400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: "Өмір, сен маған қымбатсың!"

Материал туралы қысқаша түсінік
өмір адам баласына бір ақ рет берілетін қымбат сый екеніне ықпал ету. - адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту . Жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту . - балалардың ойын ашу , өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру .
Материалдың қысқаша нұсқасы



№2 орт мектеп




Психологиялық тренинг

Тақырыбы: "Өмір, сен маған қымбатсың!"




Педагог-психолог: Тоқпақова А.







2020 оқу жылы


Тақырыбы: "Өмір, сен маған қымбатсың!"

Мақсаты :

- өмір  адам  баласына  бір ақ  рет  берілетін  қымбат  сый  екеніне ықпал  ету.

- адам  бойында  болатын асыл  қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік  сезімдерін  дамыту . Жақсы  қасиеттерді  үйрету, жаман  қасиеттерден  жиренту .

- балалардың  ойын  ашу , өмірге  деген  көзқарастарын  қалыптастыру .

Көрнекілік  :           “ Өмір  -  қымбат  сый ”.

                       “...Әрбір  қиын  мәселенің  шешілетін  жолы  бар .”

                       “ Өз  өмірің , өз  әлемің  өз  қолыңда .”

                       “ ...Өмірдің  барлық  сәтсіздіктері  бақытсыздық  емес .”

                      деген  нақыл , мағаналы  сөздер  жазылды .

Психолог сөзі :  - Өмір – ол  адамға  бір – ақ  рет  берілетін  баға  жетпес  қымбат  сый . Осындай  сыйды  саған  сыйлаған  кім ?... Әрине  саған осындай  баға  жетпес  сый  сыйлаған  ең  қымбат  адамдарың , ол  сенің  ата – анаң .Сондықтан  оларды  ренжітпеуіміз  керек ,айтады – ғой,

“Анаңды  үш  рет  Меккеге  арқалап апарсаңда борышыңды өтей алмайсың”  -деп. Себебі , біріншіден  ол  саған  “өмір”  сыйлады , саған  жарық  дүние көрсетті , сені  өсірді , сенің  ыстығыңа  күйді , суығыңа  тоңды, түн ұйқы-

сын  төрт  бөліп  сені  аялады , тәрбиелеп  өсірді .

   Егер  саған  анаң  осындай  баға  жетпес  сый  сыйласа , сен  соған  лайықты  өмір  сүруге  тиіссің.

    Өз  өмірің , өз  әлемің  өз  қолыңда ! Біреуге  ренжіп ,біреуді  кінәлап , мін

тағу  дұрыс  емес . Өмірдегі  қайғыны , қиындықты , сәтсіздікті  көтере  білу  керек. Жаңа , жақсы  ойлар  ойлау  керек.

 Адам  өмірі  жеңіс пен  жеңілістен , сәттілік  пен сәтсіздіктен , қайғы  мен  қуаныштан  құралады . Міне  өмірдің  өзі  біле – білсең  сонысымен  қымбат.

  Енді  осы  өмір  туралы  ойларымызды  тренинг – жаттығу  жасау  арқылы  жалғастырайық .

“ Ойлануға  арналған  балықтар ” жаттығуы.  ( сұрақ – жауап  түрінде )

-         Өмір  дегеніміз не , қалай  түсінесің ?

-         Өмір  сүру  жақсы ма ,әлде  жаман ба ?

-         Сен  бақыттысың ба ?

-         Сені  не  қобалжытады , сондай  кездерің  болады  ма?

-         Өз - өзіне  қол  жұмсау  ерлік пе ,әлде  әлсіздік  пе ?

-         Егер  саған  біреу  қатты дауыс  көтеріп  ұрысса , сен  не  істейсің ?

-         Сенің  мінезіңнің  жаман , жақсы  жақтары  қандай ? 

-         Келешекте  сен  өз  өміріңді  қалай  құрар  едің ?

Психолог сөзі :  Сонымен  өз  ойларыңмен  бөлісіп , пікірлестіңдер,өмір  сүру  үшін  күйретуші  ойлардан  аулақ  болуымыз  керек  екен  ұқтыңдар.

Мазасыз  жаман , жағымсыз , мағынасыз  ойлар  адамды  психикалық , тәндік  жарақатқа  шалдықтырып , тіпті  өлімге  әкеліп  соғады .

Өздерің  ойлаңдаршы ? Сонда  не  өзгереді ? Одан  сен  не  ұтасың ?

Оның  кімге  пайдасы  , кімге  зияны  тиеді ? ...

