400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: "Қиялыма шабыт берген- шұғылалы Астана" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Астана туралы эссе.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Курамысова Жансая Адилгалиевна

МКҚК №17 «Шұғыла» МДҰ қазақ тілі мұғалімі


Қиялыма шабыт берген -шұғылалы Астана



Сөз шебері -Мұхтар Шаханов:

«...Ғашық көңіл- мәңгі жасыл айдын көл,

Ғашықтықпен өткен күндер ғана –өмір,

Ал қалғаны- жай күндер... » -

деп ғажап айтқан. «Астана» дегенді естісем,санамда мәңгі жасыл бақ орнайды, көңілімдегі әуен бағында бұлбұл құстар ән шырқайды, қиялыма қанат бітеді, шабытыма шабыт қосылады. Себебі, мен ғашықпын. Иә, иә,рас ғашықпын. Өнер- білімнің ордасы –Астанаға. Сұлулығыңа көз тоймас арайлы қалам. Сенің ауаңды жұтып, киелі мәдениет ошақтарына барып, рухани біліміңнен сусындасам шіркін! Астананы аралау, мен үшін- арман! Аяқ баспасам да, қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап тұрған заманында Астананың ішінде жүріп аяқпен киелі жерін басқандай боласың! «Астана- білім мен ғылымның ордасы» деп дұрыс айтылған. Ақтөбе МПИ білім алып жүргенімізде институт ректоры болған керемет,ғажайып жан -Ғ.Нұрышев ағайымыз: «Сарыарқаның сайын дала төрінде көзді ашып – жұмғанша Елбасымыз ғажайып қала орнатты. Сендер бақытты ұрпақсыңдар!» деп жиі айтатын. Расында біз бақыттымыз. Астанадай- елордамыз, Нұрсұлтандай- ел басшымызбен бақыттымыз. Жиырма жылдығыңа жүрек жарды жырымды тарту етемін:

Мен ғашықпын, ақындардың ұлағатты сөзіне,

Мен ғашықпын, Сарыарқадай сайын дала төріңе,

Мен ғашықпын, білім қуған,өнер қуған өңірге,

Мен ғашықпын,ғашықпын мен ғажап қала өзіңе!

Бәлкім сен- Жерұйық шығарсың?

Бабамның іздегені,

Жылдар бойы жер таппай көздегені?

Бәлкім сен –«ұшатын кілем» шығарсың?

Аңыздың өңделгені.

Иә,сен- тылсым сырсың,

Тарихтың тексергені.

Ұқтым,

Сен- білім қайнарысың

Жастардың іздегені!

Сырласқым келеді,

Шер тарқатып жай ғана.

Ғашық көңіл ұша алады айға да,

«Рухани біліміңнен сусындасам»

Деген арман мазалайды бір ғана!

Жанымызды жадыратып нұрға бөлеп,

Шұғылалы алтын шапақ күндер бөлек,

Жиырма жасың Астана құт әкелсін,

Көңілді көтеріп бір көкке тербеп!

Жиырма жастағы жас өспірім баладайсың,

Қиялыма шабыт берген -шұғылалы Астана

Жастардың рухы биік жалынымен,

Мәңгілік, ұзақ ғұмыр жасағайсың!!!

Көгімде қыран құсым қалықтасын,

Ұрпағым еш нәрседен жалықпасын,

НұрОтан президентім алға жасап,

Қазақстан әрі қарай шарықтасын!



МКҚК №17 «Шұғыла» МДҰ










«Астана – білім мен ғылым ордасы» атты

«Өрлеу» біліктілікті арттыру институты ұйымдастырған эссе байқауы







Тақырыбы: Қиялыма шабыт берген -шұғылалы Астана










Авторы: Курамысова Жансая Адилгалиевна

қазақ тілі мұғалімі
























Ақтөбе қаласы, 2018

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
464
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі