр? 
Көршіңіз кім? 
Ағаңыздың есімі кім?

Үстіңе қандай киім киесің? 
Сіздің көршіңіз кім? 
Жан досыңыздың есімі? 
Қандай ертегіні ұнатасыз? 
Қай жануарды ұнатасыз? 
Зат есімге мысал келтіріңіз? 
Көйлекті неден тігеді? 
Пырылдап ұйықтайтын не? 
Сүйікті тағамыңыз? 
Жердің ортасында не бар? 
Үй тапсырмасын орындауға кім көмектеседі? 


Жеңген топты марапаттау. 
Қорытынды.

































Shape1





















































































  1. 1. Кітап – білім бұлағы,....
    2. Досы көпті жау алмас,....
    3. Әркімнің өз жері.........
    4. Еңбек етсең ерінбей,...



1. Жері байдың –...
2 .Батыр туса-ел ырысы, .....
3.Әдепті бала - арлы бала......
4.Еңбек етпесең, елге өкпелеме,......


1. Қыз өссе- елдің көркі......
2. Мектеп-кеме......
3. Ақыл – азбайтын тон,....
4. Жүз сомың болғанша,.....................

1. Досы көпті жау алмайды,...
2. Еңбектің наны тәтті,...
3. Бірлігі жоқ ел тозады –...
4. Бірлік болмай, ......


1. Ырыс алды,.......
2. Ердің атын.......
3. Әдепті бала ата-анасын мақтатар, .....
4. Отан үшін......
















1.Үй ішін аралап Қаптарды жарып, 

Түнде көп жортады, Мысықтан қорқады

2.Желден желігеді 
Судан шегінеді.

3.Бұрасаң тетігін, Өлшемін түн мен күн, 
Соғады жүрегі. Әркім-ақ біледі.

4.Еріксе, құйрығымен ойнайды, 
Зеріксе, ұйқыға бір тоймайды.






5.Аұпыз, сары, көкпіз, Жүреміз жайнап, 
Түрлі, түрлі көппіз. Арасында шөптің

6.Күндіз білінбейді, түнде күлімдейді.


7.Жезге ұқсас сабағы,
Дәні халық тағамы 

8.Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым қатты 











9.Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді 


10Сақалы жоқ, шашы бар, 
Бет-аузы жоқ, басы бар
Белін бекем байлаған
Қоқысты қоймай айдаған 

11.Отыз екі батыр,

Екіге бөлініп жатыр 


12.Балалар суға салған жіп
Тереңнен іліп алар жүк 







13.Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай 

14.Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады.

15.Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. 

6.Әжем уыстап сығып
Далада кептірген.









17.Қатты әрі, дәмді
Көп жесең, шөлдеткен 


18.Күмбір-күмбір күйі бар
Құлағыңа құйып ал! 


19.Тақылдатып таңдайды
Уақыттан бір қалмайды 

20.Ақ жібек асыл көрпедей,
Қыс болса жерді жабады,
Жазғытұрым болғанда
Су болып сайға ағады. 



21.Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсен жылатады 

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
753
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі