Материалдар / Тақырыбы: «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні!» аттыт әрбие сағаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тақырыбы: «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні!» аттыт әрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты:ОқушыларғаҰлыстыңұлыНаурызмерекесінтойлауытуралытолықмағлұмат беру, халқымыздыңсалт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» Қазақтың ұлттықмейрамы екенін ашып көрсету. Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат, үнтаспа, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, шарлар,слайд.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Наурыз 2022
384
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

18.03.2022жылы

Тақырыбы: «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні!» аттыт әрбие сағаты

Мақсаты:ОқушыларғаҰлыстыңұлыНаурызмерекесінтойлауытуралытолықмағлұмат беру, халқымыздыңсалт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» Қазақтың ұлттықмейрамы екенін ашып көрсету.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат, үнтаспа, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, шарлар,слайд.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі Ұлыстың ұлы – Наурызмерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.. Бүгінгі болғалы отырған «Наурыз–Ұлыстың ұлы күні!» аттытәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!Наурыз – жаңа жыл және көктем мерекесі.Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап, сіздерге
шаттық тілей отырып, мерекелі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!Жаңа өмірдің қайтабасталатын күн есебінің басы, көктемнің көшбасшысы, қанатына маржан тағып қараторғай жеткенде
көктемнің алғашқы жаңбыры себелейді. Сіресіп жатқан қар еріп, көл – көсір су болып ағады. Өсімдікұйқыдан оянады, бәйшешек қаулайды. Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын
тойлайтын Ұлыстың ұлы күні келді. Той құтты болсын, ұлыс оң болсын!

Хор «Наурыз айы толғанда»









Жүргізуші:

Күттіріп келген жыл басы

Бізбен бірге жырлашы.

Дастарханға елімнің,

Береке, ырыс сыйлашы.

Ата – бабам тойлаған

Әз – Наурызым, армысың!



Амина: Уа халайық, халайық

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке бұл тойдың

Шашуларын шашайық!



Райымбек: Армысың Наурыз,

Қуаныш боп, кір төрлет!

Ел болып саған,

Көрсетіп жатыр сый – құрмет!


Медина: Бауырласқа тәнтіміз,

Бұзылмаған салтымыз.

Кең даламның ежелгі,

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз.


Қазбек: Жыл басы - Наурыз, мереке!

Ақнұрғаәлембоянды

Наурызтойыбереке

Тіршілік жаңа оянды.


Арлан: Тәуелсіз биік халқымның желбіреп туы шалқысын,

Әз Наурыз келіп еліме, Жер – Ана бойы балқысын.

Жаңғырар дәстүр - салтымның көсілсін бұлақ жалғасып,

Қастерлі менің халқымның мереке Наурыз жыл басы!


Би «Қамажай»


Жүргізуші: Ұлыс күні кәрі жас

Құшақтасып көріскен

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өріскен.

Сіздердің әділ істеріңіз

Ғасырлар бойы тынбайды.

Аңыз, дастан жырлардан,

Жастар оқып тынбайды.



Нурай Жарқыраған жас нұрлы,

Жаса, Наурыз дәстүрлі.

Бақытыма шалқыдым,

Ашылады нұрымыз

Осынау байтақ елімде

Айтылады жырымыз


Марал: Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің,

Басын қосқан сан адам сан ғұрыптың.

Ұлыстың ұлы күні паш етейік,

Белгісін достықпенен мәңгіліктің.


Жаннұр: Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ

Қалыс адам қалмасын некен – саяқ.

Әншырқап, би билейік, қауымболып,

Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.


Диас: Наурыз, наурызназүнді,

Жер жап – жасыл жаз үлгі.

Жақсылықты жаранға

Жайып келші, бар ізгі.


Аяжан: Қош келдің Наурызым Ардақты

Халқым саған бар үмітін арнапты.

Жылдаосылайкелебергінжасарып,

Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.


Ән « Шақырады көктем»

Ойын «Орамал тастамақ»

Жүргізуші: Қазағымның салт – дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт – дәстүрді ардақтайық, ағайын,

Қазақ атты үлкен, кіші балдырған.

Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,

Үлкен, кіші, жасымыз, кәрімізде.

Төрлетіңізқадірмендіқонақтар,

Гүл – гүлжайнапмынабіздіңтөрімізге – депендігікезектіНаурыздағысалт – дәстүрлергеберсек.



Араби: Наурызкөк – Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасышағынғана, осы құсышығы селі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдіңбе?» деп шақырып, жемшашады.



Жанел: Наурызнама – шат – шадыман, ойын – сауық. Тойда ат – жарыс, түрлі ойындар өткізіліп, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада Қыз – жігіттер жиналып, бас қосып ұйқы ашар әзірлейді. Олуыз, етсияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селтеткізер» деп атайды.



Айсұлу: Наурызша – Наурыз айында жұп – жұқа қиықша қырбық қар түседі.

Оны халық «Наурызша» депатайды.


Айгерім: Наурыз – шыр айналған жылдың басы,

Адамның өлшенеді өмір жасы.

Қазақтың пейіліне жарасады,

Әрүйдедастарханғатолған асы.


Ескендір: Наурыз қайтып оралады, аты да аңыз,

Сұрамаймыз алғыста, ақы да біз.

Кең дастархан, даламның, сахнамыз,

Ұлы мейрам – Наурызға шақырамыз.


Сардар: Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,

Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.

Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,

Арқаңды кеңге созшы, уа халайық.


Би: «Қаражорға»


Жүргізуші:Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түнніңтең ескен көктемгі мерекесі жыл сайынасыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару мерекесі, бүкіл әлемге береке, бақыт, бейбітшілік дарытатын Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз құтты болсын.

Наурызкелді, көктемкелдіағайын!

Жадырайды, жаңғырадымаңдайым.

Назды, саздынауанНаурыз, армысың!

Ақ әже Қазақтың бірнеше салт – дәстүрлері туралы айтып береді. «Бесікке

баланы бөлеу», «Ат қою», «Тұсау кесу» рәсімдерін көрсетеді.

Жүргізуші: Ортаға сөз ізгі ниет, «Ақ бата» беру үшін Қыдыр атаға беріледі.
Армысыңдар, жамағат!

Ұлысоңболсын,

Ақ мол болсын.

Қайдабарсақжолболсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт – түлік ақты болсын!

Ұлысберекеберсін,

Бәле – жалажергеенсін»

Ұлы халқым тоқ болсын»

Көйлектерің көк болсын!

Қайғы – уайым жоқ болсын!

Қуаныштарың көп болсын!

(Әумин)


Ойын: «Сақина салу»


Жүргізуші:Наурызтойыұлыкүн,

Шырқапәнгесалайық.


Хор: «Домбырасызәнқайда»


Жүргізуші: Осымен «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» атты сынып сағатымыз аяқталды. Көңіл қойыптыңдағандарыңызға көп рахмет! Өміржастарыңыз ұзақ, ұлысбақты, төрт – түлік ақты болсын. Ұлыс береке берсін. Наурыз құтты болсын!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!