Тақырыбы: Отан деп соғады жүрегім

Тақырып бойынша 14 материал табылды

Тақырыбы: Отан деп соғады жүрегім

Материал туралы қысқаша түсінік
Тəрбиеленушілер: Сұрақтарға жауап береді. Әңгімеге араласады, сөздік қорын кеңейтеді. Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Отан, Қазақстан Пікір алмасу сұрақтары: Біздің еліміз қалай аталады? Еліміздің елордасы қай қала? Еліміздің қандай көрікті жерлері бар?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Отан деп соғады жүрегім


Мектеп/МДҰ: «Бейнеу жалпы білім беретін мектеп» КММ


Күні:23.09.2021ж

Педагогтің аты-жөні:Айткулова Ажар

Сынып/ топ: мектепалды даярлық

ҰОҚ-оқытылу

мақсаттары

0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау

0.1.4.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана

білу

0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру

Күтілетін

нәтижелер



Барлық балалар орындай алады:

Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды

дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба,

белгілер қолданып жеткізеді.

Балалардың көпшілігі орындай алады:

Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыра

алады

Кейбір балалар орындай алады:

Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда

әдептілік сөздерін қолдана біледі.

Тілдік

мақсаттар




Тəрбиеленушілер:

Сұрақтарға жауап береді. Әңгімеге араласады, сөздік

қорын кеңейтеді.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Отан, Қазақстан

Пікір алмасу сұрақтары:

Біздің еліміз қалай аталады?

Еліміздің елордасы қай қала?

Еліміздің қандай көрікті жерлері бар?

Алдыңғы

білім

Мамандықтар туралы білімі бар.


Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс- әрекет


Ресурстар


Қызығушылықты

ояту

0–2 минут







ІІ . Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам

3-5 минут











ҰОҚ-ның

ортасы

III. Тақырып

бойынша жұмыс

6 – 27мин.



































Балалар шаттық шеңберіне тұрады, педагогпен

қосылып өлең жолдарын қайталап айтады.

Отан деген - Атамекен,

Отан деген - туған жер.

Отан - ана, Отан - үлкен,

Қазақстан - туған ел!

(Ермек Өтетілеуұлы)


«Отан – анаң, қамқоршың», «Отан деп

соғады жүрегім» сөздерінің мағынасын түсіндіреді.

Балалармен бірге талқылайды. Балалар өз болжамдарын айтады.

Педагог қорытынды жасайды: Отанын сүйе білмеген адам бақытты бола алмайды. Өйткені атақ та, даңқ та, бақыт та, бақ та Отанды сүюден басталады.





Әліппе-дәптермен жұмыс:

1-тапсырма. Сен Астана қаласында болдың ба? Саған

бәрінен де не ұнады? Әсеріңмен бөліс. Суретте қандай

орындар бейнеленген?

әрбір қаланың өз эмблемасы, символы

болатыны жайлы ой қозғайды.

- Астана қаласының символы не?

- Бәйтерек туралы не білесіңдер?


Әліппе-дәптермен жұмыс:

2-тапсырма. Суретте не бейнеленген? Боя.

Сергіту жаттығуы:

Төскейде жел еседі,

Төбемнен бұлт көшеді.

Туған жерім мен үшін

Көк майсасын төседі.

«Кім Отан туралы көп мақал айта алады»

конкурсын өткізу.

Көптілділік: Отан – Родина


Әліппе-дәптермен жұмыс:

3-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап бер.

«Менің Отаным – Қазақстан» деген тақырыпта

әңгіме құрастыр.

Педагог балаларды біздің Отанымыз – үлкен

ел. Елімізде барлық халық тату-тәтті, келісімде

өмір сүреді деген ұғымға келуге жетелейді. Біз өз

Отанымызды сүйіп, қорғауға тиіспіз.

Өлеңді мәнерлеп оқиды, мазмұнын түсіндіру.


Отан

Отан - сенің ата-анаң,

Отан - досың, бауырың.

Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың.

Отан осы, достарым,

Көңілде мұны түйе біл.

«Отан» деп өс, жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл. (Бүркіт Ысқақов)






























Әліппе-дәптер

IV. ҰОҚ-ның

қорытындысы.

Рефлексия.

28-30 мин.


Педагог қорытынды жасайды, балаларды

марапаттайды.

(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап

қорыту.

Балалардан үйдің суретін түсті қарындашпен

бояуын сұраңыз:

Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;

Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары

қарындашпен;

Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын –

жасыл қарындашпен

 


Әліппе-дәптер, түрлі

түсті қарындаштар





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2021
380
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі