400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Тақырыбы: «Қар жауып тұр»

Материал туралы қысқаша түсінік
Кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметiнiң конспектiсi
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Әулиекөл ауданы білім бөлімінің «Ромашка» бөбекжайы» КМҚК

Өткізілетін күні:16.02.22ж

Кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметiнiң конспектiсi

Тәрбиеші:Касенова.Г.С.

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: «Қар жауып тұр»

Мақсаттары:Қыс мезгілі туралы білімдерін толықтыру

1. Оқыту:.Бояумен,мақта таяқшамен сурет салу,жалғастыру

2. Дамытушылық: Ұсақ қол моторикасын дамыту,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелiк:Сурет салуға деген қызуғушылықтарын арттыру,табиғатты аялап,сүюге тәрбиелеу.

Педагогикалық технологиялар: ізденістік,,икт.

Ресурстармен қамтамасыз ету: ағаштары салынған,көк түсті қағаз,әр балаға,ойыншық-қоян,орман ағаштары салынған сурет,ақ гуашь,мақта таяқшалар,салфетка,тақтайшалар әр балаға.

Ұйымдастырылған оқу қызметiнiң барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезенi: Әуен ойналып,қыс мезгілі безендірілген топқа кіреміз.

Қол ұстасып бәріміз

Қуанайық бәріміз

Қолымызды созайық.

Күннен шуақ алайық.

2.Негiзгi бөлiмi:

Ақша қар,ақша қар.

Аппақ болып қонасың

Тосса қалсаң қолыңды

Алақаның толады.

-Балалар,айтыңдаршы қазір қандай жыл мезгілі?

-Қыс мезгілінде ауа-райы қандай?

--Далада күн суық.

-Айналамызда не көп?

-Дұрыс,айналамыз толған қар.

-Қыста күн жылуын аз береді.Күн суық болады,Қатты жел соғады.,Боран,аяз болады.

-Денеміз тоңбау үшін жылы киінеміз.

Ойын: «Біз жылынып алайық»

Тоңса біздің қолымыз

Қолғап киіп аламыз

Сарт-сарт-сарт

Алақанды соғамыз.

Етік киіп аламыз

Топ-топ-топ

Топылдата билейміз

Тоңса біздің денеміз

Тоңды киіп аламыз.

-Кенет есік тарсылдап,қоян кіріп келеді.

-Ой балалар,бізге қонаққа кім келді?

-Қоян;сәлеметсің бе!

-Қолында суреті ұстап тұрып.Мен тұратын орманда қар мүлде жоқ,орман мекендеушілер қыс мезгілін көргісі келеді.

-Қар қандай болады өзі?

-Аппақ

-Жұмсақ,,жеңіл,суық.

-Балалар,қоянға оның достарына көмектесеміз бе?

-Кәне,балалар, қардың суретін салып берейік,қоянға.

-Балалар орындықтарға отырыңдар.

-Балалардың алдында көк қағазда,ағаш суреттері салынған қағаз,ақ гуашь,мақта таяқшалары.

-Балалар,кәне бәрің мұқият қараңдар.

-Қолымызға мақта таяқшаны алып,ақ бояуға батырып,жауып тұрған қарларды саламыз.

-Асықпай,әдемі таза етіп саламыз.

-Ал балалар, жауып тұрған қар суретін салмас бұрын, «саусақ жаттығуын» жасайық

Қар жауады сол жақтан,

Қар жауады оң жақтан

Қар атысып ойнасақ

Су болады қолғаптар

-Ал балалар,қардың жауып тұрған саламыз.

Музыка қосу.

-Салып жатқан балалардың суретін қадағалау.

-Балалар,аяқтадыңдар ма,бәрің маған қарай келіңдер.

Ойын:«Қар жинау»

-Балалар,мен қарды лақтырап,сендер тез жинап алыңдар.

-Өте жақсы балалар.

3.Қорытынды:

-Балалар,біз бүгінгі оқу іс-әркетімізде немен айналасытық?

-Қоянға көмектестік,жауып тұрған қардың суретін салдық.

-Балалар,сендерге қоянға көмектескен ұнады ма?

-Ұнаса қоян сендерге көмектескені үшін рахметін айтып сыйлық беріпті.

-Балалар, өте жақсы салдыңдар.

-Тамаша,әдемі салдыңдар.

-Жарайсыңдар,балалар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.07.2022
821
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі