400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Тақырыбы: "Ойлы бала озар" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ойлы бала озар" бастауыш сынып және өзін - өзі тану пәні мұғалімдеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: №137 НОМ Мерзiм: № 3 сабақ

Тақырып: Ойлы бала озар.

Құндылық: Дұрыс іс – әрекет 

Қасиеттер: Шыншылдық, жауапкершілік,шыдамдылық.

Мұғалiм: Сәменова Г.М Сынып 4 Оқушылар саны _____


Мақсаты: «Ой» ұғымының құндылық ретінде мәнін ашу.

Міндеттері:

* Терең ойдың,ойлаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

* Ойлай білу іскерліктерін дамыту;

* Ойлылыққа тәрбиелеу

Ресурстар:

үнтаспа, оқулық, дәптер, қағаздан жасалған қармақ, алтын балықтар.

Сабақтың барысы:

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi. ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.

Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақ барысын талқылау:

Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау





Дәйек сөз.

«Ұлы Абайдың «Терең ой-асыл іс» деген нақыл сөзіне оқушылырдың зейінін аудару және оның мәнін түсіндіру. Тапсырма Оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беретін тапсырма ұсыну: «Ойлау арқылы адамзат қандай жетістіктерге жеткенін айтып беру».


Әңгiмелеу (сұхбат).

Мұғалім сыйы. Данышпан диқан



       Мұғалім білімнің адамға пайдасын түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізіледі. Төменде ұсынылған өлеңді бәрі бірге айтады. 
Мақал мәнісі 
«Кітап – білім бұлағы, Кітаппен достас мәңгілік. Білім – өмір шырағы».

Жадыңа білім жаңғырып, Осы мақал мәнісі Оятар сана – сезімді. Қалай, - деп інім сұрады. Танырсың жатты, өзіңді, Болғың келсе білімді, Ашарсың сөйтіп көзіңді. С.Баязитов 
Сабақта әңгімелесу әдісін өткізу үшін мынадай сұрақтар ұсынылды: 
• «Білекті – бірді жығар, білімді – мыңды жығар» деген мақалды қалай түсінесіңдер? 
• «Кітап – білім бұлағы, білім өмір шырағы», - дегенді қалай түсінесіңдер? 
• Білімнің адам өміріне қандай пайдасы бар? 




Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларды «Адам ойлылығын іс-әрекетінен, ақылынан көруге болады. Әр ісін ойлап,ақылмен істеген адам айналасындағыларға сыйлы болады. Ол өз мақсатын айқын көріп, мұратына жете алады.» - деген жаңа ақпаратпен таныстыру.





Дәптермен жұмыс Асан мен Үсеннің бойындағы қасиеттерді жазу.


Қорытындылау

-Бүгінгі сабақта ойлану мен терең ойдың мәнін түсіндік және оған қол жеткізудегі адами қасиеттер туралы білдік.


Топпен ән айту. Жас ұландар жыры

Сөзін жазған А.Байғожаев. Әнін жазған Ә.Молдағайынов


Үй тапсырмасы.Сурет салу.


Соңғы тыныштық сәтi. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды айналамыздағы адамдарға жеткізу үшін оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы іс істейік.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде) Рахмет!Көздеріңізді ашуларыңызға болады.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
994
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі