400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «От – досымыз, от - жауымыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оттың пайдасы мен зияны туралы білімдерін және өрт кезіндегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру. Өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелерін есте сақтау қабілеттерін және тілін дамыту. Берілген сұраққа толық жауап беруге үйрету. Өрт ережелерін сақтауға, ұқыпты, қырағы болуға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысы .Жаңаөзен қаласының. №17 «Балауса бөбекжайы

№10 «Жауқазын» ересек топ тәрбиешісі: Токмурзаева Карылгаш Куралбаевна


Білім беру салалары: Әлеуметтік орта.

Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «От – досымыз, от - жауымыз»

Мақсаты:

Білімділік: Оттың пайдасы мен зияны туралы білімдерін және өрт кезіндегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

Дамытушылық: Өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелерін есте сақтау қабілеттерін және тілін дамыту. Берілген сұраққа толық жауап беруге үйрету.

Тәрбиелік: Өрт ережелерін сақтауға, ұқыпты, қырағы болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын, қорытынды мадақтау

Көрнекіліктері: Слайд, өрт сөндіру балоны, өрт сөндіру машиналары, өрт сөндіру құралдары.

Сөздік жұмыс: өрт сөндіруші, өрт қауіпсіздігі.

Билингвальды компонент: өрт сөндіруші — пожарник, от - огонь, өрт — пожар, өрт қауіпсіздігі — пожарная безопасность.

I.Кіріспе бөлім

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, бізге қонаққа тәрбиешілер келген. Қәне, қонақтармен амандасайықшы.

Балалар: Саламатсыздар ма?!

Тәрбиеші: Балалар, біз қонақ келсе қуанамыз ба?

Балалар: Қуанамыз!

Тәрбиеші: Қалай қуанамыз?

Балалар: Алақай! Қуанышты жүзбен!

Тәрбиеші: Олай болса балалар, қонақтарға қалай қуанатынымызды айтып жеткізейікші:

Шаттық шеңбері.

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын кез келді.

Күлімдейді күн бүгін,

Қайырлы таң! Қайырлы күн!


II.Негізгі бөлім

Тәрбиеші: Балалар, біз өткен сабақта не өттік? Қандай тақырып өттік? Біз өткен сабақта «Менің туған өлкем» тақырыбын өттік.

Балалар менің сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, олай болса мұқият тыңдаймыз.

Жалт-жұлт етеді,

Жалмай-жалмай жұтады (От)

Жарайсыңдар, балалар! От қараңғы кезде жарық болады.

  • От – бізді жабайы аңдардан қорғайды.

  • Отқа тамақ пісіреміз.

  • Пешке от жағып, үйімізді жылытамыз. Оттың зиянды жақтары: отты дұрыс пайдаланбаса, адам күйіп қалады. Өрттің шығу себептеріне тоқталайық. Өрттің шығу себептері туралы білгілерің келсе мына видео сюжетке назар аударайық.

Видео сюжет: «Өрттің шығу себептері»
Өрттің шығу себептері туралы не білеміз? Қане кім айтады?

Балалар:
1. Шырпымен ойнаса;
2. Үтікті қосып кетіп қалса;
3. Газды ашық қалдырып кетсе;

Осы кезде есік қағылады.

Тәрбиеші: Балалар, тыңдаңыздаршы, есік қағылғандай болды ма? Қазір мен қарайын.

Ішке өртсөндіруші кіреді.

Өртсөндіруші: Саламатсыздар ма, балалар?!

Балалар: Саламатсыз ба, өртсөндіруші ағай!

Өртсөндіруші: Саламатсыз ба, апай?! Апай, балалар, сіздер оттың пайдасын айтып, мақтап отырсыздар. Дұрыс, «от –біздің досымыз, әрі жауымыз».

Тәрбиеші: Қалай сонда?

Өртсөндіруші: Отты дұрыс пайдаланбаса бір сәтте ол бізідң жауымызға айналады. Қазір мен сендерге түсіндіріп берейін. Мына суретке қараңдаршы.


Слайдпен жұмыс жүргізіледі.

  • Шырпымен дос болма.

  • Өрт қауіпсіздігін есте сақтау.

  • Электр бұйымдарына абай болу (үтік, т.б.)

  • Түтін кезінде өрт қауіпсіздігін есте сақтау.

  • Бенгаль шамдарына абай болу.

Өртсөндіруші: Балалар, мына құралдар менің көмекшілерім. Өрт сөндіру құралдарының маңызы туралы қысқаша айтып өтейін.

  • Күрекпен құмды атып, өрт сөндіреді.

  • Мынау көбік толы өртсөндіру балондары.

  • Шелекпен су шашады.

  • Ырмақпен жанып жатқан затты аластатады.

Өртсөндіруші: Бұлардың бәрі менімен бірге мына бір әдемі үйде тұрады.

Тәрбиеші: Балалар, ана жерде өрт жанып жатыр. Енді не істейміз? Қарап тұрмайық, өртті сөндірейік. Ол үшін біз не істейміз? Қане, кім айтады?

Балалар: Үлкендерге айту керек.

  • Телефонмен хабарлау керек.

  • Күрекпен құм ату керек.

  • Шелекпен су шашу керек.

  • Көбік толы өрт сөндіру балондарын пайдалану керек.


Тәрбиеші: Балалар, шаршап қалған боларсыңдар, бойымызды сергітіп алайық.


Сергіту сәті орындалады.


Өрт қауіпсіздігі туралы қандай тақпақтар білеміз?

Инжу: От жақпа күйерсің
Өртеніп жүрерсің
Сіріңкені ұстасаң
Бәлеге сен түсерсің

Раяна : Оттың ісі қуырмақ
Желдің ісі суырмақ
Қазір жанған жалынды
Алып ұшып қуалмақ

Анель: Кешір, досым, қателестім.
Шырпыны ұстап, көктемеспін.
Ата – ананың рұқсатынсыз
Сіріңкеге беттемеспін.

Ермухан : Алыңдар ұғып, балалар,
Істері кейде шалалар.
Шырпы, оттық, электрге
Шама келсе жоламаңдар.

От туралы қандай мақал – мәтелдер білеміз?

Отпен ойнама, күйерсің.
* * *
Ойын түбі – от.
* * *
От жақпа - пісерсің,
Ор қазба – түсерсің.
* * *
Сумен ойнама – батарсың,
Отпен ойнама – күйерсің.
* * *
От пен су – тілсіз жау.

Өртсөндіруші: Рахмет, балалар, сендердің өрт сөндіру қауіпсіздігі ережесін білгендерің жақсы, олай болса балалар, бәріміз бірге ойын ойнайық.


Сюжетті – рөлдік ойын: «Өрт ережесін сақтайық»

Мақсаты:  Балаларға өрт сөндіру қауіпсіздік ережелеріне сәйкес суреттер таратылады. Сол суреттерге қарап ойларын дамыту.

Өртсөндіруші: Балалар, мен сендерге қатты риза болдым. Өртсөндіруші балалар мен қонақтармен қоштасып, шығып кетеді.


III.Қорытынды бөлім

    • Балалар бүгін біз нені үйрендік?

    • Өрт сөндіруші ағай сендерге нені түсіндірді?

    • Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан болады. Бүгін сендер оттың дос та, жауымыз да бола алатынына көз жеткіздіңдер.

    • Балаларды мадақтап сабақты аяқтау.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 желтоқсан
487
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі