Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Не білдік? Не үйрендік?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Өткен тақырыптар бойынша білімдерін тиянақтау. Бұрын оқылған ертегілерді еске түсіру, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Логикалық ойындар, сұрақтар арқылы балалардың ой - өрісін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуды жалғастыру. Геометриялық пішіндер туралы өткенді пысықтау. Тәулік бөліктерін, жыл мезгілдерін меңгертуді жалғастыру; үй және жабайы жануарлар, көліктер туралы білімдерін бекіту; балалардың сөздік қорын кеңейту; ұқыптылыққа, мейірімділікке, шығармашылыққа, өзара көмек көрсету сезімдеріне тәрбиелеу. Көрнекілігі: шапалақ ойыншығы, қыс мезгіліне байланысты қиынды суреттер, геометриялық пішіндер, шығармашылық орталығына арналған құрал-жабдықтар. Барысы: Шаттық шеңбер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Не білдік? Не үйрендік?»

31.01.2025ж

Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша білімдерін тиянақтау. Бұрын оқылған ертегілерді еске түсіру, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Логикалық ойындар, сұрақтар арқылы балалардың ой - өрісін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуды жалғастыру. Геометриялық пішіндер туралы өткенді пысықтау. Тәулік бөліктерін, жыл мезгілдерін меңгертуді жалғастыру; үй және жабайы жануарлар, көліктер туралы білімдерін бекіту; балалардың сөздік қорын кеңейту; ұқыптылыққа, мейірімділікке, шығармашылыққа, өзара көмек көрсету сезімдеріне тәрбиелеу.

Көрнекілігі: шапалақ ойыншығы, қыс мезгіліне байланысты қиынды суреттер, геометриялық пішіндер, шығармашылық орталығына арналған құрал-жабдықтар.

Барысы: Шаттық шеңбер

Армысың, қайырымды аспан ата,

Армысың, қайырымды жер ана,

Армысың, қайырымды алтын күн,

Қуан, шаттан, алақай,

Келді міне, жарқын күн!

-Балалар, бүгінгі күніміз ерекше болмақ, өйткені бізге қонақтар келіп отыр. Не үйреніп, не білгенімізді ойындар ойнау арқылы көрсетейікші. Ендеше, сәттілік тілеймін.

Сұрақ-жауап:

- Неше жыл мезгілі бар?

- Бір аптада неше күн бар?

- Бүгін аптаның қай күні?

- Қай мезгілде Жаңа жыл мерекесін тойлаймыз?

- Қай мезгілде қар жауады ?

- Балабақшаға қай уақытта келесіңдер?

- Қай уақытта далаға серуенге шығамыз?

- Бақшадан үйге қайтатын уақыт?

- Қараңғы түсіп, бәріміз ұйқыға бататын кез?


Ойын: “Қай мезгіл?”

Қар жауды, күн салқындады. Ағаштар ақ көрпеге оранды. Балалар шанамен ойнайды. Боран соғады. Аққала жасады.

Ал енді мәтінді іс жүзінде көрсетейікші. (балалар тәрбиешінің мазмұндауы бойынша керекті суретті тақтаға іліп отырады)

-Күн қандай?

-Күн салқын.                                 

-Ағаштардың түсі қандай?

-Ағаштар ақ болады.   

- Аққаланы неден жасайды?

-Ақ қардан жасайды.               

ыста қандай қандай ойындар ойнаймыз?

- Шана, шаңғы, коньки.

-Енді қарайықшы, бұл қай мезгіл?

-Қыс мезгілі.

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Үш ай.

-Қазір қандай ай?

-Қаңтар.

Сергітусәті: Әуенмен серігіп алады.

Логикалық сұрақтар:

  1. Қант тәтті, ал тұз….

  2. Күндіз дала жарық, ал түнде….

  3. Апельсин тәтті, лимон….

  4. Жазда күн ыстық, қыста....

  5. Бір қолда неше саусақ?

  6. Әкеңнің анасы саған кім болады?

  7. Машинада неше дөңгелек?


-Керемет, жарайсыңдар.

-Келесі ойынымыз «Қандай ертегі?» деп аталады.

Шарты: ертегіге байланысты жұмбақ айтамын, сендер шешуін табасындар және қысқаша мазмұндау.

1. Қалың орман ішінде

Тұрады екен ата мен әже. (Бауырсақ)

Киіпкерлерін атайықшы.

-Аю , түлкі, қасқыр, қоян (аюлар сияқты маймақ болып жүру);

-Аюлар қандай жануар, олар қайда өмір сүреді?


2. Атасы ары тартады, бері тартады бірақ қозғалта алмайды.

(Шалқан)

  • Үй жануарлары туралы еске түсіру. (Ит,Мысық)

  • Тышқанның көмегі қажет болдыма?


3. Жер тесер тышқан көріп қалып, бұл қандай әдемі үй деп таң қалды.

Қандай ертегіден үзінді?

-Ал балалар, үйшік ертгісінде үйшікті қиратқан не еді?

-Ендеше, біз де оларға көмектесейік үйшік құрастырып.

-Үстел басына келіңдер.


«Үйшік» ертегісі желісі бойынша, пішіндерден үй құрастырып, ертегі кейіпкерлерін өз орындарына орналастырып берейік.

-Енді, үйшік құрастыру үшін қандай пішіндер қолдандыңдар? (пішіндерді айтқызу)

* Ертегі кейіпкерлерін кеңістікті бағдарлай отырып қайсысы қалай орналасқанын сұрап өту.


Логикалық сұрақтар:

  1. Үшбұрыштың неше бұрышы бар?

  2. Ал дөңгелекте?

  3. Бауырсақты не жеп қойды?


-Жарайсыңдар балалар.

«Көліктер» ойыны.

Шарты: қағаз қиындыларын құрастырып, кім қандай көлікпен келгенін көрсету және көлеңкесін тауып, көлік түрлерін атау.


Шығармашылық орталығы.

Көліктің бейнесін әртүрлі тәсілмен бейнелеу.

1-үстел, сурет салу;

2-үстел, көлікті қиып жабыстыру;

3-үстел, ермексаз арқылы көліктің ашық қалған бөліктерін толықтырып мүсіндеу.


Қорытынды.

Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау, мадақтау.










































КҚК №1 «Гүлдер» балабақшасы

Бекітемін: --------------------

МКҚК №1«Гүлдер» балабақшасы

меңгерушісі: Онбаева С.К.













Тақырыбы: «Не білдік? Не үйрендік?»

«Жұлдыз» мектепалды даярлық тобы













Тәрбиеші: Аккенжина Т.Т.









2024-2025 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12