400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: Қауіпсіздік техника ережелерімен танысу

Материал туралы қысқаша түсінік
1) Өткен тақырыпты қайталау (сұрақ - жауап және сөзжұмбақ арқылы тексеру) 2) Жаңа тақырыпты түсіндіріп, реттілігі бойынша жұмысты жасап көрсету (сұлбалармен және кабинкалармен жұмыс) 3) Бекіту сұрақтары Сәлеметсіздер ме, білім алушылар! Бүгін бізде ашық сабақ. Өткен сабағымызда біз электрлік жарықтандыруды қосып өткен болатынбыз. Өткен тақырыпқа байланысты сіздерге бірнеше сұрақтар қойғым келіп отыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


«Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы»ММ


«Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі» МКҚК





КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

колледж әдіскері директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

________ А.С.Керимкулова _____________ Л.С.Байсеитова

«_____»______2021ж. « _____ »______ 2021ж.





«Кәсіптік оқыту» пәндік циклдік комиссия

0901000 – «Электр станциялары мен желілерінің (түрлері бойынша) электр жабдықтары» мамандығы.



АШЫҚ САБАҚ


Тақырыбы: Қауіпсіздік техника ережелерімен танысу





Өндірістік оқыту шебері: Базаров А.




















Т.Рыскулов- 2021ж.







«Кәсіптік оқыту» пәндік циклдік комиссиясының мәжілісінде «__» ______ 2021 жылы қаралып, ӘК бекітілуге ұсынылды (хаттама №____)

«Кәсіптік оқыту» ПЦК төрағасы _______ Б.С.Жадыра


















































Тобы

Күні

ЖЭ-021

19.11.2021





Сабақ жоспары


Пән атауы: Өндірістік оқыту

Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік техника ережелерімен танысу

Сабақтың мақсаты: Студенттердің пәнге деген қызығушылығын артыра отырып әр түрлі қауіпті жағдай болған кезде, қобалжымай жарақат алған адамға алғашқы көмек көрсете білу.

Білімділік: Электрқауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету.

Тәрбиелік: Суденттерді жауапкершілікке, байқампаздыққа, топта жұмыс істеуге, тіл табысуға, тәртіпке бағынуға тәрбиелеу, қойылатын техника қауіпсіздігін есте сақтау және орындату. Өз жетістіктері мен өмірлік ұстанымдары үшін жауапкершілікті тәрбиелеу. Студенттердің пәнге деген қызығушылығын артыра отырып әр түрлі қауіпті жағдай болған кезде, қобалжымай жарақат алған адамға алғашқы көмек көрсете білу.

Дамытушылық: Студенттердің Электр қауіпсіздік техникасы мен жабдықтары туралы білімдерін кеңейту, жеке шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың түрі: Практикалық, кәсіптік сабақ.

Сабақтың технологиясы мен әдіс-тәсілдері: Модульдік оқыту технологиясы. IT технологиясы. Оқу танымдық әрекеттерді ұйымдастыру, техникалық құралдармен жұмыс істеу, өзіндік жұмыс істеу, білімді тексеру, қашықтықтан оқыту.

Сабақты материалдық техникалық жабдықтау: Оқу жаттығу стентді, диэлектрик аспаптар мен киімдер, кабельдер, сымдар, ажыратқыштар, сақтандырғыштар, жарықтандырғыштар, трансформатор сұлбасы, өлшеуіш аспаптарды жұмыстарына қажетті құрылғылар.

Күтілетін нәтиже: Студенттерге «Электр станциялары мен электр жабдықтарынын (түрлері бойынша) электр жабдықтары» мамандығы бойынша заманауи құрылғылар мен жабдықтармен аппаратардың жұмыс ретін түсіндіру және студенттер бір-бірін тыңдай білу дағдаларын қалыптастыру. Замануи технологиялар мен жұмыс істеу барысында электр жабдықтарына қызмет көрсетудің жолдарын үйрету.

Көрнекіліктер:Нұсқау карталары, слайд, оқулықтар, плакаттар,суреттер, презентация.

