400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы: «Ойыншықтар әлеміне саяхат».

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжирбие алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тәрбиеші: Жумабекова Бота Сериковна.

IІ-кіші «Достық» тобы

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық».          
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Ойыншықтар әлеміне саяхат».
Мақсаты: Ойыншықтарды сипаттап айтуға үйрету. Қандай? сұрағына жауап беруге және жалғау, жұрнақтарды сөздерге дұрыс жалғап айтуға үйрету. Ұқыптылыққа баулу.
Көрнекіліктер: ойыншықтар, үлестірмелі суреттер.
Сөздік жұмыс: ботақан, машина, доп.
Билингвалды компонент: ботақан – жеребенок, доп - мяч.
Мотивациялық – қозғаушылық.
Шаттық шеңбер:
Топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық!
Жаса, жаса алтын күн!
Жаса, жаса жарқын күн!
Ұйымдастырушылық ізденістік:

Осы кезде Ақзере жылап келеді мен ойыншығымды ойнап жүріп жоғалтып алдым.
Ақзере сен жылама сенің ойыншығыңды тауып береміз, балалар Ақзереге көмектесеміз бе?
Ойыншығын тауып беруге және ойыншығын табу үшін өзімізбен бірге саяхатқа алып шығамыз ба?
Жарайсыңдар балалар ендеше ойыншықтар әлеміне саяхатқа жол тартайық.
Үш столда ағаштан, резеңкеден және пластмасса мен шүберектен жасалған ойыншықтар тұрады.
Балалар мына жердегі не екен қарайықшы жаймендеп бетін ашайықшы және Ақзеренің ойыншығын іздейік.
Балалар мынау қандай ойыншық?  Түсі қандай? Пішіні қандай? Неден жасалған? Ақзере осының ішінде сенің ойыншығың бар ма?
Ақзере: Көре алмай тұрмын өз ойыншығымды.
Бұл доп. Пішіні дөңгелек. Резеңкеден жасалған. Түсі сары.
Жарайсыңдар, ендеше мына столдағына көрейік. Мынау қандай ойыншық? Пішіні қандай? Неден жасалған? Түсі қандай? Ақзере осының ішінде сенің ойыншығың бар ма?

Ақзере: Мына ойыншықтардың ішінен таба алмадым.
Домбыра. Сопақ пішінді. Ағаштан жасалған.Сары.  Сандық. Төрт бұрышты. Ағаштан жасалған. Түсі көк.
Үшінші столды қарайықшы
Балалар мынау қандай ойыншықтар? Неден жасалған? Түстері қандай?
Ақзере осының ішінде сенің ойыншығың бар ма?
Ақзере: Алақай, менің ойыншығым табылды.
Мынау менің ойыншығым. Балалар рахмет сендерге ойыншығымды табуға көмектескендеріңе.
Машина, қуыршақ. Машина темірден жасалған қатты. Қуыршақ шүберектен жасалған жұмысақ.
Жарайсыңдар балалар әр түрлі ойыншық түрлерін көрдік. Бұлар жай ойыншықтар емес сиқырлы ойыншықтар. Ендеше балалар ойыншықтар түрлерін көрдік, сипаттама бердік. Енді ойыншықтар туралы тақпақтарымызды айтайықшы.
Жанбота: Добым, добым домалақ,
Қайда кеттің домалап.
Қызыл, жасыл, сары көк,
Сенімен ойнайтын бала көп.
 Нұрислам: Ойыншықтар қандай, қандай,
Қызыл, жасыл, сары, көк,
Түрлі–түсті түстері
Көз тартады өздері.
Балалар біз ойыншықтар әлеміне саяхатқа шығып, ойыншықтар түрлерімен таныстық. Ойыншық түрлерін, пішінін, неден жасалғанын білдік.  Айзеренің ойыншығын тауып бедік.  Енді тобымызға оралып өнер орталығында ойыншық түрлерін бояық.
Жұмысымыды бастамас бұрын бойымызды сергітіп алайық:
Сергіту сәті:
Тікірейіп құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады.

Балалар өнер орталығына отырып, өздеріне ұнайтын ойыншықтың суретін бояйды.
Қортынды: Ойыншықтар бізге ренжімеу үшін не істеуіміз керек?! Оларды лақтырмаймыз, сындырмаймыз, жуамыз. Біздің топта ойыншықтардың өз орны бар. Біз ойнап болғаннан кейін, оларды жинап орнына апарамыз. Біздің ойыншықтар таза. Олар бізге ренжімиді.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: Ойыншықты сипаттауды.
Түсінеді: ойыншық туралы түсінікті,
Қолданады: өлең жолдарын жаттауды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
518
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі