Материалдар / Тақырыбы: «Отбасы-шағын мемлекет» сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: «Отбасы-шағын мемлекет» сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: 1) Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, ата – анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру. 2) Отбасы- отанның бір бөлшегі екенін ұғындырын, балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Сәуір 2022
487
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Отбасы-шағын мемлекет» сайысы

Мақсаты:

  1. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, ата – анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру.

  2. Отбасы- отанның бір бөлшегі екенін ұғындырын, балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Әдісі: Ата – аналар мен балалармен сайыс түрлері өтеді.


Көрнекілігі: Отбасы, бірлік туралы мақал- мәтелдер жазылған плакаттар. «Менің отбасым» тақырыбындағы шығармалар көрмесі.


Жүргізуші1: салеметсіздер ме құрметті ата-аналар мен балалар, біүгіні «Менің Отбасым» деген сайысқа қош келдіңіздер


Жүргізуші2: Ал ендігі кезекті біздің әділ қазылар алқасының мүшесі, психолог Нургалиева Айданаға берейік


Барысы: психолог : «Отбасы –шағын мемлекет » деген сөз бар. Ынтымағы келіскен,түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ –мемлекетіміздің құт берекесі. Атамыз қазақ  «Бала –адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді.Өйткені бала-өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы-бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге байланысты. «Отбасы-шағын мемлекет» атты сайыс ұйымдастырылып өткелі отыр. Ендеше біздің бүлдіршіндеріміздің ата-аналарына сәттілік тілейміз


Жүргізуші1:

Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әдіқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

  1. Нургалиева Айдана – психолог

  2. Жагипарова Айым- даярлық тобының тәрбиешісі

  3. Исмагулова Аружан - музыка пәнінің мұғалімі


Сайыс 5 балдық жүйемен бағаланады .


Жүргізуші2:

1 – бөлім . «Кел, танысайық!» таныстыру, әр топтын ұраны мен аты болуы керек және әр топтын бір ерекшелігі туралы айтып беруі керек


Жүргізуші1:
2– бөлім. Математикалык сұрақтарға жауап беру

1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? айырма

2. 4. Барлық қабырғалары тең геометриялық фигура? шаршы.

3. Аптаның соңғы күні қалай аталады? жексенбі

4. 9+7 өрнегінің мәні қанша? 16

5. 60-7 өрнегінің мәні қанша? 53


6. 1 дм неше см бар? 10

7. 1 ғасырда неше жыл бар? 100

8. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата. 98

9. Периметрді қалай табамыз? Барлық қабырғаларын қосамыз

10. Үш бұрышы бар геометриялық фигураны ата. Үшбұрыш


11. Ұзындық өлшем бірліктерін ата. Мм,м,см,км

12. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата. 70

13. 10 дм неше см бар? 100см

14. 19. Екі  нүкте  арасын  қосқанда  не  пайда  болады? (кесінді)

15. Ең үлкен екі таңбалы сан. 99


Косымша сурак

16.  Абайдың шын аты кім? Ибраһим

17. Қазақтың тұңғыш ғарышкері. Тоқтар Әубәкіров

18. Мәтін түрлерін ата. Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау.


Жүргізуші2:
3 – бөлім. «Бақытты отбасы қандай ?» - деген тақырыпқа жоба қорғау.

Сайыскерлер плакат, буклет,альбом түрінде жоба қорғайды.

Жүргізуші1:
4 – бөлім.

«Мақал айтсаң –жол көрсеттің, мәтел айтсаң-жанымды жайландырдың» демекші, енді сайыскерлердің ата аналарымен отбасына қатысты мақалдардың жалғасын табу ойыны жүргізіледі.


1. Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.

2..Өз балаңды өскенше бағасың,
Немереңді өлгенше бағасың.

3..Тату үйдің тамағы тәтті.

4..Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала

5..Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар..

6.Ағаның үйі – ақ жайлау.

7..Жақсы сөз сүйсіндіреді, жаман сөз күйіндіреді.

8.Ата-балаға сыншы

9. Ата тілін алмаған, аман болып көп жүрмес.

10.Атаңа не істесең, алдыңа сол келер

11.Ананың сүті бал, баланың тілі бал


12.Әке көрген оқ жонар,

Ана көрген тон пішір.

Жүргізуші2:

5 – бөлім.

(ситуациялық сұрақтар)
1. Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаңыз басталды. Сіз не істейсіз. Балаңызға жасар әрекетіңіз қандай?

2. Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Балаңыз «мен сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?

3. Мектептен келген балаңыз. «Мен ертең мектепке бармаймын , апай ұрысты» деді. Сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?

4. Мектептен келген қызы мамасына «Мама сізге қызық нәрсе айтамын. Бүгін мектепте ..... деп әңгімесін бастап жатыр еді. Мамасы : «Сен де басым ауырып тұр, мазамды алма!» деді.Егер сіз болсаңыз не істер едіңіз?

5. Әке мұғалім сізді мектепке келсін деді? Мен мұғалімге дөрекі сөйледім.

6.Мама, сыныптағы балаларда қымбат ұялы телефон бар , маған да алып берші .

7.Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік Не істейсіз? 

8 .Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі ,алайда бір күні сынып жетекшісі үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды,сіздің іс-әрекетіңіз?

9. Балаңыздың сабағы,тәртібі жайлы білгіңіз келіп,мектепке келіп тұрасыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ,ашулы күймен қарсы алды.Сіздің әрекетіңіз?


Жүргізуші1:

6 – бөлім.

«Пазлды құрау»

Ойын ережесі: Сабанды (трубочканы) қолдана отырып, анасы немесе әкесі бірнеше бөлікке бөлінген пазлды баласына апарады. Ал баласы пазлды бір-бір бөліктен құрайды.

Әр отбасыға жылдамдығына байланысты балл беріледі.


Жүргізуші2:

7 – бөлім

«сөзді тап» ойыны – сөзсіз ыммен атқарылатын ойын. Ережесі өте жеңіл. Отбасы бір қатарға тұрады. Барлығы артқа қарап тұрад. Жасырын сөзді естіген адам алдында тұрған қатысушының артынан түртіп, сөзсіз тек ыммен және қимылмен түсіндіруі тиіс.

Әр адамға 30 секунд беріледі.

Әділ-қазыларға сөз кезегі беріледі. Марапаттау.

Соңынан оларға жүрекке жазған тілектерін сыйлыққа ұсынады.

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздер бүгін «отбасы сайысын» көріп тамашаладыңыздар. Сіздерге әрқашанда сәттілік тілей отырып, отбасыларыңызға береке , ынтымақ тілеймін.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!