Тақырыбы: «Пішіндер қалашығына саяхат»

Тақырып бойынша 23 материал табылды

Тақырыбы: «Пішіндер қалашығына саяхат»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды топтай білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі: 16.09.2022ж.

Білім саласы: «Таным»
Білім бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: «Пішіндер қалашығына саяхат»
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды топтай білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер, үлестірмелі текшелер, магнитті тақта, сиқырлы қалам, иллюстрациялы суреттер.
Пәнаралық байланыс: Қоршаған ортамен таныстыру, құрастыру, сурет салу, сөйлеуді дамыту.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, қайталау, талдау, түсіндіру, топтастыру, ойын.

Мотивациялық қозғаушы

Балалар әуен арқылы тәрбиешімен сәлемдесіп кереді.

Шаттық шеңбер.
Қайырлы таң тілеймін

Қайырлытаң мен саған.

Шуақты ашық таңда

Сен не істейсің досым менің? (үш тілде айтылады).

Тәрбиеші балалардың назарын тақтадағы суретке аударып жыл мезгілдеріне тоқталады.
Бір жылда неше мезгіл бар?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Ауа - райы қандай?

Апта күндерін айтып өтеді.


- Балалар бүгін біз сендермен «Пішіндер қалашығына» саяхатқа барамыз. Ол үшін поездға мінуіміз керек, біздің поезымыз жай поезд емес «Ғажайып поезд». Қанекей кеттік.

Поезд кележатыр,

Түтін шығып жатыр.

Терезеден қарасам,

Әжем кележатыр. Пууууууп.

Өте жақсы.
Ұйымдастыру - ізденушілік
Мінекей «Пішіндер қалашығына» келіп жеттік, қараңдаршы қандай керемет, ортада тұрған үстелдерге отыра қойыңдар.
- Балалар, біздің келген Пішіндер қалашығының тұрғындары сендерге арналған тапсырмалары бар екен, сол тапсырмаларды орындаймыз ба?
- Олай болса мен қазір сендерге жұмбақ жасырайын.
- Бұл орамның пішіні
Бауырсақтың да мүсіні.
Кішірейтсек біз мұны
Шығады тоқаш наны боп
Балалар ол қандай пішін?
- Дұрыс айтасыңдар, қане домалақты ауада салайықшы.
- Енді домалақ пішінге ұқсас қандай заттарды білесіңдер.
- Төрт бұрышы да тең түскен
Осынша жақтау және тең.
Мұндай шаршы, мен білсем
Табылмас ау еш жерден?

- Үш бұрышы бар, үш қабырғасы бар,
Ұзындықтары әр түрлі болуы мүмкін.
Ол не, балалар?
- Бұл жұмбақтың шешуін жақсы таптыңдар.
Жарайсыңдар.
Балалар қане пішіндер атауын Көмекші досым «Зерек» қаламнан сұрайыншы
«Зерек» қаламмен пішіндердің суретімен таныстыру.














Ал енді «Қай пішінге ұқсайды?» деп аталады.. Ол үшін мен сендерге түрлі дидактикалық материалдарды таратып шығамын.

Ал енді балалар алдыларыңда тұрған суретке назар аударыңдаршы! Қандай зат қай пішінге ұқсайтындығын қалам арқылы салыстырамыз.

- Жарайсыңдар балалар, бұл тапсырманы жақсы орындадыңдар, енді келесі ойынымыз.

қ/о. «Табандар» деп аталады.

Тәрбиеші балаларға ойын шартын түсіндіріп, әуен арқылы ойнатады.



Ал енді логикалық сұрақтарға жауап беріңдерші.
1) Үшбұрыштың неше бұрышы бар?
2) Дөңгелекте бұрыш бола ма?
3) Алма ағашта бес алма
Қандай тәтті жесе алма,
Бесеуінде жеп қойсаң
Қалады онда неше алма?
Суретпен жұмыс: Берілген үлгі арқылы үзік сызықтар үстінен басып сызу.Тосын сәт: топқа «Дымбілмес кіріп келеді. Балалармен сәлемдеседі. Балалардан мектепте берілген тапсырманы орындай алмай жатқанын айтып көмек сұрайды.

«Пішіндерді құрастыр» ойынын ойнайды.

Қиылған пішіндерді балалар құрастырады.
Балалар тақтаға қараңдаршы қандай пішіні шықты?
Құрастырылған пішіндерді атын атайды.

Пішіннің түсін тап: Тәрбиеші балаларға Дымбілмеспен бірге кілемше үстіндегі тіктөртбұрыштың түстерін музыкалық әуен арқылы ойнатады.

Шарты: әуен тоқтағанда тәрбиеші пішіннің түсін айтады, балалар жылдам тауып орнына тұрады.

Дымбілмес балаларға үйіне қайтатын уақыт болғанын айтып қоштасады.

Дидактикалық ойын: « Сыңарын тап» Балалар берілген үлестірмелі материалдағы суреттен жапсырма арқылы сыңарын табады.

Рефлекциялық түзету.

Тәрбиеші балаларға балабақшамызға оралатын уақыт болғанын айтып «Зерек қаламмен» қоштасатасып поездбен қайтады.





Балалар біз қайда саяхатқа бардық?
Онда қандай пішіндер бар екен?
Тағы не жасадық?
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Келген қонақтарымызға сау болыңыздар дейміз.

Күтілетін нәтиже:
Білуі: Балалар геометриялық пішіндерді ажырата біледі
Меңгеруі: Заттардың қандай пішіннен құралатынын меңгерді.
Жасай алуы. Үлестірмелі материалдардан берілген тапсырманы өз бетінше орындай алады.





























«Жайнагүл» бөбекжай балабақшасы.

Ашық есік.



Тақырыбы: «Пішіндер қалашығына саяхат».

Тәрбиеші: Арипова Г.М.

16.09.2022ж

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2025
88
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі