400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Отбасы – Отанның бірлігі»

Материал туралы қысқаша түсінік
отбасы туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Отбасы – Отанның бірлігі»

Мақсаты:

  1. Студенттерге отбасының қоғамдағы, адам өміріндегі маңызын түсіндіру;

  2. Отбасындағы сыйластық, жауапкершілік, мейірім, сүйіспеншілік құндылықтарын дәріптеу;

  3. Студенттердің ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге үйрету.

Тәрбие сағаты құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

Педагог: амандасу, қатысушыларды шеңберге тұрғызып, «Жылы сөз» ойынын ұйымдастыру (әр студент қасындағы адамға бір жылы сөз айтады).

Куратор сөзі:

  • «Отбасы – әр адамның өміріндегі ең қымбат, ең қасиетті орда. Отбасы күні – әрқайсымызға ата-анамызды, бауырларымызды қадірлеуді еске салады».

  • "Отан – отбасынан басталады" .

«Әрбір отбасын сақтау – Отанымыздың берік болуының кепілі. Жас шаңырақ бақыт бесігіне айналуға тиіс. Олардың әрқайсысына тұтастық пен татулықтың дәстүрін орнықтыруымыз керек. Зиялы қауым өкілдері мен ұстаздар жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, отбасы құндылықтарын дәріптеуі қажет. Мұның мемлекет үшін маңызы өте зор. Жастарды тәрбиелеу ісінде ата-аналарға да зор жауапкершілік жүктеледі», – деді ҚР Президенті.

  • Қазақстанда Отбасы күні қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтілетіні туралы қысқаша мәлімет.

ІІ. Кіріспе:

«Отбасы құндылықтары» (5 мин)

  • Топқа сұрақтар:

    • Сіз үшін «отбасы» деген не?

    • Отбасында қандай құндылықтарды сақтау маңызды?

    • Отбасынан алған ең үлкен тәрбиелік сабақ қандай?

  • Студенттер шағын топта талқылап, ортақ жауап айтады.

ІІІ. Негізгі бөлім

1. Миға шабуыл: Бейнеролик қарау : «Отбасы мемлекеттің негізгі буыны»

https://youtu.be/JoJIbxi17T4

2. Топтық жұмыс:

«Менің отбасым» (5 мин)

  • Студенттер өз отбасылары туралы қысқаша айтып береді немесе шағын сурет/схема арқылы таныстырады (отбасы мүшелері, дәстүрлері, ұстанатын құндылықтары).

Шығармашылық жұмыс « Отбасы ағашы» (5 мин)

  • Отбасына стикер немесе қағазға отбасыға байланысты бір жылы сөз (махаббат, сыйластық, мейірім, қолдау т.б.) жазып, тақтадағы «ағаш» суретіне жабыстырады


4. Қорытынды:

«Отбасы – шағын Отан» атты қысқа шағын оқиға айтып береді.

Қорытынды пікір алмасу: әр студент «Мен отбасым үшін...» деп жалғастырып, бір сөйлем айтады.

Мұғалім түйіндейді: «Отбасы – береке бастауы, татулық – өмір сәні».

Рефлексия:

Синквейн тәсілі. 




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11.06.2026
19
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі