Материалдар / Тақырыбы: Қонақ күту рәсімі

Тақырыбы: Қонақ күту рәсімі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге арналған
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Маңғыстау облысы ,Жаңаөзен қаласы №2«Жанар» МКҚҚ бөбекжайының тәрбиешісі: Бактыбаева Молдир Тастемировна

Тақырыбы: Қонақ күту рәсімі

Мақсаты: Балаларға наурыз тойы туралы түсінік бере отырып, ұлтымыз-дың салт-дәстүрлерін бойларына сіңіру. Шапшаңдыққа ұқыптылыққа тәр-биелеу.

Жүргізуші: Кел, Наурызым, шық төріме думандат

Жұрт қарасын келбетіңе қайран қап

Табиғаттың тұмса шағы тамсантып

Халқым да бір жадырасын сайраңдап

4 «Күншуақ» тобының бүлдіршіндерінің «Қонақ күту рәсімін» тамаша-лайық.

Жүргізуші: Әз, Наурыз келген болсаң төкші нұрды

Естірте сен әзірше әнді мұңды

Бұрыннан әндетеміз бойға сіңген

Күтетін зор үмітпен Жаңа жылды-деп кезекті әнге береміз.

Ән: «Көктем»

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Балалар бізге Қонақтар келген екен. Осы кезде Әже мен Ата кіріп келеді.

Балалар келген қонақтың қолына су құйып төрден орын беріп қарсы алады.

Әже: Балалармен, қонақтармен амандасады.

Жүргізуші: Әже, бүгін балалар Наурыз мерекесін тойлап жатыр балала-рымыздың өнерлерін тамашалаңыз. Тақпаққа кезек берейік.

1)Жыл басы Наурыз мереке

Ақ нұрға әлем боянды Амина

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды

2)Сәнді көктем нұрымыз

Наурыз тойы жырымыз Әбусәлім

Көңіл гүлдей жайнасын

Құлпырсын қыр мен ой

Құтты болсын, Наурыз той

Жүргізуші: Наурыз келді жадыраған, жайнаған

Салтанатты сауық-сайран айналам

Наурыз тойда, қыр мен ойда

Қала, дала қызық думан қайнаған – дей отыра әнге кезек берейік

Ән: «Наурыз көктем»

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Әже біздің балаларымызға «Қонақ күту рәсімі» туралы түсінік беріп кетсеңіз.

Әже: Иә балаларым «Қонақ күту рәсімі» деп қазақ бекер айтпаған. Алыс-тан қонақ келсе алпыстағы шал еңкейіп орын берер деп бекер айтылма-ған. Қонақтың 3түрі бар: Құдайы қонақ, жолаушы қонақ, арнайы қонақ.

-Құдайы қонақ деп-шақырылмаған аяқ астынан келген адамды айтады.

-Жолаушы қонақ дегеніміз-ертеде ата-бабаларымыз аңға шыққанда қа-раңғы болған кезде қай үй алдынан кездеседі сол үйге кіре салады сол адамды жолаушы қонақ деп атаған. Сол үйдің иесі еш қарсылықсыз ба-рын жайып күтіп алатын болған екен.

-Арнайы қонақ дегеніміз-бір адамды арнайы соғып шақыратын болған.

Балалар ажеміздің айтқан әңгімені қызыға тыңдайды.

Иә балалар осы ойындарды біз балабақшамызда ойнауымызға да бола-ды. Наурыз мерекесіне орай қазақтың ұлттық ойындарын ойнаған өте тамаша мүмкіндік қой. Балалар олай болса ойын ойнайық дайынсың-дарма?

Балалар: Иә дайынбыз

Жүргізуші: Қазақтың ұлттық ойыны

1. Тақия тастамақ

Ойын шарты: Балалар дөңгелеп отырады. Бір бала жүргізуші болып тақия тастау керек, екінші бала біліп алып ойынды жалғастырады.

Жеңілген бала тақпақ айтады

Балалар: Көктем туралы

Көктем келді шуақты,

Балаларды куантты.

Алақай – ау, алақай!

Құстар сайрап, бақтар жайнап, гүл атты.

2. Қол күрес

Бұл ойын стол үстінде екі бала-ның білек сынасумен орындала-ды. 2 бала шынтақтарын столға тіреп қол бастарын айқастыра-ды. Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді.

3.Арқан тарту

Ойынның шарты:Бірі- жиналған жастар екіге бөлінеді.Сандары бірдей бола-ды.Сонан соң жазық-қа шығып ап арқанды екіге бүктеп дәл ортасын белгілеп Белгі тағады.Сонан соң екі топ оны екі жаққа тартады.Арқанға белгі тығылған жердегі көмбеде қазы тұрады.Қашан жеңген жақ арқан-ның ұшын қазының алдынан әкеткенше ол қозғалмайды. Сонымен тартысатартыса бір жақ же-ңіп, жеңілген жақ оған бодан болады.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Олай болса тақпаққа кезек берейік:



3)Наурыз-шыр айналған жылдың басы

Адамның өлшенеді өмір жасы Толғанай

Қазақтың пейіліне жарасады

Әр уйде дастарханға толған асы

4)Бақыт тілеп адамға

Наурыз айы туыпты Айзере

Әне наурыз келеді

Әсемденер жер енді

5)Наурыз тойы ұлы күн

Шырқап әнге салыңдар

Ерен еңбек майданы Диас

Жастарымыз жалындар

Жүргізуші: Әже біздің балаларымыздың «Дастарқан» әні бар соны қабыл алыңыз.

Ән «Дастарқан»

Жүргізуші: Ата біздің балаларымызға бата беріп жіберсеңіз.

Ата: Қане балалар қолдарыңды жайыңдар.

Сұрасаң бата берейін

Үстем болсын мерейің

Ықыласпен қол жайсаң

Ақ тілекті төгейін

Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын

Қайда барсаң жол болсын!

Төрт түлік ақты болсын

Ұлыс береке берсін

Бәле-жала жерге енсін

Көйлектерің көк болсын!

Қайғы уайым жоқ болсын!

Қуаныштарың көп болсын!

Әмин

Жүргізуші: Амин ата батаңызға мың алғыс. Сіздерге көп рахмет. Балалар барлығымыз бірге келген қонақтарды шығарып салайық. Сау болыңыз-дар ата-әже.

Жүргізуші: Осымен біздің Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын. Сау болыңыздар.

















Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі