Материалдар / Тақырыбы: «Өрт қауіпсіздігі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: «Өрт қауіпсіздігі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Өрт қауіпсіздігі Сабақтың мақсаты мен міндеті: Білімділік: Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру болып табылады. Дамытушылық: ой - өрісін, дүниетанымын дамыту; Тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2022
797
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
“Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі” КММ



Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Өрт қауіпсіздігі»


Сабақтың тақырыбы: Өрт қауіпсіздігі
Сабақтың мақсаты мен міндеті:
Білімділік: Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру болып табылады.
Дамытушылық: ой - өрісін, дүниетанымын дамыту;
Тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақты жүргізу әдісі: түсіндіру, презентация түрінде көрсету.
Сабақтың өтілу формасы: ұжымдық.

Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылардың сабаққа дайындығын пысықтау.
ә) оқушыларды түгендеу

ІІ. Өткенді пысықтау, жаңа сабаққа дайындық кезеңі.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Өрт қауіпсіздігі.
Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Өрт уақытымен және кеңістікте көбейетін, жанудан бөлек масса және жылу ауысуын қосатын, ауыр физико - химимялық процесс. Өрт оқиғалары негізінен тұрғын секторда туындап отыр. Яғни, өрт басқа орындарға қарағанда азаматтардың үйлерінде жиі орын алады. Оның себептері де әр түрлі. Оның ішінде басты 4 себепті айтуға болады: 1. Отты абайсыз қолдану; 2. Пештің ақаулығы; 3. Электр желілері мен құралдарын пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау; 4. Балаларды қараусыз қалдыру болып табылады.

Ең бастысы, үйде от жағылып, қыс бойы пайдаланылатын пеш ақаулы болса, онда ол өрттің баспанада орын алуына бірден - бір себепші. Үйдегі пешке аса үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Пеш жаздың күні міндетті түрде жөндеуден өткізілуі тиіс. Балаларға пешті қарауға және жағуға тиым салынады.


Өрттерді сөндірудің негізгі құралдары:
Су — өртті сөндірудің негізгі құралы. Су электр өткізгіш, сондықтан оны тоқта тұрған жүйелер мен жабдықтарды сөндіруге пайдалануға болмайды. Электр сымдарға судың түсуінен қысқа тұйықталуы болуы мүмкін.
Құм — өрттің шағын ошақтарын сөндіру құралдарының ең қарапайымы болып табылады. Оның отты сөндірудегі әрекеті — ол жанғыш затты салқындатады

Химиялық көбіктің құндылығы оның төзімділігінде, тұтқырлығында, жеңілдігінде болып табылады, ол жанған затты толығымен тығыз жауады және оған ауа жібермейді.
Көмір қышқылды өрт сөндіргіштер химиялықтармен қатар айтарлықтай таралған. Олар химиялық зертханаларда, кітапханаларда, мұражайларда және басқа да жайларда кеңінен қолданылады. Бұл өрт сөндіргішті қуаттандыру үшін үлкен қысымда тұрған сұйытылған көмір қышқылы (көміртек диоксиді) қолданылады.

Өрт сөндіргішпен жұмыс істеу барысында баллонды көлденең жағдайға бұруға болмайды, өйткені бұл кезде сифонды құбыр арқылы көмір қышқылдың шығуы бұзылады.
Қазіргі уақытта құрғақ ұнтақтармен толтырылған ұнтақты өрт сөндіргіштер көп таралған, олар өрт аумағына түсіп, отты сөндіретін зат бөледі.

Ұнтақты өрт сөндіргіштер тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтардың, газдардың, ағаш өнімдерінің, тоқ қысымында тұрған электр сымдардың, сілтілі металлдар мен өздігінен жану қасиеті бар басқа да заттардың жануын сөндіру үшін қолданылады.

Өрт қауіпсіздігі ережесі
ҮЙДЕГІ ӨРТ
Егер өрт қатты жанып тұрса, онда сіздің негізгі мақсатыңыз тез үйден кету. 101 - ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақырту. Егер өрт қатты жанып тұрмаса да, бірақ үйдің іші қатты түтін болса, үйден тез кету керек. Түтін өрттен де қауіпті болады.

Сіздің әрекетіңіз:
1. Түтіннің исін сезгеннен кейін үйден тез кетіңіз. Кез келген шүберекті сулап ауызыңыз бен мұрынды жабыңыз сосын еңкейіп (өйткені түтін жоғарыға ұмтылады) бөлмеден кетіңіз.
2. Егер өрт кішкентай бөлмеде болса, онда есіктер мен терезелерді ашпаңыз, ауа өртті күшейтіп жібереді.
3. Жанып жатқан үйден лифтпен түспеңіз, өйткені ол қатты өрт болып жатқан қабатта тоқтап ашылу мүмкін және содан бәрі жарақат алады. Ток кез келген уақытта сөніп қалу мүмкін және лифт этаждардың арасында қалу мүмкін.
4. Егер коридор және площадка өртте және түтінде (төмен түсуге жол жабық) болса, онда шатырға көтеріліңіз.
5. Егер өрт коридорда болса, есікті қатты жауып, сұйық шүберектермен ашық жерлерді жауып, есікке көрпе не пальто іліңіз. Терезені ашып қатты дауыс беріп көмекке шақырыңыз.
6. Егер сізге біреуді өрттен құтқару керек болса, онда өзіңді арқанмен орап бір шетін далада тұрған адамға беріңіз. Егер сіз есіңізді жоғалсаңыз, онда сізді арқаннан тартып өрттен алып шыға алады. Ауызымен мұрынды ылғал шүберекпен жабыңыз.
7. Егер құтқарған адам түтінмен демалып есін жоғалтса, онда оған жасанды дем беріңіз.
Түтінмен уланудың алғашқы белгілері: бастың айналуы, бас ауыруы, жиі демалу, жүрек айнуы, сананы жоғалту.

ЕГЕР ӨРТ ҚАТТЫ ЖАНЫП ТҰРМАСА.
Сіздің әрекетіңіз:
1. Өртті бір затпен (көрпе, пальтомен) үстінен жаба салыңыз. Содан кейін үстінен су кұйыңыз.
2. Түтінмен демалмауға тырысыңыз. Мұрынды және ауызды ылғал шүберекпен орап қойыңыз.
3. Өрттен жанып тұрған заттарды алмаңыз, өйткені ол өрттің таралудың себепкері болады.
4. Өртті шетінен бастап ортаға қарай сөндіру керек.


АДАМ ҮСТІНДЕГІ КИІМНІҢ ЖАНЫП КЕТУІ
Сіздің әрекетіңіз:
Адамды тез ғана жерге жатқызыңыз (бұл өрттің адамның басына баруына жол жабады), үстіне су кұйып немесе курткамен, пальтомен жабыңыз.
Өрттің алдын алу шараларын мыналар кіреді:
- құрылыстық - жобалау;
- техникалық;
- ұйымдастырушылық;
Құрылыстық - жобалау шаралары ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігімен анықталады.
Техникалық шараларына мыналар кіреді:
- өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т. б.) орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;
- құрал - жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестер парамертлерін сақтау;
- әртүрлі қорғану жүйелерін пайдалану.
Ұйымдастырушылық шаралар құрамына өрт қауіпсіздігі бойынша оқу өткізу, өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын тексеру кіреді.

IV. Жаңа сабақты бекіту.
Сұрақтарға жауап беру.
1. Өрт дегеніміз не?
2. Өрт қауіпсіздігі дегеніміз не?
3. Өрттің алдын алу шаралары.
4. Өрт сөндіру құралдары.

V. Сабақты қорытындылау, бағалау.
Күнделікті өмірде адам баласын қоршаған қауіп - қатер аз емес. Соның ішінде, ең күрделі – өрт.
Өрт – аса қатыгез, ол ешкімді аямайды. Ең бастысы, өрттің туындауына жол бермеген жөн.
Құрметті оқушылар, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды өтінемін. Өрттен сақ болыңыздар!!!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!