 Ештеңе де  өзгермейді , ештеңе де ұтпайсың , еш  пайдасы  жоқ , керісін -

ше  өзіңе   жақын  адамдарыңа  зияныңды  тигізесің .

Әрине  дұшпаныңа  күлкі , достарыңа , ең  қымбат  адамыңа , ата – анаңа,

бауырларыңа  орны  толмас  қайғы ,  қасірет  әкелесің , одан  басқа  ештеңе  жоқ. Өмірдегі  кездесетін  сәдсіздіктерді  уақытша  қиындық  деп  қабылдау  керек. Әр  нәрсенің  ақырын  шыдамдылықпен  күтіп ,не  істесеңде  ойланып  істеуге  үйрену  керек.  Сабырлы , шыдамды , төзімді  болуды  үйрен .

  Өмірде  бәріде  өткінші  екенін  ұмытпа . Ерте ме , кеш пе ол  дүниеге бәрі- бір  барарымыз  анық ,  сондықтан  асықпа .Сол  өлшеулі  уақытқа  дейін бә-

ріне  төзуіміз  керек.

Мысалы : Дінде  “ Алла  саған  өмір  берді , сол  Алланың  бұйрығымен өмір- іңді  Алла  ғана  алады .” делінген.  Өз -өзіне  қол  жұмсау  кешірілмес  үлкен  күнә болып  есептелінеді  Міне сондықтан  ондай  ойлардан  аулақ  болайық.

   Әрі қарй  ой  бөлісу , пікірлесу  үш  тағы  жаттығу  өткіземіз.

“ Сөйлемді  жалғастыр ”  жаттығуы .( жазылған  сөйлемді  өз  сөзімен толық-

тырып  жазып , ой  қорту .)

           -  Жақсы  өмір  - бұл   .....

           -  Баққытты  адам  - ол  ......

Психолог сөзі : Әрине  өмірдің  барлық  сәтсіздіктері  бақытсыздық  емес .

 Өмір - өзен  ағып  жатыр , тынбайды ,

 Өмір  болмас  қасіретсіз , мұң  қайғы ,

 Сондықтан да , өз - өзіңе  абай  бол ,

Өмір  сені  сонда  ғана  шыңдайды .  - деп  ақындар  жырлағандай , Өмір - арнасы  кең  өзен , сол  өзеннен  өз  арнаңды  тауып  ағу  сенің  басты мақсатың. Ал өз мақсатыңа  жету  оңай  емес , ол үшін  қандай да бір қиын-

дықтарға , кедергілерге  кездесуің  мүмкін .Ал  енді  біреулерге  қиындықтар

кездеспеуі де  мүмкін . Сондай  кездерде  біреулерге  қызғаншақтық , көреал-

маушылық  танытпа ,өз  мақсатың  үшін  күресе  біл .Өзіңнің  күшті  жақта-

рыңды  көрсет , әлсіздік , шарасыздық  танытпа . Сен  өз  өмірің  үшін  өмір  сүруге  тиіссің . / “Екі  бақа” аңызы  мысалға  келтіріледі ./

  Ал сен  біреуге  ренжіп  неге оп оңай  өле  салуың  керек , бақа  ғұрлы  жоқ-

сың ба ? Бақа да  өз  өмірі  үшін  күресіп  ақыры  жеңіске  жетті .

Адам  өзін - өзі  тәрбиелеуі , алдына  мақсат  қоя  білуі  керек. Сол  мақсатқа

жету  үшін  адами  құндылықтарды  бағалай  отырып , “өз  өмірім  өзіме  құнды ” деген  қағиданы  басты  назарда  ұстауы  қажет .

 Біз  өмірде  өзімізге  мақсат  қоя  білеміз бе ?  осыны  тренинг  жаттығу  жүргізу  арқылы  тексеріп , дәлелдеп  көрейік .

       “ Егер  сен  ағаш  болсаң ” тренинг . балалар ,(жапырақ , діңгек , тамыр) біреуін  таңдаулары керек , неге  таңдағандарын  айтып  түсіндірулері  қажет.

       жапырақ  - ол  көктейді , гүлдейді;

      діңгек  -  барлық  ауыртпашылықты , жпуапкершілікті  көтереді ;

      тамыр – ол арқылы  бүкіл  ағаш  қоректенеді ;

Келесі  тренинг  “ Менің  мақсатым .”  Сендер  әрбіреуің  бір – бір  үйдің  гүлісіңдер , сондықтан өз  мақсаттарыңды   берілген  гүлдерге  жазып  осы   ағашқа  ілулерің керек .

Психолог  сөзі :  Осы  мақсатымызға , арманымызға  жету  үшін  не істеуіміз  керек.?  Ол үшін  ең  бастысы  денсаулығымызды  сақтауымыз  керек.

Өмір  арпалыс , күрес .Бұл  табиғат  заңдылықтары .Өмірде  мойымағандар

тарихта  аттарын  қалдырып  кеткен , ел  есінде  сақталған  адамдар .

Сондықтан  осындай  адамдарды  өздеріңе  үлгі  тұтыңдар .

     Қане  кімде  осындай  үлгі  тұтар  адамдарың  бар ? ( қысқаша  өнегелі  өмірлерін  айтып  беру .)

Адам  өзіне - өзі ,өз ісіне  сенімді  болуы  керек , олай  болса  келесі  жаттығуымызды  жасайық .

“ Өзіндік  бағалау  маршы ”  жаттығуы .

мақсаты:  өзіне  деген  сенімділігін   дамыту .

Психолог  сөзі :   Қымбатты  балалар !

                             Өмір – көпір , от  үстіне  салынған ,

                             Діңгектері  зәндем  отқа  малынған .

                             Қоқу  білме , аяқтарың  таймасын ,

                             Ойнап  отпен , шарпу  көрме  жалыннан !  дей  келе  сендерге  мынадай  психологиялық  кеңес  беремін , етеріңе  ұстаңдар .

 Психологиялық  кеңес :  қызықты  өмір  сүру  үшін   ...      - ай сайын  жаңа  кітап  оқы , оқығандарыңды  көңіліңе  тоқы ,

   - икемің  бар  іспен айналыс , мыс. (ән  айту , би  билеу , шеберлік істер )

   - әрбір  демалыс  күніңе  жоспар  жасап, қызықты  өткізуге  тырыс ,

   - ертеңгілік  жаттығу  жаса , сергек  жүресің ,

   - ата – анаңа , бауырларыңа т.б. жақындарыңа  көмектесіп  тұр.

   - әр айдың бір  күнінде  өзіңді  басқа  біреудің орнына  қойып  көр , содан     

    өзгеше  ойлап , тәлім  алуға  тырыс ,

   - әр  күні  кешке “ мен  бүгін  не істедім?” деп  өзіңе  есеп  беріп  үйрен ,

    - күнделік  жазуға  дағдылан , ол  сенің  ең  сенімді  серігің  бола алады .

Енді  осы  бүгінгі  іс – шарамыздың  соңында   “ Өкпені  еріту ” және 

 “ Тазару ”   жаттығуларын  жасайық.

 Олай  болса  балалар  бүгінгі  күнімізге  ризамыз ба ?

      Бәріміз    РИЗАМЫЗ  деп үш рет  қайталап  айтамыз.

 

Өмірің өз қолыңда

Жүректерде жатсадағы үн қайнап,
Сезім шіркін селіт еткізбес тіл байлап,
Өз бақытын өршіл кеуде табарма,
Кете берсе махаббаты қыр бойлап.

Кеткен кезде қараңғы бір түн аунап,
Жарықтанар көлеңкесіз бір аумақ,
Әйгілейді қасиетін сол кезде,
Әр кеудеге жасырынып тұнған бақ.

Деймізде кеп сол сәт елес күтеміз,
Жүректкрді жұптаймыз кеп кіл егіз,
Махаббат бізді сарпалдаңға салса егер,
Онда өмірді қатігез деп білеміз.

Бірақ біздер жүректердің талғамын,
Білеміз бе қырлы қатпар барлауын,
Қырлы қатпар қайшы келсек біріне,
Шығып кетед, өміргеде марғау үн.

Бірақ өмір еш себепсіз мін қайда,
Болама жан өмірді өзі ылғауға,
Болса егер алты миллиард ғұмыры,
Ұшырайды тіршілікте былғауға.

Өмір емес әр адамның өзі мін,
Өр талғамын басқарады, өз жүрегі өзінің,
Өмір оның тұсап тастап адымын,
Бұрмақ емес қарашығын көзінің.

Сондықтанда ей, адамзат ойлағын,
Өмір сыры терең соған бойлағын,
Тағдырыңды өз қолыңмен жасайтын,
Ғұмырыңды жасампаздық жоймағын.

Ғұмырыңды жасампаздық жоймағын,
Жой
ылса егер қалмас сірә бойда құн,
Жүрекпенен миға кезек ой таста,
Өміріңді өз ырх
ына қоймағын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
3760
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі