Тақырыбы: Қазақ тілі – мақтанышым!
Мақсаты:
1. оқушыларды қазақ тілінің
қадір – қасиетін түсіне білуге шақыру, мемлекеттік тілдің
мәртебесін биік ұстау жөнінде , мемлекеттік тілдің маңызы туралы
түсіндіру
2. Ойлы сөздер, өлең – жыр, мақал – мәтелдер айту арқылы
оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту сөздік қорын молайту,
жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге
баулу.
3. қазақ тіліне деген
сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік тілді қастерлеуге
тәрбиелеу.
Безендірілуі: тіл туралы мақал-
мәтелдер, қанатты сөздер, кітаптар
көрмесі.
Сыныптан тыс іс-шараның
барысы:
ҚР Мемлекеттік гимні
орындалады.
1 -
жүргізуші:
Ана
тілің –арың бұл
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл
Өз
тіліңді құрметте!
2 - жүргізуші:
Ана
тілің,біліп қой,
Еркіндігің,теңдігің!
Ана
тілің,біліп қой
Мақтанышың,елдігің!
1 - жүргізуші:
-
Армысыздар! Құрметті ұстаздар, оқушылар ! Тіл
жанашырлары!
2 - жүргізуші:
-Мемлекеттік тіл күніне арналған «Қазақ тілі -
мақтанышым» іс-шарамызды назарларыңызға ұсынамыз.
1 - жүргізуші:
-Мемлекетіміз егемендік алып, ана тіліміз қанатын
жайып, көптен күткен арманымыз орындалды.
2 - жүргізуші:
-
Ия, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрлері, тіл
ерекшелігі болады. Біздің ұлттық тәрбиеміз - ананың тілінен бастау
алады.
1 - жүргізуші:
-Қазақ тілі – Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі -
әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ
тілі - қазақ халқының ана тілі.
2 - жүргізуші:
- Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп
қалыптасады. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден
басталуы керек. Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған
тіліңді білуден басталады.
«Тіл туралы» бейнефильм
Қойылым «Оқырмандардың
пікірі»
Бірнеше оқырман «Тіл байлығы - әрбір ұлттың
мақтанышы» деген тіл туралы жазылған сөздерді оқи отырып,
бір-біріне сұрақтар қою арқылы пікір алысады.
1-бала: - Мен саған “осы тіл не үшін керек?” деген
сұрақты қойғым келіп отыр.
2-бала: - Досым –ау, тіл бір-бірімізбен сөйлесу,
түсіну үшін қажет қой. «Тіл – қарым-қатынас құралы» деген сөздер
бар.
3-бала. - Жарайды, тіл –
қарым-қатынас құралы-ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде
сөйлеп, түсінісе бермей ме? Ана тілі деп бөлгені
несі?
4-бала: - Иә, кез келген адамның
өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы,
өз тілі, өз Отаны бар емес пе?
5-бала: - Біздің ана тіліміз –
қазақ тілі. Ол тек отбасы, ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік
тіл ғой.
6-бала: - Иә, иә, оның рас. 1997
жылы 11 шілдеде «Тіл туралы» Заң қабылданып,
оның
4-бабында “Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тілі – қазақ тілі” екені жазылды.
7-бала: - Ал, мемлекеттік мәртебені қазақ тілі 1989
жылы 22 қыркүйекте алды. Олай болса, қазақ тілін жетік білу арқылы
біздер білімнің биігіне жетіп, өз халқымызды әлемге таныта
аламыз.
Бәрі бірге: Қазақ тілін қастерлеп, қадірлеп,
құрметтейік!
1 оқушы:
Ең
бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын
кенін.
Ол
бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым
менің.
Ал
екінші бақытым – Тілім менің,
Тас
жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей
– кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен
түңілмедім.
2 оқушы:
Сол
тілммен дүниені атадым,
Таптым бүкіл тіршіліктің
атауын.
Жатты онда уыз сүті ананың,
Жатты онда аманаты атаның.
Сол
тіліммен махабатқа тіл қаттым,
Сол
тіліммен талай гүлді жинап тым
Сол
тіліммен сәбилерді сөйлеттім,
Сол
тіліммен көз жастарын құрғаттым.
Сол
тіліммен аспан көрдім, жер көрдім.
Сол
тіліммен көгергенше жер бердім.
Сол
тіліммен дүниеден кетемін,
Сол
тіліммен дүниеге мен келдім.
3 оқушы:
Туған тілім –тірлігімнің
айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдагы.
Өссе тілім-мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен бірге өшемін.
Ана
тілім-бәрің сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам,не
білем?
Тілім барда ғана мынау
ғаламның,
Кілтін табар саналысы сезінем.
1 - жүргізуші:
-Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та
таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады,
жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың
бірі.
2 - жүргізуші:
-
Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан
–ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра.
1 - жүргізуші:
Қазақ тілі – туын биік ұстаған,
Қазақ тілі – кең далама ұқсаған.
Қазақ тілі – мәртебелі, еңселі,
Құрметтеп отыр бүгін ел сені!
2-жүргізуші:
Тілім барда атағы да өшпейді,
Қазақ деген қасиетті халқымның.
Тіл–мәртебе,ұлт мерейі,сәніміз.
Мәңгі бақи шырқалатын әніміз.
«Қамажай» қазақ биі
1 - жүргізуші:
-Өнерлі, білімді, мәдениетті қоғамның белсенді
азаматы болуды біз тіл арқылы үйренеміз.
2 - жүргізуші:
Қазақстан - әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті
елу елдің қатарына ену үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы
керек.
1 - жүргізуші:
«Жүзден жүйрік» деген келесі тапсырманы орындау
үшін сахнаға қатысушыларды шақырайық.
2 - жүргізуші:
Тапсырманың шарты бойынша қатысушылар сұраққа
нақты да жылдам жауап қайтару керек.
Сұрақтар:
1.Бүкіл әлемде қазақ тілінде қанша адам сөйлейді?
(15 миллионнан астам)
2.Қазақ әліпбиі неше рет ауысты? (4
рет)
3.Абай Құнанбаев қандай әріптермен өлеңдер
жазған? (араб)
4.Бірінші ұлттық «Төте жазу» әліпби кім жасаған?
(Ахмет Байтұрсынұлы)
5.Бірінші әліпби қай жылы шықты? (1912
жыл)
6.Латын әліпбиі қашан енгізілді? (1929
жылы)
7.Қазіргі әліпби қай жылы енгізілді? (1940
жылы)
8.Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романында шамамен
неше сөз қолданылған? (17 000 –ға тарта сөз)
9.Қазақ тілі сөздігінің неше томы бар? (15
том)
10.
Қазақ тілі сөздігінде неше мың сөз? (166 мың сөз)
1-жүргізуші:
Тіл − әр ұлттың ең асыл қазынасы. Ана
тілінде сөйлеу, оған деген көзқарас –адамның ең зор мәдениеттілік ,
тәрбиелік, әдептілік өлшемі болып табылады.
2-жүргізуші:
Тіл − ұлттың мақтанышы. Мемлекеттік
тілімізді Отанындай, туған халқындай, өз ата- анасындай сүйіп
ардақтау бәріміздің міндетіміз.
1-жүргізуші:
«Қазақ тілі – мақтанышым!» атты сыныптан тыс
іс-шарамыз осымен аяқталды.
2-жүргізуші:
Зейін салып тыңдағандарыңызға рақмет! Сау
болыңыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!
«Жаса қазағым» әні