Материалдар / Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Б М :Балаларды ертегі мазмұнын түсініп, оны әңгімелеуге, диалог сөздерді мәнерлеп келтіре айта білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.Балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыра отырып , сөздік қорын байыту. Д М :Тілдерін дамытып байланыстыра сөйлеуге үйрету. Баланың ойлау, қабылдау, тану, көру, есту қабілеттерін дамыту. Т М :Балаларға жақсы жаман кейіпкерлердің іс –қимылдарын ашып көрсетуге .Еңбек сүйіспеншілікке , тазалыққа, мейірімділік пен адалдыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Желтоқсан 2021
457
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Білім бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ»

Б М :Балаларды ертегі мазмұнын түсініп, оны әңгімелеуге, диалог сөздерді мәнерлеп келтіре айта білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.Балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыра отырып , сөздік қорын байыту.

Д М :Тілдерін дамытып байланыстыра сөйлеуге үйрету. Баланың ойлау, қабылдау, тану, көру, есту қабілеттерін дамыту.

Т М :Балаларға жақсы жаман кейіпкерлердің іс –қимылдарын ашып көрсетуге .Еңбек сүйіспеншілікке , тазалыққа, мейірімділік пен адалдыққа тәрбиелеу.

Әдіс тәсілі: Сұрақ –жауап. Ойын қозғау, суретпен жұмыс әңгімелеу тақпақтар.

Көрнекіліктер: «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі бейнеленген мазмұнды сурет, қазақ үй.

Билингвалды компонент: Ертегі-сказка, жеті- семь, лақ-козлят, қасқыр-волк,орман-лес, үй-дом, шұңқыр-яма.

Шаттық шеңбері

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

Балалар шеңберге тұрып шаттық шеңберін жасайды.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілінің ерекшеліктерін атаңдар?

Балалар көңіл күйлерің қалай?

Балалар біз қандай тәртіпті , сүйкімді де өнерлі балалар екенімізді көруге қонақтар келіпті:Қане балалар,қонақтарға өзіміздің тапқырлығымызды көрсетейік.Қазір мен сіздерге ертегі суреттерін көрсетемін.

Дидактикалық ойын:

«Ертегіні ата»

Шарты:Тақтадағы суреттерді балалар атауы керек.

Балалар зейін қойып қарайды.

Балалар суреттегі етегіні тауып айтады.

1.Бауырсақ.

2.Шұбар тауық.

3.Шалқан.

4.Жеті лақ.

Жарайсыңдар балалар , сіздердің тапқырлықтарыңды байқадық.Өте жақсы балалар. Балалар сіздер ертегі тыңдағыларың келема?

Иә тыңдаймыз.

Орыс халқының «Жеті лақ ертегісін ұсынамыз».

Балалар мұқият тыңдайды.

Жаңа технология қазақ үйден ертегіні балаларға тыңдату.

Ертегі ұнадыма балалар?

Ұнады.

Балалар ешкі жануарына жатады, ешкінің төлін лақ деп атайды, біздер тағыда қандай үй жануарларын білеміз?

Дидактикалық ойын:

«Үй жануарымен жабайы жануарды ажырат».

Ойын шартын:Сыйқырлы дорбадан Үй жануарларын қораға орналастырады.Ал, жабайы жануарларды орманға орналастырады. Ал, жабайы жануарларды орманға орналастырады.

Балалар ажыратады.

Жарайсыңдар балалар өте тамаша .

Балалар сіздер ертегіні тыңдадыңдар ертегіде жеті лақты анасы өте жақсы көреді. Жеті лақ аналарына арнап тақпақтар жаттаған. Ертегіні сахналамас бұрын тақпақтар тыңдайық.

Қалжан

Сөзімізді дұрыстайтын ана,

Айғайлап ұрыспайтын ана.

Айғайлап ұрыспайтын ана,

Ылғида ерте келетін ана.

Ислам

Анам үшін күнде мен

Отынға ағаш жарамын.

Су құямын гүлге де,

Дүкенге де барамын.

Нұрали

Ел жатқанда жатпаған

Мен деп тыным таппаған

бақыты үшін баланың,

Аман сау бол ақ мамам.

Жарайсыңдар балалар сіздер де аналарыңда қалай жақсы көретіндеріңді білдік.

Ал, енді ертегіні сахналап көрейік.

Ешкі рөлінде:

(Тәрбиеші: Жұмахан .Ж )

Лақтарым шұнақтарым,

Мен орманға барамын.

Сүтпен көк шөп аламын

Есікті ешкімге ашпаңдар

Үйді ойнап шашпаңдар.

Ешкі лақтарына азық түлік әкелуге орманға кетеді. Осы кезде орман ішінен келе жатқан қасқыр ешкінің әнін естіп қалады .

Қасқыр рөлінде:

(Тәрбиеші: Орманкулова .В).

Лақтарым , шұнақтарым

Өрістен енең келді

Желіні сыздап әрең келді,

Емшек сүтім ағып жатыр

Тамағыма тамып жатыр

Есікті ашыңдар лақтарым

Жуан дауыспен айтады.

Деп әндетіп есікті қағады.

Үйдің ішінен лақтары.

Қасқыр:Мен сендердің аналарыңмын.

Мен сендерге сүт әкелдім ,есіктеріңді ашыңдар.

Лақтар сен біздің анамыз емессіз біздің анамыздың дауысы жіңішке ал, сіздің дауысыңыз жуан.

Қасқыр әрі жүріп ,бері жүріп, ешкінің дауысын салып есікті қайта тоқылдатады.

Қасқыр: (Жіңішке дауыс ырғағымен ешкінің дауысын салады).

Лақтарым , шұнақтарым

Өрістен енең келді

Желіні сыздап әрең келді,

Емшек сүтім ағып жатыр

Тұйағыма тамып жатыр

Есікті ашыңдар лақтарым.

Лақтары аналары келген екн деп есікті ашып жібереді.

Осы кезде қасқыр ырылдап үйге кіріп келіп, барлық лақтарды жеп қояды.

1 Лақ , пештің ішіне тығылып қалады.

Қасқыр болса қарыны қампайып, орманға кетеді.Осы кезде орманнан шөбін алып ешкі ана келеді.

(отыра салып жылайды).

Ешкі:

Лақтарым , шұнақтарым

Өрістен енең келді

Желіні сыздап әрең келді,

Емшек сүтім ағып жатыр

Тұйағыма тамып жатыр.

Есікті ашыңдар лақтарым.

Лақтары шықпайды.

Пеште тығылған лақ анасына қарай жүгіреді.

Ешкі басқа лақтар қайда кеткен?(дірілдеп)

Оларды сұр қасқыр жеп қойды. Мен пештің ішіне тығылып қалдым, әйтпесе меніде жеп қоятын еді.

Ешкі балаларын ізрдеп жолға шығады алдынан қасқыр шығады.

Ешкі менің лақтарымды көрмедіңба?-деп сұрайды.

Қасқыр: жоқ көрген жоқпын деп жауап береді ешкіге көмектеспекші болып жолға шығады.

Екеуі келе жатып алдынан бір шұңқыр шығады шұңқырдан ешкі қасқырды алдап секіріп кетеді қасқыр шұңқырға түсіп кеткенде қарыны жарылып ішінен лақтары шығады.

Ешкі лақтарын тауып мәз болады.

Рөлдерде ойнаған балаларды таныстыру.

Билингвалды компонент: ертегі-сказка, жеті-семь, лақ-козлят,қасқыр –волк, орман-лес, үй-дом, шұңқыр.

Біз бүгін қандай ертегіні сахналадық?

Балалардың жауабы.

Жарайсыңдар балалар біз бүгін қандай ертегіні сахналадық?

Сұр қасқыр.

Жеті лақты не жеп қойды?

Жабайы.

Қасқыр үй жануарыма әлде жабайы жануарма?

Балалар жеті лақты кім құтқарады?

Анасы.

Жарайсыңдар балалар, сіздерге рахмет.

Күтілетін нәтиже:

Нені түсінеді:Ертегідегі қасқырдың үй жануарын жеп қоятынын.

Нені меңгерді:Ертегіні сахналап көрсетуді.

Нені білді:Анасының айтқанын тыңдау керектігін.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!