400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ мектеп-гимназиясы


















«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы

























Өткізген: өзін-өзі тану пәнінің

мұғалімі Ескенова А. Т.




Петропавл қаласы, 2018ж

Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ сайысы

Сынып: 5«А», 5«Ә», 5«Б».
Мақсаты: Оқушыларды «Сөз мәйегі - мақал» дегендей, ата - бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету.

Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тапқырлыққа, даналыққа тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: презентация, үлестірмелі карточкалар.
 

Сыныптан тыс іс-шара барысы:

1. Ұйымдастыру. 
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! 
Бүгін біздің мектебімізде өтетін «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойынына хош келдіңіздер.
 

Мұғалім: Құрметті ұстаздар әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық
Әділ – қазылар:
 
1. ___________________________________________________________________________________

2. ___________________________________________________________________________________


Мұғалім: Алдымен мақал - мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек: Мақал - мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал - мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Осы тұста мен осы мақал мен мәтел айырмашылығын түсіндіріп өткім келіп отыр. Мысалы: Мақалда қорытынды, тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр. Ал, мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады. Мысалы: «Көппен көрген ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр. 
Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі-жұмбақтар. Жұмбақтар заттың өзін айтпай, оның түр, түсін, сыртқы белгілерін, жұмбақ болып отырған затқа ұқсас жақтарын сипаттайды, ал заттың өз атын жасырып ұстайды. Сондықтан да алған нәрсенің өзін айтпай, оның сырт белгілерін қысқаша сипаттауды, солар арқылы жұмбақ етілген затты табуды-ЖҰМБАҚ дейміз. Халық жұмбақтарының тақырыбы өте көп. Жаратылыс дүниесі, табиғат жайлы, еңбек кәсіп құралдары, хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және оның өмірі, өнер-білім, техника т.б жұмбақтардың басты тақырыбы болуымен қатар мазмұны да болады. Бұл тақырыптардың бәрі жұмбақ көлеміне енгенде әрқайсысы жалпылама түрде алынбай, бөлшектене, жекелене алынады.
 

Мұғалім сөзі: Біздің мақсатымыз, оқушының білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, оқу деңгейін және ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге салмақты ой айтуға үйрету болып табылады.

Ендеше біз бүгінгі сайысымызды бастайық.

«Сәлем – сөздің анасы» таныстыру кезеңі. Бұл сайысқа үш топ қатысады: 
1.
 Сайысқа қатысушы топтар ортаға шығады. Әр топта төрт оқушыдан.

2. Топ жетекшілері сайланады.  Әр топ өздеріне ат ойлап табады.


1 - бөлім: «Кім көп біледі?» Қатысушы топтар мақал – мәтел жазудан жарысады.(1 минут уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде топтар қанша мақал жазса, ұпай саны да соған қарап қойылады) 

2 - бөлім: «Жалғасын тап» 
(мақал - мәтелдің басы беріледі, қатысушы топтар мақалды жалғастырады) 
1 – топқа: 
1. Кітап – білім бұлағы,.... (білім – өмір шырағы)
 
2. Әркімнің өз жері.........( жұмақ)
 

3. Қыз өссе- елдің көркі......( гүл өссе жердің көркі) 

4. Әдепті бала - арлы бала......(Әдепсіз бала –сорлы бала). 
5. Еңбек етпесең, елге өкпелеме,......(Егін екпесең, жерге өкпелеме).
 

2 – топқа:

1. Досы көпті жау алмайды,.... (ақылы көпті дау алмайды) 
2. Жері байдың –... (елі бай)
 

3. Ырыс алды,....... (ынтымақ). 

4. Бірлік болмай, ...... (тірлік болмас)
5. Жүз теңгең болғанша,......(жүз досың болсын)

3 – топқа:
1. Еңбек етсең ерінбей,... (тояды қарның тіленбей)
 
2. Батыр туса-ел ырысы, .....(жаңбыр жауса жер ырысы)

3. Бірлігі жоқ ел тозады –... (бірлігі күшті ел озады) 

4. Мектеп-кеме,........(білім-теңіз)

5. Ердің атын....... (еңбек шығарады)

3 – бөлім: «Кім тапқыр?»- жұмбақ шешу.

1 – топқа

1. Алыстан қарасаң, аппақ, 
Татып көрсең, тәтті - ақ (Қант – сахар - shuger ) 

2. Сөзі дана, үні жоқ, 
Сөйлемейді тілі жоқ. 
Қолына алсаң шешен, 
Ақылы асқан көсем  (Кітап - книга - book)

3.  Жылт – жылт еткен 
Жылғадан өткен (су – вода - water) 

4. Мамықтай ұлпа, қанаттай ақ 
Қыста жер бетін басады, 
Жазда сайға қашады (Қар - снег - snow)

5. Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады. (қоңырау, звонок, bell )

2 – топқа:

1. Бұл үйге көзсіз боп басың сұғасың, 
Бұл үйден көреген болып шығасың.(мектеп - школа - school) 

2. Ұшып - қонып тынбайды, 
Тасқа соқсаң сынбайды. 
Суға салсаң батпайды, 
Түскен жерге жатпайды (Доп - мяч - bool) 

3. Ашылып жабылады 
Әр үйден табылады (есік, дверь, door)

4.  Жұпар иісі еседі, жайнап бақта өседі ( гүл – цветок - flower) 

5. Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш, линейка, ruler)

3 – топқа:
1.
Кең әлемді кернейді, 
Көзің бірақ көрмейді. (ауа, воздух, air)

2.  Жолбарыстан аумайды 
Пеш түбінде аунайды (мысық - кошка cat)

3.  Тар шеңберді айналып, 
Тұр қазықта байланып. 
Қаға берер таңдайды, 
Әдетінен таңбайды. 
(Сағат - часы - clok) 

4. Бойын жерге жасырған, 
Бұрымы бар жасылдан (Сәбіз - морковь - carrot) 
5. Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді. (ұстаз, учитель,teacher )


4-бөлім «Кім жүйрік?» 10, 20, 30, 40 сандарына қарай әр тақырыпқа 4-5 мақал айту

20 саны – тосын сый

30 саны-Ұстаз

1. Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы.

2. Шәкіртсіз ұстаз тұл.

10 саны-еңбек

1. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

2. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

10 саны- оқу

1.Оқу инемен құдық қазғандай.

2.Оқу -білім бұлағы, білім өмір шырағы.

20-саны- мал

1. Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл –көсір

2. Ер қанаты -ат

3. Сиырдың сүті тілінде

10 саны- Отан

1. Отансыз адам , ормансыз бұлбұл

2. Отан оттан да ыстық

3. Ел іші алтын бесік

20 саны -дос

1. Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.

2. Аққуды атпа, досыңды сатпа

30 саны-ата-ана

1. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.

2. Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап ұл өсер.

3. Ата-ананың қадірін, балалы болсаң білерсің.

4. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.

30 саны жақсы-жаман

1. Жаман аттан аяғым артық, жаман жолдастан таяғым артық.

2. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.


Әділқазылар әділ шешімін шығарғанға көрермендермен ойын ойнайық.

Ойын: «Сөз тапқанға қолқа жоқ».

Мақсаты: әр оқушы әріптер таңдап алады да, қойылған сұрақтарға сол әріптерден басталатын сөзбен жауап береді.

( Б, Е, Ж, Т, Н, С,).

Қойылатын сұрақтар:

1. Сен бүгін нешеде тұрдың?

2. Досыңның аты кім?

3. Наурыз мейрамы қай айда тойланады ?

4. Сен қай қалада тұрасың?

5. Бірінші сабақ нешеде басталады?

6. Қалаңда қандай ескерткіштер бар?

7. Анаңның аты кім?

8. Жазғы демалыста қалай демалдың?

9. Анаңа қандай сыйлық сыйлағанды ұнатасың?

10. Сенің мінезің қандай ?

11. Театрға кіммен барасың?

12. Сыныпта неше оқушы бар?



Жеңген топты марапаттау. 
Қорытынды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
579
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі