жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тақырыбы пияз өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері 9сынып
Мазмұны
1 Сипаттама
2 Өсімдік туралы
3 Қолданылуы
4 Пайдалылығы
4.1 Батун-пияз
4.2 Порей-пияз
4.3 Шнитт-пияз
4.4 Шалот-пияз
4.5 Маринадталған пияз
4.6 Жұмыртқа қосылған пияз салаты
4.7 Қуырылған басты пияз
5 Пияз туралы тақпақ
6 Пайдаланған әдебиет
Кіріспе
Қазақстан жері әр түрлі табиғи жағдайдан, орманды далалы, таулы аймақтардан тұрады. Міне осындай ұланғайыр өлкемізде алуан түрлі өсімдіктер өседі. Қай заманда болмасын, адамзат баласы өсімдік өнімдерінің тағамдық жағынан ғана емес, емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Жер жүзіндегі дәрілердің 40% өсімдіктен дайындалады. Жанға шипа, дертке дауа дәрілердің көпшілігі өсімдіктен алынады. Жер бетінде өсетін барлық өсімдіктердің пайдасына көз жіберіп қарасақ, жүрек ауруларын емдейтін дәрі – дәрмектің 70%, ішек – қарын, бауыр дәрілерінің 75%, жатыр ауруларының шипалы дәрі –дәрмектерінің 80%, қақырық түсіретін дәрілердің 80%, қан тоқтатын дәрілердің 65% тек өсімдіктен алынады. Шипалы өсімдіктер қатарына әр түрлі сәнді өсімдіктер де жатады. Сондай-ақ, біздің бау-бақшамызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де осыны айтуға болады. Өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерінде аса бағалы «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы. Адам баласы ақылы мен еңбегінің арқасында жабайы өсімдіктерден тұқым алып 20 мыңнан астам мәдени өсімдіктерді қолдан өсіріп шығарады. Сөйтіп қазіргі кезде олар адамның игілігіне айналды. Ерте заманнан-ақ ата-бабаларымыз дәрілік өсімдіктерді тани біліп, оның емдік қасиеттерін және тиімді пайдалану жолдарын өз тәжірибелерінен өткізген
Мәдени өсімдіктер арасында ең көп белгілісі пияз. Пияз – Ургинея (Ұргінеа) туысындағы гицинттер тұқымдастығына жататын 2 жылдық шөптесін, түйнекті өсімдік. Пияздың жыл сайын тамырланып өсе беретін көпжылдық түрлері де бар, олардың жер бетіндегі бөлігі тамаққа пайдаланылады. Тамыры ірі, қалың, шашыраңқы, түйнек түбінен өседі. Түйнегі үлкен, етті, сопақша және шар пішінді. Түйнегінің қабығы сары, қызыл-қоңырқай түсті. Қабығының астында ақ, шырынды, ерекше иісті қабаттар кезектесіп орналасқан. Пияз бір маусымда жеуге жарамды болып өседі. Тұқымын алу үшін пиязды (тамыр сабағын) көктемде қайта егеді. Одан 2-жылы ұзын гүл сидам өсіп шығып, гүлдейді. Күзге қарай тұқымын жинап алады. Отаны – Жерорта теңіз елдері. Пияздың құрамында көмірсулар, гликозид, сапонин, кальций оксалаты және басқа элементтер бар.
Сол себептен жұмысымыздың құндылығы да осында деп есептейміз. Пияз өсімдігін зерттей отырып емдік ерекшеліктерін тиімді пайдалану және насихаттау жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.
Зерттеу жұмысының негізгі болжамы: Пияз өсімдігінің емдік ерекшелігін пайдалану арқылы көптеген аурулардың алдын алуға болады.
Зерттеу жұмысының әдістемесі:
- Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау;
- Тәжірибелер жүргізу;
- Оқушылар арасында сауалнамалар жүргізу;
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
-Пияз өсімдігінін емдік ерекшеліктеріне жан – жақты сипаттама берілді;
-Пияз өсімдігінің емдік қасиеттерінің тиімді пайдаланудың жолдары көрсетілді.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:
Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау арқылы пияз өсімдігіне жан – жақты зерттеу және емдік ерекшеліктерін көрсету жұмыстың теориялық мәні болып табылады.
Жұмыс барысында қолдан жасалған емдік қоспаны көпшіліктің тұрмыстық жағдайда жасап пайдалану мүмкіндігі яғни, қолжетімдігі жұмыстың практикалык мәні болып табылады.
Кейінгі жылдары медицинада шөптердің емдік қасиеттері, оларды кеңінен пайдалануға ерекше назар аударылуда. Қазіргі кезде шөппен емдеу – фитотерапияны үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін дәрісіз ем – домды жасауды дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес сондықтан оларды орынды пайдаланып қорғай біліудің маңызы зор «Мың теңге тұратын дәрі шарбағыңның дәл түбінде өсіп тұр» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Дәрі-дәрмек жасау ісінде өсімдіктердің алатын рөлі аса зор екені тәжірибеден мәлім.
Алғаш рет Қазақстанда өсімдіктердің емдік құрамы туралы мәліметтер ХІІІ-ХV ғасырда жазылды. Көптеген орыс қалаларында жасыл өсімдіктерді сататын аптекалар ашылды ІІІ ғасыр бойы емдік өсімдікдерді қолдану тәжірибелері жүргізілді. Бұл жазбалар ХVIII –ғасырдың соңына дейін жалғасты, қаншама рет толықтырылды, ауру түрлері ажыратылды. Дәрілерді жасау әдісі қарастырылды. Елімізде өсетін 20 мыңнан астам түрлерінің 2500 – інің шипалық маңызы бар. Бұның 600-ге жуық түрінен дәрі дайындауға шикізат ретінде пайдалануға болады. Алайда медицинаға 200-ге жуық дәрілік өсімдіктер түрі белгілі. Қазақстанда өсетін 6000-ға жуық өсімдіктің түрінің 500-і дәрілік өсімдіктерге жатады.
Лалагүлділер тұқымдасы пияздың сипаттамасы.
Пияз (Алліұм цепа) — жуа туысының ең көп тараған түрі. Шыққан жері — Орталық Азия және Ауғанстан. Пияз өсіріп алынатын бадана тегіс, ұзын немесе домалақ пішінде болады, қысқа сабақтан және оған тығыз, біріне-бірі қысыла орналасқан етті қабыршақтан тұрады. Қабыршақтың жоғары бөлігі жұқа, жалған сабақ құрайды. Сыртқы қабыршақтары бірте-бірте өледі де, жамылғыға айналады. Олар сары, қоңыр, қызғылт-көгілдір, ал кейде ақ түсті болады. Пияздың жапырақтары етті қабыршақтың жалғасы сияқты. Олар түтікті, үшкірленген, ұз. 20 — 50 см, 18 — 20оС-та жақсы өседі. Гүл шоғыры — шар тәрізді шатырша, гүлдері қос жынысты. Тұқымы — қарашық, ұсақ (1000 данасының салм. 3,5 — 4,0 г), қара, пирамида пішіндес, 2 — 4оС-та өне бастайды. Тығыз және ұзақ бөртетін қабықты болғандықтан тұқымы өте баяу өнеді. Құнарлы, қарашірігі мол, қышқыл емес, қоректік заттарға бай, арамшөптерден тазартылған топырақта жақсы өседі. Қазылып алынған бадананың аязға төзімділігі кемиді, толық піскендері 3оС суыққа шыдай алады. Үсікке пияздың ащы сорттары төзімдірек келеді.
Бадананың құрамында (сортына қарай) 2,4 — 14% қант, 2 — 13,9 мг% С витамині, 18% құрғақ зат, 2%-дың шамасында белок, эфир майы; жапырағында — 25 — 47,7 мг% С витамині және 1,3 — 5,9% А провитамині бар.
Құрамындағы эфир майының мөлшеріне, дәмінің ащылығына қарай Пияздың сорттарын 3 топқа — ащы, жартылай ащы және тәтті деп бөледі. Ащы сорттарында құрғақ заттың, қанттың және эфир майының мөлшері көбірек болады. Пиязды ауыспалы егісте көкөніс және егіс танабынан кейін отырғызып, жапырақтары сарғайған кезде жинайды. Шабындықта және жайылымдарда Пияз отырғызбаған абзал, өйткені Пияз мал сүтінің дәмін өзгертіп, жағымсыз дәм береді. Пияз ежелден бағалы дәрілік өсімдік деп саналған. Ол ас қорытуды жақсартады, асқазан шырынының бөлінуін күшейтеді. Пиязға эфир майы ерекше иіс береді. Одан басқа пияз бен сарымсақта фитонцид бар, ол ауру қоздыратын бактериялардың өсуін тежейтін ұшпа зат.
Басты пияз - екіжылдық, көкөністік дақылдардың маңыздыларының бірі . Диаметрі 15 сантиметрге дейін жететін қабыршақты пиязшығы болады. Пиязшықтың сыртын құрғақ, сары, ақ кейде күлгін түсті қабық қалайды. Қабыршақтарының барлығы түбіртек деп аталатын қысқарған сабақта орналасады. Түбіртектегі шырынды жапырақтарының қолтығында бүршіктер болады. Болашақ пиязшықтар сол бүршіктерден өсіп, дамиды. Көкшіл сүр-жасыл, түтік тәрізді жапырақтары бар.
Гүлсидамның биіктігі 1,5 метрге дейін жетелі. Оның іші қампиған, қуыс, ұшы өте көп гүлдері бар шатыршагүлді гүлшоғырмен аяқталады. Гүлдері ұзын гүлсағақтарда орналасады. Жасылдау ақ түсті, диаметр! 1 сантиметрдей гүлсерігі бар. Гүлсерік 6 жапырақ» шалардан құралады. Гүлсерікте 6 аталық орналасады. Үш үяшықты жатыннан тұратын гүл аналығы - 1. Кейде гүлшоғырда гүлдерден өзге ұсақ пиязшықтар (түйіншелер) түзіледі. Жемісі - 6 тұқымды қауашақ. Үрығы үш қырлы, бұжырлы ұсақ болады. Үрықтың түсі - қара. Басты пияздың гүл формуласы: *Гс3+3А3+3Ж(3) (біріккен 3 жемісжапырақшалы).
Пияз өсіру бүкіл ғаламшарда кеңінен қолға алынған. Дүние жүзінде 1,5 млн гектарға жуық егістік жерге басты пияз егіл еді. Әлемде 15 млн тоннаға жуық пиязшық өндіріледі. Басты пияздың дүние жүзінде 1 000-ға жуық іріктемелері бар. Қазақстанда шығарылған «Дүнген-56» іріктемесі Эрфурктегі халықаралық көрмеде күміс медальға ие болды. Басты пияздың бұл іріктемесі Қазақстанның көптеген облыстарында аудандастырылды. Басты пияздың сабағы және пиязшығы тағамға пайдаланылады. Пиязшығының құрамында 14%-ға жуық қант, 2%-ға жуық нәруыз болады. Әсіресе С витамині (14 мг%), сондай - ақ В және РР тобындағы витаминдер де бар.
Қолданылуы
Пиязды барлық тамаққа пайдаланады десек те болады. Алайда, пияз тағам өнеркәсібінде ғана емес, медицинада да қолданылады. Пияз шырыны іш өтуіне, қуыққа әсер етеді. Фармацевтика өнеркәсібінде «Сцилларе» деп аталатын сұйық дәрі шығарылады. Сонымен қатар пияз кардиологияда да қолданылады. Зиянкестерге қарсы дәрі-дәрмек құрамында да болады.
Пайдалылығы
Біріншіден, ас қорытуға жақсы әсерін тигізеді. Пияздың иісі өте жағымсыз екенін бәріміз жақсы білгілі. Алайда бұл көкөністің бойындағы ең құндысы да осы. Пияздың бойындағы эфир майы ауру қоздыратын – құрт, бактерияларды жояды. Сондықтан оны салатқа, бірінші және екінші тағамға, жалпы сәйкес келеді деген барлық тағам түрлеріне қосып, үнемі пайдаланған жөн.
1. Атересклероз, ми тамырлары ауруларына пияз сөлі мен балды араластырып (1:1), бір ас қасықтан күніне үш рет тамқатанудан бұрын сағат жарым уақыт бұрын немесе содан екі-үш сағат кейін қабылдайды. Пияз сөлі мен кесінділері әр түрлі жараларға, соның ішінде ұзақ уақыттан бері бітіп болмаған жарақатқа, күйген жерге жақса, тиімді әсері тез байқалады.
2. Сүйелдер мен іріңді жараларға пияздың жылытылған ұсақ кесінділерін кір сабынмен араластырып (2:1) жағып, үстінен бинтпен орап тастайды. Бинтті күн сайын ауыстыру қажет.
3. Пияздың сөлі салқын тигеннен болатын ауруларға (тұмау, мұрынның бітелуі іт.б) өте жақсы көмектеседі. Ол үшін сөл мен балды 1:1 араластырып, ас қасықпен күніне үш-төрт рет ішу керек. Егер тамақ ауырса, осы қоспаны бір шай қасықпен күнне үш-төрт рет ішеді. Тұмау болғанда пияздың сөлін мұрынның айналасына жағады немесе туралған пиязды екі-үш минут иіскеу керек. Бұл тәсілді ауру жаңа басталғанда қолданған өте тиімді. Туралған пиязды шағын ыдысқа салып, бала ұйықтаған кезде (тұмау болғанда) бас жағына қойса, мұрнының ашылып, жақсы ұйықтауына көмектеседі.
4. Қатты жөтелден арылмасаңыз, пияздың көмегіне жүгініңіз. Ол үшін әйнек бөтелкені туралған пиязбен толтырып, бөтелкенің сыртын қамырмен қаптап, духовкаға салыңыз. Сырты пісті-ау деген кезде духовканы өшіріп, суығанын күтіңіз. Содан кейін қамырынан аршып, бөтелкедегіні үлкендер екі ас қасықтан күніне 3-4 рет қабылдайды, ал балаларға бір ас қасықтан берсе де болады. Мұндай ем созылмалы гастриті барларға да зиянын тигізбейді.
Шамамен 50 грамм мейізге 200 мл қайнаған су құйып, жарты сағат қоя тұрады. Сосын оған бірнеше пияздың сығып алынған сөлін (үш ас қасық көлемінде) араластырады. Бұл тұнбаны жөтел кезінде күніне бір рет жатар алдында бір жұтым шамасында қабылдап алған жөн. Сонда жөтелден тез құтыласыз.
5. Қан қысымы жоғары адамдарға (гипертоник) күніне бір-екі пияз жеп тұрған өте пайдалы. Бір ескертер жай, асқазаны ауыратындарға пияздың таза өзінің сөлін пайдалануға болмайды. Бірнеше пиязды ұсақтап турап, оны басыңызға қалың етіп салып, он минут шамасында ұстаңыз. Сосын басыңызды шайып алсаңыз, шаш құрамы жақсарып, шаштың түсуі тоқтайды.
6. Пияз және сұлулық Пияздың антисептикалық, зарарсыздандыру және қабынуға қарсы қасиеттері көп. Ол адамның сүйегін, тістерін және тырнақтарын күшейтуге үлкен үлес қосады. Пияз шашты жақсартып, адамның терісін жібек сияқты жұмсақ болуына көмектеседі. Себебі жуаның ішінде мырыш, күкірт және силикон сияқты пайдалы элементтер мол. Сондай-ақ, салмағыңызды азайтып, келбетті бола түскіңіз келсе пияз жеуден тартынбаңыз.
7. Ас қорытуды жақсарту жолдарының бірі Пияз майлы тамақ жейтін және ішімдік көп ішетін адамдарға ұсынылады. Ол тек бауырдың жұмысын жақсартып қоймай, ұйқы безіне үлкен әсер етеді, сондай-ақ, ағзамыздағы қант мөлшерін қажетті деңгейде ұстап тұрады. Пияздың осындай қасиеттері семіздіктен, жүйкенің тозуынан қорғап, қанның құрамындағы холестерин мөлшерін азайтады және жүрек ауыруларының қаупін азайтады екен.
8. Жаралардың тез жазылуына көмек Пияз сыртқы дәрі ретінде де пайдалы болып есептеледі. Ол жараның жазылуын жылдамдатады. Пияз компресін безеулер асқынған кезде, тері зақымдалғанда және тері күйіктерін емдеу үшін пайдаланған дұрыс. Қысқы мезгілде пияз адам ағзасының жұқпаларға қарсы тұру қабылетін арттырып, иммунитетін күшейтеді. Қалаған адам пияздың шырынын ішуге де болады
9. Маринадталған пияз
Сірке қышқылы қосылған суға араластырып, қалауынта тұз және құмшекер қосып, үстіне өсімдік майын құяды. Қоспаны эмальмен қайнатылған кастрюльге аударып, сақиналап кесілген басты пияз салады да (майда пияздарды тұтастай маринадтайды), лавр жапырағын, хош иісті бұрыш, қалампыр қосады. Қоспалы қайнағанша араластыра отырып қыздырады, одан кейін эмальмен қапталған басқа ыдысқа ауыстырып, құйыл жылдам суытады. Маринадталған пиязды басытқы ретінде де (дастарқанға аскөк сеуіп, кішкене ыдысқа салып қояды), маринадталған немесе тұздалған майшабаққа гарнир ретінде де пайдаланады, сондай-ақ винегретке және кейбір көкөніс және балықтан жасалған салаттарға қосады. 4—5 бас пиязға: 5 ас қасық сірке қышқылы, 5 ас қасық су, 2 ас қасық өсімдік майы, 11/2—2 шай қасық құмшекер, 1/2 шай қасық тұз, 2 лавр жапырағы, 3 бас бұрыш. 3—4 қалампыр қосады.
10. Жұмыртқа қосылған пияз салаты
Пиязды қалындау етіп дөңгелете кесіп, эмальмен қапталған кастрюльге салады 21/2 стакан суды қайнатыл, оған сірке суын қосып, қайнаған қоспаға пияз салады. Кастрюльдің қақпағын жауып суытады. Сосын пиязды кепсерге салып, суын ағызады. Жұмыртқаны ірі-ірі етіп кесіп, пиязбен араластырады да, үстіне майонез қатып, тоңазытқышта суытады. Дастарқанға қояр алдында майдалан туралған жаңа жиналған қияр қосуға болады. 500 г. бас пиязға: тұтас пісірілген 4—5 жұмыртқа, 1 банка майонез, І ас қасық сірке қышқылы қосылады.
11. Қуырылған басты пияз
Пиязды дөңгелектеп кесіп, тоң май ерітілген табаға салып, сары түске енгенше араластырып қуырады. Қуырылған пиязды ожаумен кепсерге немесе елекке салып тұздайды. Осылайша дайындалған пиязды қуырдаққа гарнир ретінде пайдаланады.
12. Жылатады
Пиязды турағанда біз неге жылаймыз? Бұның бәрі пияздан бөлінетін LFS энзимдерінің құрамында күкірті бар аминқышқылдармен араласу кезінде түзілетін сульфон қышқылдарының жұмысы, олар шырышты қабықты және жас бездерін тітіркендіреді және бұл жас тамшыларының бөлінуіне әкеліп соғады. Егер ақжелкенді немесе қуырылған кофе дәнін шайнасаңыз, бұл ұнамсыз құбылыс жоғалады.
13. ПИЯЗ мидың мөлшерден тыс, психикалық шаршаған кезінде көмектеседі. Қанды сұйықтандырады, миды оттегімен қамтамасыз етеді. Мөлшері, күнде 1 пияздың жартысынан кем емес.
Пияздың басты (қатпарлы) пияз, батун-пияз, корей-пияз, шнитт-пияз, шалот-пияз т.б. түрлері бар. Ең кең тарағаны — басты пияз, оның түйнегі мен жапырақты сабағы болады. Түйнекте белок, клетка қабығы және минералды тұздар болады. Басты пияздың сорттары ащы, жартылай ащы және тәтті болып бөлінеді. Пияздағы ащы дәм оның құрамында болатын эфир майынан. Пияздағы С витаминінің көлемі 10 мг %. Ауру жұқтырмайтын (бактерицидтік) және қырқұлаққа қарсы қасиеттері бар. Жартылай ащы және ащы пияздарды көбінесе орталық белдеуде және солтүстікте өсіреді. Басты пияздың ең жақсы ащы сорттарының қатарына: Бессоновский, Ростовский, кубастый, Ростовский репчатый, Арзамасский, Стригуновский, Мстерский, Тимирязевский пияздары, жартылай ащы сорттарына — Цитауский, Қаратал, Луганский пияздары жатады. Пияздың тәтті және жартылай ащы сорт- тарын (Испанский, Каба және басқа пиязда көбінесе еліміздің оңтүстігінде өсіреді, өйткені орталық белдеуле, сондай-ақ солтүстікте олар пісіп үлгірмейді. Тәтті пияздар жартылай ащы және ащы пияздарға қарағанда нашар сақталады. Пиязды күзде ауа-райы құрғақ кезде сабақтары қурай бастағанда жинайды. Оны сәл қысқалау етіп сабағын қалдыра кеседі. Толық телегей пиязды құрғақ, жылы жерде келтіреді. Пияз ды 0°С-ден 3°С-ге дейінгі температурада ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70—75% жерде сақтаған жөн. Пияздың ащы сорттары кез келген құрғақ әрі салқын жерде, тіпті, әдеттегі үй жағдайында да қыс бойы, жаңа өнімді жинағанша, жақсы сақталады, тек оны сақтаудың алдында жақсылан кептіру керек. Пиязды кеуіл кетуден және бүлінуден сақтайтын құрғақ қабығы болады. Құрғақ қабық қалың әрі тығыз болса, пияз соғұрлым жақсы сақталады. Баста пиязды асқа көк күйізде де, қайнатылған, қуырылған, консервіленген, кептірілген күйлерінде де пайдалана береді. Пияз турағанда көзден жас аңлау үшін пышақты салқын сумен шайын отыру керек. ' Басты пияздың немесе көпжылдық пияздар — батун-пияз, шнитт-пияздың сабағы көк пиязда кеңінен пайдаланылады, Басты пияздың көк сабақ алынатын ең жақсы сорттары — Арзамасский, Бессоновский, Спасский пияз дары. Көк пияздың құрамында 30 мг % С витамині және каротин (А провитамині) болады. Көк пияз ды жыл бойы өсіруге болады, оның құндылығы да осында. Тамаққа көк пиязды жаңа жиналған күйінде, сондай-ақ оны начинка жасағанда найдаланады. Көк пияздың ең жақсысын тұқым-пияздан, яғни басты пияздың түйнектерінен алады. Көк пиязды сабағының ұзындығы 35—40 см-ге жеткенде жинайды. Оны салқын жерде сақтау керек, жазда тез қурай, сарғайып кететін болғандықтан 3 күннен артық сақтауға болмайды. 0°С температурада көк пиязды сыртқы түрін өзгертпей және дәмдік қасиеттерін жоғалтпай 10 күнге дейін сақтауға болады.
Батун-пияз
Батун-пияз (татарка, дудчатый, қыстық, құмдық). Тамаққа, негізінен, сабақтарын пайдалан ады, олар түрі мен дәмдік қасиеті жағынан басты пияздың сабағына ұқсайды, бірақ олардан біршама ірілеу. Батун-пияздың кейбір түрлері сабақтарында С витаминінің мол (80 мг %-ке дейін) болуымен ерекшеленеді. Таралу аймағы да өте кең (оңтүстіктен Поляр шеңберіне дейін). Ол аязға берік, күй талғамайды, қыста ашық жерде де ұстауға болады және ерте піседі. Батун - пияздың алғашқы көк сабақтарын ортаңғы белдеуле апрельдің аяғы, майлық басында жинайды. Көк сабақтарды жаз бойы бірнеше рет кесіп алады, бірақ тамыздың бірінші жартысынан кейін тоқтатады, өйткені мұның салдары келер жылдың өніміне кері әсер етеді.
Порей-пияз
Порей-пияз (жақұт порей), негізінен КСРО-ның европалық бөлігінің оңтүстігі мен Закавказьеде өсіріледі. Ең көп тараған сорты — Қаратал пиязы. Бұл пияздың ұзын, жалпақ, жасыл жапырақтары және жуан сабақтары болады. Асқа бұл пияздың сабағын (жаңа жиналған бетте, қайнатылған, кептірілген, тұздалған) және жас жапырақтарды пайдаланады. Бұл пияз витаминдерге (Ві, Вр, РР, каротин) бай, оның құрамында 35 мг % С витамині бар. Оны күздің аяғына қарай жинайды. Ұзақ сақтау үшін сабақтардың жоғарғы жағын (1/3 бөлігін) кесіп алады да, түбірін сақтайтын орынның суық жағына ылғал құммен көміп тастайды. 0°С температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 90% болғанда бұл пиязды 3 айға дейін сақтауға болады.
Шнитт-пияз
Шнитт-пияз (рязанец, сибирьский, скорода, трибулька) жапырақтары майда тікенекті, оларда С витамині (7 —105 мг %) және каротин болады. Жапырақтары жас кезінде жұмсақ , нәрлі. Өсе келе тез іріленіп кетеді. Бұл аязға төзімді және ерте өкім беретін пияз. Оны аз мөлшерде ғана, кейде сәндік және шырын жинайтын өсімдік ретінде өсіреді.
Шалот-пияз
Шалот-пияз (шарлот, сорокозубка) оңтүстік аудандарда таралған. Там аңқа жас түйіні мен сабақтарын сол күйінде, кейде маринадтап пайдаланады. Сабақтары кабысқан түтік тәрізді, балауыз түстес болып келеді. Пияздары майда, жұмсақ , дәмі онша ащы емес. Оның құрамында 13% қант (сабақтарына 5,5%) бар. Аязға төзімді, сондықтан оны қысқа қарай егеді, көктемде ол өнімді ерте береді. Бұл пияздың көк сабағы қыста ұзақ уақытқа жақсы сақталатындықтан, оны түйнегінен жұлмайды. Оңтүстікте бұл пияз ды шатырдың астында сақтайды, өйткені 20°С-тық суыққа ұшыраса да дәмі жоғалмайды.
Пияз туралы тақпақ
Болса да ащы,
Дәмді етер асты.
Өседі ол жерге,
Тығып алып басты.