Сабақты өткізу әдіс: Түсіндіру және машықтану.

Пайдаланған әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер: 1.Электромонтер- Ж. Жәнібеков, Б. Дүрманов, Б. Топжанова. 2. Ауыл шаруашылығын электрмен жабдықтау Е.Умбеткулов,О. Долдаев,3.Энергетика,4.Қауіпсіздік техникасы-А.М.Әбдіров,Ғ.К.Сейфулина.

Қосымша әдебиеттер: 1.Электр техникасы мен энергетикасы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі- А. Құсайынов, Б. Нұржанов, С. Балабатыров, Ж. Шотанов, Т. Жұмаханов.



Электрмен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
1. Ұқыпты, тәртіпті, өте сақ болыңдар: өндірістік оқыту шеберінің ауызша және жазбаша нұсқауларын бұлжытпай орындап отырыңдар.
2. Жұмыс орындарыңды өндірістік оқыту шеберінің рұқсатынсыз тастап кетпеңдер.
3. Электр аспаптарын, материалдар мен жабдықтарды жұмыс орындарыңа өндірістік оқыту шебері көрсеткен тәртіппен жайғастырып қойыңдар.
4. Тапсырманы орындауда қажетсіз заттарды жұмыс орнында ұстамаңдар.
5. Ток көздерін өндірістік оқыту шеберінің рұқсатынсыз қоспаңдар.
6. электр тізбектерін құрастырғанда, ауыстырып қосу тетігін жалғастырғанда, жөндегенде, ток көзі ажырап тұруы керек.
7. электр тогы көзінде, сондай-ақ электр қондырғысының басқа бөліктерінде кернеудің бар-жоғын бақылау үшін арнайы бақылау шамын немесе кернеу көрсеткіш аспапты пайдалан.
8. Егер жұмысшы электр желісіне жабысып қалса, оны құтқаруы үшін, тіпті электр желісін шауып тастауға да болатынын білген жөн.
9. Резеңке қолғап пен резеңке етік кию ток соғудан сақтайтынын естен шығармаған жөн.



Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі – 5 минут

Білім алушылармен сәлемдесу.

Білім алушыларды журналдағы тізім бойынша тексеру.

Ашық сабаққа дайындықтарын тексеру.


Кіріспе нұсқаулық - 25 минут

1) Өткен тақырыпты қайталау (сұрақ - жауап және сөзжұмбақ арқылы тексеру)

2) Жаңа тақырыпты түсіндіріп, реттілігі бойынша жұмысты жасап көрсету (сұлбалармен және кабинкалармен жұмыс)

3) Бекіту сұрақтары

Сәлеметсіздер ме, білім алушылар! Бүгін бізде ашық сабақ.

Өткен сабағымызда біз электрлік жарықтандыруды қосып өткен болатынбыз. Өткен тақырыпқа байланысты сіздерге бірнеше сұрақтар қойғым келіп отыр.


Жана сабақ түсіндіру- 40 минут

Жоспар

1.Адам ағзасына эленктр тоғынын әсері.
2. Электрлік жарақатының себептері.
3. Электроқауіпсіздік.
4. Алғашқы көмек көрсету. 

Электр тоғының адам организміне әсері

Адам ток ұрғанда Термиялық. Электролиттік, Биологиялық әсер етеді:

Тоқтын термиялық әсері-дене терісін әр жерінің күюі, қан тамырларының, нерв жүйелерінің қызуымен байланысты.

Электролиттің әсері-қанның және организмнің басқа да сұйықтарының ыдырауна байланысты, оның физикалық құрамының бұзылуын туғызады.

Биологиялық әсері-ағзаның тірі жасушаларының қызуы нәтижесынде, адам буындары тартылып, журек, өкпе қысылады, нәтижесынде қан айналу мен тыныс алу мүшелерінің жұмысы нашарлайды, тіпті олар жұмысын тоқтатуы да мүмкін.                                                  

Электр тогының әсерінің әртүрлілігіне байланысты, жрарқаттанудың екі түрі болады:

1. Электрлік соққы.

2. Электрлік жарақат.

Электрлік жарақат тік әсерінен тері жасушаларының кейбір жерлерін жарақаттайды. Электрлік жарақаттың келесідей түрлері болады:

Электрлік күю, электрлік белгілер, терінің металдануы,механикалық жарақат.

Электрлік күю –ең көп таралған элетрлік жарақат түрі. Күйіктің екі түрі бар:

Тоқты және доғалы

Тоқтың күю-ток жүретін бөліктен контакт кезінде адам денесі тоқ соғуы.





Күйік төрт дәрежеде сипаталады:

I - терінің қызаруы;
II - түрі бетінде ұсақ көпіршіктердің пайда болуы;
III – терінің барлық қабаттарының жансыздануы;
IV – клекткалардың өлуі.

Организмнің жарақаттану ауырлығы – күйіктің дәрежесін байланысты емес, оның тері бетінің көмегімен сипатталады.

Доғалық күю – жоғары кернеу астында тоқ жүретін бөлік пен адам денесі арасында электрлік доға пайда болады. Доға температурасы 3500оС ден жоғары және де энергиясы үлкен. Доғалық күйік III, IV дәрежені құрайды.

Электрлік белгілер – адам терісінде сұр немесе күлгін сары түсті дақтар пайда болады. Белгілер жырық, дақ, жара түрінде байқалады. Электрлік белгілер ауырмайды және емдеуге жеңіл болып келеді.

Терінің металдануы – электрлік доға нәтижесінде еріген металл қалдықтарының адам терісінің жоғары қабатына енуі. Метализация ыстық металл әсерінен терінің күюі. Бұл жағдай қысқа тұйықталу нәтижесінде және де шамадан тыс жүктелімнен рубилышктардың сөнуінен.



https://go.mail.ru/redir?type=sr&redir=eJzLKCkpKLbS1y8vL9dLLErN1suu0k8sLk4tKdbPzE1MTy3Wz0stL9Y3MjQF0fGGelkF6QwMhmbGpiYWJoYGhgw5i4IaeEu_X9zjwP0l0ihCHACRNxwL&src=1f0ad84&via_page=1&oqid=5e8c113561578daa









Механикалық жарақат – адам денесі арқылы өткен токтың әсерінен буындардың тартылуы.

Электр тоғы өткен кезде адамнын денесі: жеңіл соққы, дененің күйіп ашуы, бұлшық еттің құрысуы, дірілдеу болып жарақатанады.

Белгілері: тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, құсықтың келуі, жүрек төңірігінің сырқырауы. Тоқтың әсерінін  жойғаннан кейін зардап шегуші шаршауды, бүкіл денесіндегі ауырлықты, еңсесін басуды немесе қозуды сезінеді.

Электр жарақаты кезіндегі жүйкі  жүйесіне электр тоғының әсері нәтижесінде пайда болған ортақ құбылыстар аса қауіпті. Тоқ соққан адам бірден есінен айырылады, бұлшық еттің қысқаруынан кейде зардап шегушіні электр тоғы бар өткізгіштен ажырату өте қиынға түседі.

https://cf.ppt-online.org/files/slide/q/qCw15bfY9PuayKshLGR4IXkrlBdE2H7cnjOA3o/slide-6.jpg

Электрлік тоғының соғуы нәтижесінде келесідей жағдайлар туындайды:

- Естен тану, буындардың тартылуы;

- Естен танып,буын тартылғанмен тыныс алу және жүрек ағысының жұмыс істеуі нашарлайды;

- Естен тану, жүрек, тыныс алу жұмыстарының тоқтатылуы;

- Қан айналымы, тыныс алу , жүректің тоқтауы.

Электр тоғының адамға әсер ету салдары мен сипаты мына факторларға байланысты:

- Адам денесінің тоққа қарсы кедергісі;

- Тоқтың кернеулігі мен шамасына ;

- Электр тоғының әсер ету ұзақтығына;

- Адам денесінде тоқтың өту жолдарына;

- Электр тоғының жиелігі мен оның тегіне;

- Қоршаған орта жағдайына



https://cf2.ppt-online.org/files2/slide/g/GvZTAkNIL5WubqDm0Yzfpj2491CxlgXaQ6eFthURKc/slide-8.jpg

https://cf.ppt-online.org/files/slide/q/qCw15bfY9PuayKshLGR4IXkrlBdE2H7cnjOA3o/slide-7.jpg





Электрлік жарақатының себептері:

– электрлік қондырғыларды пайдалану кезінде күтімсіздік  салдарынан кейбір жерлерінде иллюзия кедергісі төмендеп , ток жүрмеуге тиісті жерлерде кернеу пайда болуы, жұмыс орнын нашар даярлау салдары, қондырғы конструкциясындағы, оны монтаждаудағы жіберілген қателіктер, сапасыз нұсқау, бағыттау материалдары.

Электр тогымен жарақаттану электрлік жарық жүйесінен де, күш жүйесінен де болуы мүмкін.

Сымдарды тарту, бекіту, жөндеу және қабылдағыш құралдарға қосу оларды ток көзінен ажыратқаннан кейін ғана  жасалынады. Тартырған сым изоляциялы  болуға тиіс те,  оларды механикалық әсерден бүлінетін жерлерін сақтауға қосымша  шаралар  қолданылды. Оның үстіне операцияны жүргізгенде электрді токтан ажырату керек

Жұмыс орындау кезіндегі негізгі электржарақат себептері

— Электрқондырғышы пайдалануда қауіпсіздік ережесін бұзу;
— Тоқ жүретін бөліктерді қоршау қанағаттанарлықсыз;
— Жұмыс орнында сапасыз және уақытында нұсқау берілмеуі
— Электржабдықтың қорғаныстық жерлестіргіш болмауы;
— Қауіпсіздік шарасы қарастыратын наряд-рұқсатсыз электр жеткізу желісінің қауіпті  аймағында жұмыстар жүргізу
— жұмысшылардың электрқауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтамау;
— кернеу берілген электржабдықты

Электрқауіпсіздігін қамтамасыз ету:

- электрқондырғының құрылысымен;

- механикалық әдіс және қорғаныс құралдары

- ұйымдастыру және техникалық шаралармен.

https://cf.ppt-online.org/files1/slide/e/ePIEWXc05ObD4KsVL2kChoQnuNrxFz6dvg3Rmp9TqG/slide-1.jpg


Электрқондырғының құрылымы. Электрқондырғының (электроқозғалтқыш, басқа электротехникалық бұйымдар) орындалуы келесіні қамтуы тиіс:

- жұмысшыларды электр тоғының және электромагниттік өрістің қауіпті және зиянды әсерінен қорғау, электрқауіпсіздігі  талабына сәйкестігі.

Электрқондырғының (электроқозғалтқыш, басқа электротехникалық бұйымдар) орындалуы келесіні қамтуы тиіс:                                                        

 - жұмысшыларды электр тоғының және электромагниттік өрістің қауіпті және зиянды әсерінен қорғау, электрқауіпсіздігі  талабына сәйкестігі.

Техникалық әдістері және құралдармен электрқауіпсіздік қамтылуы

 Тоқ жүретін және тоқ жүрмейтін бөліктерге тиіп кетуден қорғауды қамтуда, оқшаулама бүліну әсерінен кернеу берілуі мүмкін болғанда, келесі әдіс және құралдар қолданылады:

Қорғаныстық қоршау;

— тоқ жүретін бөліктердің қауіпсіз орналасуы;

— тоқ жүретін бөліктерді оқшаулау;

Қауіпсіздік белгілері

Ескерту:

Тиім салатын:

Алдын-алу

Көрсету

    Электр жеткізу желісінің өткізгіш сымдарына дейін кранның нысанасының қауіпсіз ара-қашықтықта ысыру, бұрылу және көтеру механизмін автоматты тоқтатуға жұмыс қозғалысының шектеуіші.

— қорғаныстық ажыратылу;

— Жеке қорғаныс құралдары:

  Бұл электр құралдарымен жұмыс жасайтын қызыметкерлердің электр тоқпен зақымдануынан қорғайтын құралдарын айтамыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
972
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі