Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциясы мерекесі қарсаңындағы топ сағатына арналған

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының мерекесі қарсаңындағы топ сағатына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциясы

Мақсаты:

  1. Отанды сүюге, ата заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

  2. Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

 Көрнекілік:

Ата заң туралы мәліметте «Қазақстанның гүлденуі»

Тақтада сынып сағатының тақырыбы, мақал-мәтелдер мен дана адамдардың сөздері жазылған слайдттар.


Сабақтың түрі: әңгіме, сұрақ-жауап, жұппен, топпен жұмыс, әдеби монтаж. 

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақстан Республикасының Конституциясы».

Ән ұран орындалады.

Мақсатымыз: туып өскен жеріміз Қазақстан Республикасын құрметтей, еліміздің Рәміздерін қастерлей, отан – отбасынан, туған жерден басталатынын түсіне білейік.

І. Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау» стратегиясы схема құрастыру

Shape7 Shape6 Shape5 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1 136 ұлт өкілдері ҚАЗАҚСТАН Астана

Орта Азияда орналасқан Бай мемлекет Тілі-қазақ тілі

Егеменді Тәуелсіз

МЕМЛЕКЕТ дегеніміз не ?

Мемлекет дегеніміз белгілі бір территориясы,шекарасы,рәміздері ,ұлты бар жалпыхалықтық ірі ұйым .

Біздің Отанымыз –Қазақстан Республикасы .Қазақстан –ірі мемлекеттердің бірі.Бұл ел Еуразияның орталығында орналасқан.Елімізде 136дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады.Қазақстан еліміздің бас қаласы Астана.

Біздің еліміздің Рәміздері туралы не білесіңдер ?

1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Мемлекеттік Жалауы, Елтаңбасы; Әнұраны қабылданды Енді олардың шығу тарихына тоқталамыз.

Мемлекеттік жалау 1992 жылы 4- маусымда қабылданып,

6- маусымда күшіне енді. Жалаудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір мата. Матаның сол жағында қызыл өрнегі бар. Жалаудың ұзындығы 2 метр, ені 1 метр. Жалаудың ашық көгілдір түсі, соғыссыз, бейбіт ашық аспанымызды білдіреді. Жалаудың жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков.

Елтаңба. Шаңырақ - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының ең жүрегін көтеріп, оған негізгі арқау болып, тұрған шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі.

Шаңырақ отан от басынан басталады деген киелі ұғымға ие. Шаңырақ бейнесі - бүкіл қазақ елі үшін тіршіліктің, шексіз өмірдің нышаны.

Тұлпар – ол мәңгіліктің белгісі, ал елтаңбадағы қыран қанаты, мүйізді пырақ бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігін, рухани байлығын, өсіп - өркендеуінің өміршеңдігін көрсетеді. Елтаңбадағы бесбұрышты жұлдыз – Күн мен Айды, Жұлдызды кие тұтатын халқымыздың бағы ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін деген асыл арманын арқалап тұрғандай.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы – Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Тест.

  1. Мемлекеттік жалау қай жылы қабылданды ?

а) 1990 6 - маусым. ә) 1991 4- маусым. б) 1992 6- маусым

2. Жалаудың өлшемдері:

а) ұзындығы 3 м, ені 1,5 м ә) ұзындығы 2м, ені 1 м

б) ұзындығы 2м, ені 3 м

3. Жалаудың авторы:

а) Шәмші Қалдаяқов ә) Жандарбек Мәлібеков б) Шәкен Ниязбеков

4. Елтаңбадағы тұлпар нені білдіреді ?

а) мәңгілік ә) молшылық б) байлық

5. Елтаңбаның авторы:

а) Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов

ә) Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов

б) Шәкен Ниязбеков, Нұрсұлтан Назарбаев

Әлемдегі кез келген тәуелсіз мемлекеттің ғасырлар бойы өз құнын жоғалтпай ,ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан заңдар жинағы болады.Осындай Ата Заң біздің елімізде де , яғни Қазақстан Республикасында да тәуелсіздігін нығайту барысында қабылданды.

КОНСТИТУЦИЯ деген сөз латынның сөзінен шыққан, яғни орнату, құрылым деп аударылады.

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 ж. 30 тамызда Респ. референдум өткiзу (бүкiл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемл. билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемл. мереке — ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның екінші Ата заңы 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi. Кейiнгi екi Конституцияның алдыңғы екеуiнен елеулi айырмашылығы сол — бұлар тұңғыш рет мемл. тәуелсiздiктi, егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн бекiтiп, одан әрi орнықтырды. Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеол. және саяси әр алуандығы (сөз және шығарм. бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге асыратын демокр. амалдар, экон. қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған.

  • ҚРК-ның кiрiспесiнде Ата Заңды қабылдаудың себептерi мен мақсаттары былай түсiндiрiлген: “Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүз. қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз”. Ата Заңның бұл бөлiгi саяси және идеол. тұрғыдан алғанда аса маңызды. Өйткенi, бұл Ата заң ҚР-нда демокр., зайырлы, құқықтық және әлеум. мемлекет құрудың конституциялық негiзiн қалады. Осыдан келiп, ҚР-ның мынадай негiзгi мақсаты туындайды: өзiнiң ең қымбат қазынасы ретiнде адамды және оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын айқындап, бекiту; өз елiнде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбiтшiлiктi, ынтымақтастық пен тату қарым-қатынас жасау әдiстерiн орнықтыру; байырғы қазақ жерiнде мемл. бiрлiктi сақтау; республиканың тәуелсiздiгiн сақтап, ұстап тұру; ҚР-ның демокр. негiздерiнiң мызғымастығын бекiту. Осыған орай республика қызметiнiң түбегейлi қағидалары айқындалады, олар: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экон. даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демокр. әдiстермен, оның iшiнде респ. референдумда немесе Парламенттiк дауыс беру арқылы шешу (1-бап, 2-тармақ).

  • Ата Заңның негiзгi бөлiгiнде (I — VIII бөлiмдер) азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен мiндеттерi туралы, конституциялық құрылыс жайлы, мемл. нысандар жөнiнде, мемл. буындардың жүйесi мен мәртебесi туралы (Президент, Парламент, Үкiмет; Конституциялық Кеңес, соттар, және сот төрелiгi, жергiлiктi мемл. басқару және өзiн-өзi басқару туралы) нормалар тұжырымдалған. Қорытынды және өтпелi ережелер мазмұндалған соңғы IХ бөлiмде ҚРК-ның жоғары тұрғандығын арнайы мемл. орган — ҚР Конституциялық Кеңесi қамтамасыз етедi. ҚРК-ның 74-бабына сәйкес, КРК-на кереғар деп танылған заңдар мен халықар. шарттар қол қойылуға жатпайды немесе тиiсiнше бекiтiлуге және күшiне енгiзiлуге тиiс емес. Заңдарды Конституцияға сай келедi деп тану оларға қол қою мерзiмiнiң басталғандығын бiлдiредi. Конституцияда баянды етiлген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектейдi деп танылған заңдар немесе өзге нормативтiк құқықтық актiлер күшiн жояды және қолданыстан шығарылады. Сондай-ақ соттар мен өзге де құқық қорғаушы органдардың осындай заңға немесе өзге нормалық құқықтық актiге негiзделген шешiмдерi де орындалуға жатпайды.

Мұғалім: Ендеше балалар мына сұрақтарға жауап берейікші.

Сенің Отаның қалай аталады ? Қазақстан

  • Еліміздің тұңғыш президенті кім?/Н.Ә Назарбаев./

  • Конституция сөзінің аудармасы /Құрылым,өкілім/?

  • Егемендік алғаннан кейін ҚР –да конституция қанша рет қабылданды? /2 рет 1993 ж,28 қаңтар,1995 жылы 30 тамыз./

  • Қ.Р Конституциясы неше болімнен неше баптан тұрады ?/9 бөлім,98 бап/

  • 16 желтоқсан қандай күн ? /Тәуелсіздік күні/

  • Қазақстан қандай мемлекет? Егеменді
    •Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін білесің бе?

  • Елімізідң мемлекеттік тілі /қазақ тілі/

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы кім әңгімелеп береді?

  •              

2.Тест сұрақтарына жауап беріңіздер
•Ұлттық ою-өрнек қайда бейнеленген?
а) Әнұран ә) Елтаңба б) Ту
•Шұғылалы күн қайда орналысқан?
а) тудың ортасында ә) Елтаңбада б) тудың сабында
•Шәкен Ниязбеков қай рәміздің авторы?
а) ту ә) Елтаңба б) Әнұран
Қазақстан Республикасының конституциясы қандай күні тойланады ? /30 тамыз/

а/29 тамыз ә/30 тамыз б/15 тамыз

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін ортаға салады.



Қорытынды: Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, ертеңі өз қолдарыңызда! Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер! Ол үшін сендер терең әрі жан-жақты білім алу керексіңдер! Осындай жалынды тілекпен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!













Shape8



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2025
71
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12