Қорытынды:
Пиязсыз Мысыр пирамидалары болмас еді …
Пияз тарихы кем дегенде 3000 жылды құрайды, ал оның отаны Орталық Азия және Үндістан болып табылады. Римдіктердің арқасында ол Еуропаға келді, ал Христофор Колумб оны мұхиттың ар жағына таратты. Пияз суреттері, тіпті, мысыр пирамидаларында да табылды – олардың құрылысын салған құлдардың тағамы пияз болған, өйткені індеттер таралуының тиімді алдын алады. Бүгінде пияз бүкіл әлемде өсіріледі және барлық құрлықтардың тағамдарында үлкен ынтамен қолданылады.
Жуа(Алліұм) – көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Солтүстік жарты шарда 500-ге жуық түрі кездеседі. Қазақстанда жуаның 108 түрі далалық шөл, шөлейтті жерлерде, әсіресе, таулы аймақтарда өседі. Сабағы қуыс, кейде бітік, оның ұшында көп гүлді, шатыр тәрізді гүлшоғырлары бар. Жапырағы тұтас қынапты, сабағын орап тұрады. Гүлі ұсақ, ақ, қызғылт сары, жасыл түсті. Жемісі – үш қырлы қауашақ. Баданалары домалақ, кейде сопақша. Жуаның сирек кездесетін 9 түрі (мыс., Піскем жуасы, түпті жуа, Сергей жуасы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. жуа мал азықтық, тағамдық, дәрілік өсімдіктер ретінде де бағаланады. Ерте заманнан бері ерекше сәнді әсемдік өсімдіктер есебінде мәдени түрде өсіріледі және арамшөп түрлері де кездеседі.
Жуа (Аііісет) - екі жылдық және көп жылдық өсімдіктер туысы. Қазақстанда 100-ден астам түрі бар, оның 29-ы эндемикалық. 4 түрі (бас пияз, сарымсақ, шалот, батун) мәдени дақыл ретіңде өсіріледі. Жапырағы түтікше пішіндес не жалпақ. Тамыр жүйесі шашақты (тамыры топыраққа 25 см-дей тереңдейді), баданасы не қысқа тамыр сабағы бар. Гүлі ұсақ, қос жынысты, түйінінің үш ұшасы бар. Гүлшоғыры — шатырша. Жемісі қара дәнді кұрғақ қауашақ. 40-150 күнде өсіп жетіледі. 3-4 жылдан кейін гүлдей бастайды. Жапырағы мен баданасында кант, клетчатка, кальций, калий, В, Вр В,, С, РР витаминдері бар. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.
Пияз
100 г. пиязда – 40 ккал бар.
Пиязда жасұнық, ағуыздар, магний, фосфор, темір, натрий, кальций, калий, A, B1, B2, B6, C, PP дәрумендері бар.
Бактерияларды жойғыш
Пияздың бактерияларға қарсы әсері, сонымен қатар оның індеттердің алдын алатын қасиеттері қатты бағаланады. Пияз шырынында фитонцидтер бар, олар – бактерияға қарсы табиғи заттар. Шикі пияз бактерияларға қарсы қосылыстырға бай екенін білген жөн. Тіпті, бұқтырылған немесе пісірілген күйдегі пияз әлі көп нәрсе ұсына алады.
Холестерин деңгейін азайтады, жүректі күшейтеді және қатерлі ісік ауруынан қорғайды
Пияз холестеринмен күресуге көмектеседі, өйткені ол оның деңгейін едәуір түрде азайтады. Қанды сұйылту әсерін береді, соның арқасында күретамырдағы іркілістердің пайда болу қаупін азайтады, қан қысымын түсіреді және жүректі қорғайды. Қазіргі кезде пиязды және одан жасалған өнімдерді күнделікті пайдалану қатерлі ісік ауруларының пайда болуын азайтатын дәлелдеуді мақсат еткен кең көлемді зерттеулер жүргізілуде.
Пайдаланған әдебиет
-
Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007
-
Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Көкөністер: Дидактикалық материал.- Алматы, 2011.
-
“Қазақ Энциклопедиясы”
-
Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы
-
"Қазақ Энциклопедиясы"
-
Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004.


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген