400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

тақырыбы: Мысық

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды үй жануарларын қорғауға оларға сүйіспеншілікпен қарауға дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: Шығармашылық.Қатынас.Денсаулық.

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Мысық

Мақсаты: Балаларға мысық туралы түсінік беру.Мысықтың суретін геометриялық пішіндер арқылы салу, дене бөліктерін ретімен сызу жолдарын үйрету, суретті салуға деген қызығушылықтарын арттыру.Ой қиялын дамыту, үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. Жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.Сурет арқылы шығармашылықтарын дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: мысықтың үлкен етіп салынған суреттері, үлестірмелі материалдар.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, түрлі-түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: Мысық.

Билингвальді компонент: мысық- кошка

Қызмет кезеңі

Педагогтың қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық- қозғаушылық

Педагог балаларға көздерін жұмғызып ертегілер еліне саяхатқа шығуды ұсынады.

«Мақта қыз бен мысық» ертегісін оқып беріп, балаларға сұрақ-жауап арқылы естеріне түсіру.

-Ал балалар мен сендерге енді жұмбақ жасырғым келіп отыр.

Өз құйрығын өзі қуып ойнайды.

Допты көрсе домалатып ойнайды,

Беті қолын қайта-қайта жуады.

Тышқандарды үйімізден қуады.

(Мысық)

Балалар ертегіні мұқият тындайды.

Балалар койылған сұрақтарға жауап береді.





Балалар жұмбақтың шешімін табады.

Ол мысық.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Педагог жетектеуші сұрақтар көмегімен «менің мысығым» атты тақырыпқа әңгіме құрастыруға көмек береді.

-Балалар бүгін біз мысықтың суретін саламыз.

Суретті салу барысында негізгі элемент үшбұрыш пен дөңгелек болады.

Мысықтың суретіне қарап оның дене бөліктеріне : басы, құлағы, көзі, денесі, мұрты, құйрығы, аяғы болады екен.

Сергіту сәті

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш,

Бойға жинап күш.

Жаттығу жасап алайық,

Бiр дем алып қалайық.


Ойын: «Байқағыш»

Шарты: мысықты ойлап, көздеріне елестетіп, еске түсіріп менің сұрақтарыма жауап беріндер.

-Мысықта қанша құлақ бар?

-Мысықта қанша аяқ бар?

- Мысықта қанша құйрық бар?

- Мысықтың құлағы ұзын ба, құйрығы ұзын ба?

Жарайсыңдар балалар!

Суретті салмас бұрын сендермен саусақтарымызды шынықтырып алайық.

Саусақ жаттығуы

Оң қолымда бес саусақ.

Сол қолымда бес саусақ,

Қосып едім екеуін .

Болып шықты он саусақ,

Сурет салу әдісі.

Ең алдымен денесін, басын содан кейін аяқтарын , құйрығын салуды ұсынады.

Денесі үшбұрыш, басы домалақ етіп саламыз. Қызғылт сары бояумен бояу қажет.

-Балалар сендерге өтінішім бар.

Кім суретті салып болды, өзінің салған мысығына қандай ат қоятынын ойланып және оған қандай қамқорлық жасау керек екенін айтып беріңдерші.


Балалардан толық жауап алу.





Балалар суретті мұқият қарап педагогтың айтқанын назар салып тыңдайды.


Балалар өлең жолдарына байланысты іс-қимылдар жасайды.






Мысықта екі құлақ, екі аяқ, бір құйрық бар.

Құйрығы ұзын.





Балалар өлең жолдарына сай саусақ қимылдарын жасайды.



Суреттің салыну әдісін мұқият тыңдап, салуға кіріседі.



Балалар өздерінің салған мысықтарына есім қояды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Педагог балалардың жұмыстарына талдау жасайды. Мақтайды және мадақтайды. Үй жануарларына қамқорлық танытуымыз қажет екенін айтып өтеді.

Балалар уй жануарларын қамқор болатындарына айтады.

Күтілетін нәтиже.

Біледі: мысықтың үй жануар екенін.

Меңгереді: жануарларға қамқорлықпен қарау керектігін.

Игереді: мысықтың дене мүшелерін игереді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
520
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі