жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тақырыбы: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды биология сабақтарында қолданудың нәтижелері
Баяндама
Тақырыбы: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды биология
сабақтарында қолданудың нәтижелері
«Оқу мен жазу арқылы сыни
тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының ерекшеліктері
Бүгінгі таңдағы білім беру – өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-ойы мен
дамуының, мәдениетінің деңгейін анықтаушы фактор. Мемлекетіміздің
елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай, экономиканың қарқынды дамуы үшін
қазіргі нарық қатынасы талаптарына жауап бере алатын, сыни ойлана
алатын, шығармашыл адамдар қажет.
Білім берудің негізгі мақсатына қатысты қазіргі қоғамда жаңа ұғым
пайда болды. Мұғалім ең алдымен оқушыда өзін-өзі дамыту қабілетін
қалыптастыруға ат салысу керек. Өйткені, бұл тұлғаны ұлттық және
әлемдік мәдениетке үйлесуге апаратын сара жол. Бүкіл дүние
жүзіндегі болып жатқан осындай құндылықтардың өзгеруі жаңа ғасырға
жас ұрпақты дайындау міндетімен байланысты. Біздің қоғамға жаңа
мағлұматтарды қабылдап қана қоймай, оны ойлана отырып, сыни
талқылап, ой елегінен өткізе білетін оқушылар керек. Яғни, оқушылар
мағлұматтар мен идеяларды өз беттерімен, тәуелсіз меңгеріп, осы
алған мәліметтері пайдалы болатындай ойланулары керек. Олар жаңа
идеяларды әр түрлі көзқараспен зерттеп, шынайылығы мен пайдасын
талқылап, идеяның жалпы құндылығын анықтай алулары қажет. Жиырма
бірінші ғасырға аяқ басқан жас ұрпақты жарқын болашақта лайықты
өмір сүруге жақсылап дайындау білім беру саласында қызмет атқарып
жүрген кез-келген маман үшін кезек күттірмейтін мәселе. Яғни,
гуманизм мен демократия идеялары басты бағыт болып тұрған жаңа
ғасырда білім беру жүйесіне де жаңа тәжірибелер енгізу керек. Сонда
ғана болашақта нәтижелі жұмыс атқарамыз. Осыған байланысты «Сыни
тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасы арқылы оқушылардың құзіреттілігін
қалыптастыру жолдары деген тақырыпта мақала жазылған еді. Дегенмен,
мұғалімдер осы жобамен жұмыс істеу үшін оның теориялық, әдіснамалық
ерекшеліктерін білулері керек деп ойлаймыз. Сондықтан да «оқу мен
жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының ерекшеліктері
тақырыбының төңірегінде сөз қозғайық.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің
түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі.
Тәжірибені жүйеге келтірген АҚШ ғалымдары Джинни Стилл, Куртис
Мередит, Чарльз Темпл. Бұл жоба атақты ғалым зерттеушілер Ж. Пиаже
мен Л.С. Выготскийдің даму теорияларын басшылыққа алады. Сыни
тұрғыдан ойлауды дамыту жобасының мақсаты барлық жастағы оқушыларға
кез келген құбылыс пен заттарға, әрекет пен мазмұнға сыни тұрғыдан
қарап, көптеген пікірдің ішінен біреуін таңдауға саналы шешім
қабылдауға сабақтарда үйрету.
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасымен жұмыс істеу үшін осы ұғымның
сырын түсініп алуымыз керек. Көптеген зерттеуші ғалымдар «сын
тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып,
оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға
қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен
тепе-теңдікте ұстап зерт-теу, оларға сеніммен қарау деп
түсіндіреді. Сындарлы ойлау ой-дамытудың негізі әрбір тұлғаның
терең білімділігі мен тәжірибесінде. Сын тұрғысынан ойлауды
көптеген мұғалімдер мен зерттеушілер «сынау» деген ұғыммен
шатастырады. Сондықтан да жұмыстарының нәтижесін көре алмайды. Сыни
ойлауға ғалымдар әр түрлі анықтамалар береді. Солардың ішінде
психолог ғалым В.Г. Крутецкийдің берген анықтамасы біздің
көңілімізден шықты. Ол: «ойдың сыншылдығы – бұл адамның өзінің және
басқалардың ойларын белсенді бағалау дағдысы, барлық ұсынылған
ережелер мен қорытындыларды нақты және жан-жақты тексеру» дейді.
Сыни тұрғыдан ойлау – шыңдалған ойлау. Бірақ бұл деңгейдегі ойлау
тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау
дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған
жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі
бір
жетістіктерге жетері
сөзсіз.
Ойлау үрдістерін өз бетімен ұйымдастыру ең алдымен бірлескен оқу
әрекетінде пайда болады. Оқушы әрекеттің мақсаттары, құралдары мен
шарттарының арасындағы қатынасты біртіндеп түсіне бастайды. Қазіргі
кезде балада ойлаудың ерекшеліктерін жоғары қарқынмен мақсатты
қалыптастыру мүмкін екені дәлелденіп отыр. Ойлау – бұл оқуға, жазу
іскерлігіне, сөйлеу мен тыңдауға ұқсас үрдіс.
Сыни ойлау және оқыту мұғалімдер идея мен тәжірибенің әртүрлілігін
түсінгенде және қолданғанда пайда болады . Сыни ойлауға оқыту –
жеңіл міндет емес. Оны белгілі кезеңде орындап, кейін ұмытып кетуге
болмайды. Сыни ойлауға апаратын қатаң реттелген қадамдар тізімі
жоқ. Дегенмен сыни ойлауды дамытатын оқу шарттары бар екенін естен
шығармау керек. Олар төмендегідей:
1. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат
беру.
2. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
3. Оқушылардың оқу үрдісіндегі белсенділіктерін мадақтау.
4. Оқушыларға мысқылсыз еркін атмосферада жұмыс істейтіндіктеріне ке-пілдік беру.
5. Сыни ойлау тәжірибесі үшін
уақыт пен мүмкіндіктер қамтамасыз ету.
6. Кез-келген оқушының сыни шешімді қабылдай алатын қабілетіне
сенімдік білдіру.
7. Сыни ойлауды бағалау.
8. Тиімді сыни ойлауға қатысу үшін оқушылар өздеріне деген
сенімдерін және өз пікірлері мен идеяларының құндылықтарын түсінуін
арттыруға, оқыту үрдісіне белсенді қатысуға, басқалардың пікірлерін
сыйлауға, пікірді қолдауға және құрастыруға дайын болулары
керек
Сыни тұрғыдан ойлау-Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың ,тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім.Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді «Шығармашылық жұмыс-ұдайы оқумен, үйренумен қоса жүргізілетін ауыр еңбек» деп қазақтың біртуар азаматы Ғабиден Мұстафин айтып кеткендей оқыту барысында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды жүйелі ұйымдастыру және оны болашақ кәсіби бағдарымен сабақтастыра қарастыру мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. СТО технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдана отырып оқытуда мұғалімнің сабақта біраз жетістіктерге жетуіне мүмкіндік мол. Мұғалім әр сабаққа шығармашылықпен баруы керек, өйткені сабақ-мұғалімнің өнері, шығармасы. Мұғалім еңбегінің түпкі нәтижесінің көрінісі-оқушылардың шығармашылықпен айналысуы.
Биология пәнінде сыни тұрғысынан ойлау әдісі несімен ерекшеленеді?
1. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.
2.Сыни тұрғысынан ойлау өз пікірімен қатар өзгелердің де пікірін ескеріп, өзінікі қате екендігіне объективті түрде көз жеткізіп бас тарта білу.
3.Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақ қоя біледі.
-Мен не білемін? -Мен жаңадан нені білдім? –Білімім қаншалықты өзгерді? -Мен осы білімімді өмірде қалай пайдалана аламын?
. Балалардың сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерінен табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктері:
Ұтқырлық:ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу, үзілді кесілді жауаптарды іздеудің орнына сұрақтар қою; дәлелдерді талап етіп, кез келген дәлелді есепке алып отыру; эмоцияға емес, себепке негізделу.
Сыңаржақтылықтың болмауы: барлық қорытындыларды бағалау; болжамды көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын қарастыру; баламалы интерпретацияларға ашық болуға ұмтылу.
Пайым: дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау;балама жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды екеендігін немесе артықшылығын мойындау.
Тәртіп: тиянақты,нақты және жан-жақты болу
Өзіндік сана-сезім:өзіміздің эмоциямыз бен көзқарасымыздың, сеніміміз бен болжамдарымыздың субъективті екенін сезіну. Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады,олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады;олар ауызша,жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады.
Сыни тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы тиіс:
1.сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
2.оқушыларға ойланып-толғануға,ойын ашық айтуға рұқсат беру керек.
3.әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
4.үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.
5.кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды елемеуге тырысу.
6.оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлеллді, дәйекті болуын талап ету.
7.сыни тұрғыда ойлуды бағалау.
Сын тұрғысынан ойлау қызығушылықты ояту,мағынаны тану,ой, толғаныс кезеңдерінен түзіледі.Осы кезеңнің мақсаты бұрынғы білімің жаңа біліммен ұштастыру .Қызығушылықты ояту.Сабақта оқушы нені біледі, тақырып бойынша не айта алады,соны анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғап ояту арқылы жүзеге асады. Осы кезеңде «түртіп алу», «топтастыру», «жұпта талқылау» т.б. әдістер қолданылады.Сабақтарымды сыни тұрғыдан ойлау әдістерін пайдалана отырып өткізудіңнәтижесі төмендегідей:-сабақ жан-жақты өтеді;-оқушылардың пәнге қызығушылығы артады;-сабақты қабылдау, тыңдау,есту,оқу,жазу және ойын білдіру деңгейі жоғары;-өз бетінше шешім қабылдайды. Сыни тұрғысынан ойлау жүйесімен жұмыс істейтін мұғалімдерге қойылар талаптар: -сабақты түрлендіре білуі; -оқушы алдында еркін сөйлеуі; -өзіне деген сенімділік; -өз ойын жинақтап ,жеткізе білу; шығармашылықпен жұмысістей алуы. Дегенмен, ХХІ ғасыр қарыштап дамыған білім ғасыры. Бүгінгі жастардың өмірден үйренері көп. Сондықтан олар мұғалімге, оның өткізген әрбір сабағына сын көзбен қарайды. Оларды таңдандыру, қызықтыру үшін әрбір сабақ жаңалық болуы керек. Сабақтарды сыни тұрғыдан ойлау технолгиясын қолдану оқушылардың білім алуға қызығушылығын оятып, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытып, белсенділігін арттыратын, жан-жақты тұлға етіп тәрбиелеуге бағытталған әдіс деп қарастырылады. Ұлы ойшыл психологтар айтпақшы, «Мұғалім бала жанының инженері» деген сөзі еріксіз еске түседі. Алдында мақсат қойып, соған қарай ұмтылған ұстаз әрқашанда өз биігінен көрініп, ел аузынан түспей кейінгі ұрпақтың өнегесі мен мақтанышы болып қалатыны хақ.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген