Тақырыбы: Отбасым – бақыт
мекенім.
Мақсаты:
Балалардың отбасылық құндылықтар туралы түсінігін
кеңейту. Шығармашылық қабілетін
арттыру.
Сөйлеу және тыңдау мәдениетін
дамыту. Көркем әдебиет арқылы тіл байлығын
жетілдіру
Балаларды үлкендерді
тәрбиелеуге, кішіпейілділікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Өзінің өз
отбасы мүшелеріне деген қарым-қатынасы жайлы сұрақтарға жауап беру
дағдыларын арттыру.
САБАҚ
БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру
кезеңі
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме, балалар,
көңіл күйлерің қалай? Балалар бүгін оянғандарыңда ата-әжелеріңнен,
әке-аналарыңнан қандай жылы сөз
естідіңіздер?
Балалар: қайырлы таң, мен сені жақсы
көрем, құлыным, жаным, күнім.
Музыка әуенімен топқа
ұлттық киім киген Әже келеді.
(Қолында шашу салынған
дорбасы бар.)
Әже: Сәлеметсіздер ме,
Айналайындарым, қалдарыңыз қалай? Мен Сарыбай ауылынан тойдан келе
жатыр едім, балабақшаны көріп сендерге шашудан беріп кетейін деп
келдім. Әрқайсысың дорбадан бір бір шашудан
алыңдар.
Тәрбиеші: Қандай керемет дүние. Балалар
бұл жай шашу емес сияқты, қараңдаршы біріңізде домбыра, біріңізде
сақина, біріңізде киіз үй. Әжей бұл шашуды тектен тек әкелмеген
сияқтысыз ғой.
Әже: Иа, бір жыл бойы балаларым
білім алды сендерден, сол білімдерін көргім келеді. Меніңде сендер
сияқты немерем бар, оның бүгін туған күні екен ғой, есіме енді
түсіп жатыр.
Тәрбиеші: Ендеше балалар әжеміз үйдегі
немерелеріне асығыс сияқты, біз өзіміздің қолымыздан не келетінін
көрсетіп жібереміз ба? Олай болса қолдарыңыздағы домбыра, сақина,
киіз үйге қарап топтарға бөліне
қойыңыздар.
Шашу
белгілері:
• Сақина – Әлеуметтік
тобы
• Домбыра – Шығармашылық
тобы
• Киіз үй– Коммуникация +
Көркем әдебиет тобы
ІІ. Негізгі
бөлімі
Әр топ жеке бұрышта жұмыс
істейді.
1-Топ: Әлеумет (Сақина
тобы)
Тақырыбы: Әже үшін өз қолыммен сырға мен
сақина.
Сабақ
түрі: Эксперименталды қолөнер
сабағы
Формат: Жеке бұйым
жасау.
Мақсаты:
• Баланың әжесін құрметтеу
сезімін дамыту
• Қол еңбегі мен шығармашылық
арқылы эстетикалық талғамын жетілдіру
• Қарапайым шайырмен жұмыс
істеу жолдарын көрсету (қауіпсіз түрде)
• Ұсақ моторика мен өз бетінше
жұмыс істеуді дамыту
Қажетті
құралдар:
• Балаларға арналған
шайыр
• Түрлі түсті пигменттер
немесе жылтырақ
• Сырға мен сақина қалыптары
(силикон)
• Ағаш таяқшалар,
араластырғыш
• Қолғап,
алжапқыш
І. Ұйымдастыру
кезеңі
Шаттық
шеңбері:
– Балалар қол ұстасып, былай
дейді:
«Сүйікті
әжеме,
Жасаймын
сыйымды,
Жүрекпен
таңдаймын,
Сырға мен сақина
сыйымды!»
Тәрбиеші:
– Осындай әдемі заттарды анаңа
жасағың келе ме?
– Бүгін нағыз шеберлер
боламыз!
2. Негізгі
бөлім
1. Қауіпсіздік
ережелері:
• Қолғап, алжапқыш
кию
• Тәрбиеші әр қадамды
түсіндіріп, көмектеседі
2. Шайырмен
жұмыс:
Сырға
жасау:
• Балалар силикон қалыпқа
шайырды құю процесіне қатысады (тәрбиеші
көмектеседі)
• Қаласа, ішіне жылтыр,
моншақ, кептірілген гүл салады
• Түрлі пигмент қосып,
араластырады
• 5 минқа қатаюға
қалдырылады (алынғаннан кейін тәрбиеші сырға шегесін
бекітеді)
Сақина
жасау:
• Шайырды сақина формасына
құйылады
• Жеке бала қалаған түсін
таңдап, өзіндік дизайн жасайды
3. Қорытынды
бөлім
• Балалар бүгін біз не
жасадық? (Сырға, сақина)
• Ол қалай аталады?
(Әшекей)
• Қандай әшекей түрлерін
білесіңдер? (Білезік, моншақ, алқа т.б)
2-Топ: Коммуникация + Көркем
әдебиет (Киіз үй тобы)
Тақырып: Менің отбасым – менің
тірегім
Сабақ түрі: Инновациялық
тәсілдер (әңгімелеу кубигі, карточка, интерактивті
тапсырма)
Мақсаты:
• Баланың отбасы туралы
түсінігін тереңдету
• Отбасы мүшелерін атай білуге
үйрету
• Сөйлеу дағдыларын дамыту
(байланыстырып сөйлеу, әңгімелеу, сұраққа жауап
беру)
• Көркем әдебиет арқылы
эмоциялық сезім мен сөздік қорды байыту
• Отбасы мүшелерін құрметтеуге
тәрбиелеу
Көрнекіліктер мен
құралдар:
• Интерактивті
тақта
• «Әңгімелеу
кубигі»
• «Сөз табу»
карточкалары
1. Ұйымдастыру
кезеңі
Тәрбиеші: Балалар қараңыздаршы
интерактивті тақтада бірнеше тапсырма беріпті, орындап
көремізбе?
-Иа
Санды
таңдайды.
2. Негізгі
бөлім
Тапсырма 1: «Әңгімелеу
кубигі»
Кубикті лақтырып, түскен сурет
бойынша бала отбасы мүшесі туралы тақпақ айтып
береді:
• Мысалы: Ана, Ата, Әке, Әже,
Аға, Апа
Тапсырма 2: «Сөз табу, сөйлем
құрау» ойыны
– Тәрбиеші әр балаға карточка
береді
– Тапсырма: сол сөзді
қатыстырып, 1–2 сөйлем құрап айту
Тапсырма 3: «Отбасы туралы
мақал-мател, жаңылтпаш»
– Балалар отбасы туралы
мақал-мәтел айтады
–Жаңылпаш
айтады.
Тапсырма 4: Сюжеттік рөлдік
ойын: «Отбасы»
– Балалар отбасындағы туған
күнді рөлге бөлініп ойнайды, тілек айтады.
3.
Қорытынды:
Балалар бүгін біз қандай
тапсырмаларды орындадық?
Сіздерге не
ұнады?
3-Топ: Шығармашылық
(Шаңырақ тобы)
Тақырып: Біздің
сыйлық.
Сабақ
түрі: Арт терапиясы жүнмен сурет
салу
Мақсаты:
• Туған күнге арнап сыйлық
жасау.
• Қарапайым үй, күн, гүлдер
бейнесін түрлі түсті жүндермен дұрыс бейнелеуге
үйрету
• Сөйлеу дағдысын,
шығармашылық ойлауын, эстетикалық талғамын
дамыту
Құрал-жабдықтар:
• Түрлі түсті
жүндер
• Ақ
картон
•
Рамка
1. Ұйымдастыру
кезеңі
Сұрақ-жауап:
– Бүгін балалар әженің
немересінің туған күні екен. Туған күнде біз не
істейміз?
– Сыйлық
сыйлаймыз.
– Ендеше келіңдер біз өз
қолымызбен сыйлық жасайық
2. Негізгі
бөлім
Нұсқаулық:
• Балалар жүннен үйдің
сұлбасын салады: қабырға, шатыр, шаңырақ, күн,
гүл
• Үйдің үстіне күн, бұлт
салып, тұрмыс көрінісін толықтырады
– Тәрбиеші әр балаға сұрақ
қояды:
–Сен не үшін гүл салдың? Неге
күн салдың? Неге шаңырақ салдың?
– Бала суретке қарап, шағын
әңгіме құрайды.
-Өлең жолдарымен
құттықтау
3.
Қорытынды
– Сұрақ-жауап арқылы қандай
түстерден, қандай пішіндерден және қалай жасалғаны туралы
сұрайды.
– Әр бала өзі жасаған сыйлығын
көрсетіп, әңгімелейді.
ІІІ. Қорытынды
кезең
• Әже қайта шығады, әр топтың
жұмысын тамашалайды
•
Әр топ өз жұмысын ортада таныстырады
Әже:
– Балалар, сендер отбасыларыңды
жақсы көретіндеріңді көрсеттіңдер. Әр отбасы – бір кішкентай
мемлекет. Осындай бірлікте болыңдар! Мынау ауылдан сендерге деп
жасап әкелген құртым, апайларың бөліп берер. Сендер өте ақылды,
білімді балалар екенсіңдер.Қой мен ауылыма қайтайын, немерем мені
қашан келеді екен деп күтіп отырған
болар. Сау
болыңдар!
Тәрбиеші: Сау болыңыз,
әже!
Балалар бүгінгі біздің
сабағымыз қалай өтті?
Сіздерге не ұнады?
Неліктен?
Олай болса келіп тамашалаған
қонақтармен де қоштасайық, сау болыңыздар!
Бағалау:
• Мадақтау сөздер:
«Жарайсың!», «Тамаша!», «Керемет жұмыс!»
№46 «Балбұлақ» бөбекжай
МКҚК
«Бекітемін»
директор_______ Оразова
А.Д.
12.05.2025ж
Қалалық "Мектепке дейінгі
ұйымда
пәндік- кеңістік дамытушы
ортаны
ұйымдастыруда
отбасымен
ынтымақтастықты
нығайту"
тақырыбында
семинар
Тақырыбы: «Отбасым – бақыт
мекенім»
Өткізген:
Тәрбиешілер: Ерханова
Б.
Каракаева
А.
Акоразова
Э.
Ақтау қаласы, 2025
жыл