Күні:17.03.2025ж
Тәрбие сағатының
тақырыбы:«Қош келдің, әз
Наурыз!»
Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру
арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей
білуге тәрбиелеу.
Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны,
наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт -
дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап,
ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін
арттыру.
Көрнекілігі: плакаттар, нақыл
сөздер, киіз үй,
шарлар
Тілектер:
«Ұлық бақты болсын, төрт түлік ақты болсын», «Дастарқан берекелі
болсын!», «Жыл басы Наурыз, Мол болсын дәм
тұз!»
Әуен
ойналып тұрады.
Барысы:
Бақтияр:
Құрметті
ұстаздар, ата – аналар
және
оқушылар. Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекесі
келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты
болсын!
Наурыз
«жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата - бабаларымыз, арғы
тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы
мерекесі.
Наурыз
тойы құтты болсын!
Ұлыстың
ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз
қабыл болсын!
Сымбат:
Наурызым
қайта оралды аты
аңыз,
Сұраймыз
алғыс та біз, ақы да
біз.
Үй -
дастархан, даламыз
сахнамыз,
Ұлы
мейрам Наурызға шақырамыз!
Бақтияр:
Көктем
жетті көл - көсір шуақ
құрып,
Қыс та
ұзап барады жылап
тұрып.
Шатырында
үйлердің Наурыз да
жүр,
Мұз
көрпесін ақпанның
лақтырып.
Сымбат:
Қайырлы
күн, мейрамға жиналған барша қауым. Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні - ата
- баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз
мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін
күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ
мейрам. Көктем мен Жаңа күн
мерекесі.
Олай
болса, бүгінгі «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік думанымызды
ашып беру үшін сөз кезегі
мектебіміздің ---------------------------------------
беріледі.
Бақтияр:
Қашанда Құт - береке орнасын
деп,
Тойларда
шашу шашу – салты
елімнің.
Уа,
халайық, теріп ал
мәмпәсиді,
Қабыл
қылсын халқымның ақ
тілеуін.
Сымбат:
Шашу,
шашу көп шашайық
шашуды
Жауғандай
көк аспаннан нөсер
жаңбыр.
Уа,
жамағат жинап ал
несібеңді,
Ризығың
бола берсін көл - көсір! ШАШУ
ШАШЫЛАДЫ.
Концерттік бағдарламаны бастамас бұрын оқушылардың аузынан Наурыз мерекесінің қалай тойланатыны туралы сұрайық:
Хабибі : Жаңа жылда Қыдыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.
Аяулым : Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды.
Бақтияр: Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селтеткізер», «Діреткізер» деп атаған.
Әлинұр : Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққа күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.
Арайлым: Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады.
Бақтияр:
Алқа -
жұртым, той - думан,
Ортамызды
ашайық.
Ән мен
күйді төгіп біз,
Інжу
маржан шашайық!
Ән
орындалады. Орындайтын: Ташкенбай
Арайлымның орындауындағы ән: «Мерекем» әнін қабыл
алыңыздар
Сымбат:
Наурыз
мейрам жүректерге нұр
сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн
көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн -
Ана,
Алып
келдің жер бетіне гүл көктем.
Дей келе биші қыздарымыздың орындауындағы би:
Қазақша би «попури
би»
Бақтияр:
Жыр
сыйлайық, нұр сыйлайық
тірлікке,
Қастерледік қадіріңді білдік
де.
Құтты
болсын ұлыс күн
жұмылдырған,
Бәрімізді
ынтымақ пен бірлікке, дей келе Наурызға
арналған тақпақтарға берсек: Әлинұр, Балнұр, Алтынай, Темірлан,
Көркем
Сымбат:
Ана
жақтан аттың дыбыры естіледі, кім екен келе
жатқан?
Әуен
ойналып тұрады. Ортаға Алдар көсе, Қожанасыр, Тазша бала
шығады.
Алдар:
- Уа,
халайық! Тойға келіңдер,
тойға!
Қожанасыр:
- Нұрлы
Наурыз тойына
келіңдер!
Тазша
бала:
- Уа,
балалар! Жылан жылының айтулы тойы, біздің мектептің Наруыз
мерекесіне келіңдер.
Алдар
көсе:
- Әй,
ағайын, ағайын!
Той деп
жар салайын,
Наурыз
тойға келіңдер,
Мен де
бірге барайын!
Қожанасыр:
- Ағайын
тойға келіңдер,
Мерекені
көріңдер.
Жылан
жылы келді еліме,
Той
көрімдік беріңдер!
Тазша
бала:
- Алдар
аға, бүгінгі тойға тіпті өлеңдетіп, сықиып киініп келіпсіз ғой. Жел
бір жағынан кіріп, екінші жағынан шығып кететін шұрық тесік әйгілі
шапаныңыз қайда?
Алдар
көсе:
- Биыл
жылан жылын үлкен табыстармен қарсы алып жатқанда жыртық шапан
менің теңім бе?
Қожанасыр:
- Тотыша
тақылдаған мұның
кім?
Алдар
көсе:
- Қожеке,
танымадыңыз ба? Бұл Тазша бала
ғой.
Қожанасыр:
- Тазша
баламысың, ей. Келші бауырым, құшағыма
қысайын.
Екеуі
құшақтасып, Наурыз мерекесімен
құттықтайды.
- Наурыз
құтты болсын! Жылан жылы елімізге бақ - береке
әкелсін!
Халқымыз
ұлыс күнді «жыл басы» деп санайды. 21 наурыз түні даланы
Қыдыр ата
аралайды екен. Қыдыр -
адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейіпінде
көрінетін қиял ғажайып
адам.
Қожанасыр: Уа, бәрекелді, алыстан ат артып,
атты шаршатып, етікті тоздырып жеткенде мынадай мейрамға тап
боларымды кім
білген?
Ассалаумағалейкум, халқым
менің,
Ардақты
Наурыз тойлы салтты
елім.
Мереке
басы болсын
берекенің,
Игі
еңбектің жемісін бәрің
жегін!
Туа сала атандым
Қожанасыр,
Мендей
аңқау болмас - ау басқа
сірә.
Наурыз
тойы мектепте болады
деп,
Көк
есекті желдірттім мен
жетектеп.
Алдар
көсе: Мен Алдармын,
Алдармын?
Досымын
адал жандардың.
Жақсыларға серік
боп,
Жаманды
талай алдадым.(Кеудесіне қол қойып, басын
иеді) Наурыз тойға келіп қалған
екенбіз бір бата беріп
жіберейін
Алдар көсе Наурыз бата
беру
Ұлыс оң
болсын!
Ақ мол
болсын!
Ұлыс
бақты болсын!
Төрт
түлік ақты болсын.
Ұлыстың
ұлы күніңде,
Ұлын оңға
қонсын,
Менің
берген бұл батам,
Алланың
құлағына шалынсын!
Әумин!
Бақтияр: Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан қазақ халқының тойлары да көп болған. Атап айтсақ: Бесікке салу, Тұсау кесу, Беташар, Қыз ұзату. Тойға жиналғандар өлең айтып, әзіл –қалжын, ұлттық ойындарын ойнап көңіл көтерген. Салт-дәстүріміздің бірі: бесікке салу рәсімін көрсетпекшіміз.
Бесікке салу рәсімі:
Сымбат: Мереке қарсаңында бәріміз бірге «Қаражорға» биін билейік! Тамашалаңыздар. Қошеметтеп отырыңыздар!
Бақтияр :
Құтты болсын әр күнің,
Сыйла, бақыт баршаға.
Сәбидің әсем шат үнін
Тыңдат абзал анаға дей келе тақпақтарға берсек: Орындайтындар: Елнұр, Айсара, Алтынай
Сымбат:
Наурыз – достық,
Наурыз – күн.
Барша халық бірлігі.
Тағы келді ұлыс күн.
Жалғасып ғалам тірлігі
Бақтияр:Көрісу күні Наурыз мейрамының бастауы деуге де болады. Адамның адаммен, жылдың жылмен көрісіп, қауышқан шағы бұл. Пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиген шақ. Наурыз - жаңару мейрамы. Хакім Абайдың өзі «Қырдағы ел, ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, мауқын басып» деп жырлайды . Көрісу мерекесі көрсетіледі
Бақтияр:Жылан
жылы кел төрлет,
Ел
достығын өркендет.
Мол
болсын ырыс, құт,
Болсын
елде тыныштық. дей келе өзбек биін
тамашалаңыздар. Қошеметтеп
отырыңздар.
Сымбат:
Әр
күніміз жақсы
болсын,
Достығымыз берік
болсын.
Білім -
өнер серік болсын,
Ұлыс оң
болсын, ақ мол болсын
дей келе қазағымыздың ұлттық ойындарына
берсек:
1 Асық ойнау, қол күрес,
арқан тартыс
Бақтияр:
Ана деген
адамға Атамекен,
Әр адам
анаменен адам екен
Бір өзіңе
көрсеткен
жақсылығым,
Бір күнгі
тәтті ұйқыдан садаға екен,- дей келе
келесі хорға
береміз.
Хор:
Ана
Сымбат:
- Мол,
мол болсын ырыс құт,
Жасай
берсін туыстық.
Дейді
атам,- салтанат,
Құра
берсін тыныштық дей келе пародия жанрына
берсек. Орындайтындар: Әлинұр, Мұрат, Бақтияр «Асыл
жарым»
Сымбат:
Қонақтарымыз
ағылсын,
Ортамыздан
табылсын.
Барлық
тілек құдайдың,
Құлағына
шалынсын!- деп келесі
кезекте «Тақиялы періште»
саундтерек
Қошеметтеп
отырыңздар!
Бақтияр: Наурыз
шаттық әніміз,
Салтанатты
сәніміз.
Ән салып
жас - кәріміз,
Ән
салайық бәріміз дей келе Кененбай
Көркемнің орындауындағы әнді тамашалаңыздар: Ән
«Наурыз»
Сымбат:
Келіңдер,
Наурыз тойға бәрің
бүгін,
Аямай
өнерпаздар ән мен
жырын.
Тойлайық
халық тойын
Наурызымның,
Шуағын
жерге төккен бақыт күнін
дей келе «Жігіттер» орындауындағы биді
тамашалаңыздар: «Алаш» биі қошеметтеп
отырыңздар
Бақтияр:
Келіңдер,
Наурыз күнін қарсы
алайық,
Билейік,
жыр жырлайық ән
салайық.
ҚаҺарлы
қыстан өтіп Наурыз
келді,
Арқаңды
кеңге созшы, уа халайық!
Дей келе Ходжамұрат Әлинұрдың орындауындағы
әнді қабыл алыңыздар: «Кең далам» әні қошеметтеп
отырыңыздар
Сымбат:
Қанекей,
қарсы алайық жылдың
басын,
Қосылып
жасқа жасың, басқа
басың.
Барайық
келер жылға төрт көз
түгел,
Аман боп
алыс, жақын, кәрі – жасың
дей келе осымен 7б сыныбы дайындаған «Қош
келдің Әз-наурыз» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Зейін қойып
тыңдағандарыңызға
рақмет.
Наурыз туралы ән немесе өлең айт.
Шұбат дегеніміз не? Ол қалай дайындалады?
Наурыз көже дегеніміз не?
Қазақтың ұлттық ойындарын ата?
Наурыз күні не себептен көрісуден басталады?
Наурызшешек қандай өсімдік?
Түркістан облысы
Шардара ауданы
«Ұзын-ата жалпы білім беретін мектеп»
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы:»Қош келдің, әз Наурыз»
Сыныбы: 7б
Сынып жетекшісі: Таңжарова З
2025жыл
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тақырыбы: "Қош келдің, әз-Наурыз"

шағым қалдыра аласыз