2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Тақырыбы: Қыс мезгілі тамаша

Тақырыбы: Қыс мезгілі тамаша

Материал туралы қысқаша түсінік
Маусымдық өзгерістер туралы түсініктерді қалыптастыру
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы : «Қыс мезгілі тамаша» Міндеті : Табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы түсініктерді қалыптастыру. Табиғат құбылыстарын сипаттауда заттар мен нысандардың білдіретін ерекшеліктерін сөздерді дұрыс таңдау, бақылаулар мен суреттер бойынша сипаттау. Сөздерді дыбыстық талдау: сөздегі дыбыстарды: дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтау, сөздерді буындарға бөлу. 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру. Түзу, ирек, жіңішке, жалпақ сызықтарды, нүктелерді ырғақты орналастыра отырып, қарапайым пішінді өрнектердіі құрастыра білуді бекіту,ойынға қажетті құрылысты бірлесіп ойдан құрастыруға мүмкіндік беру, шығармашылық ойын тапсырмаларды орындауға ынталандыру.

Көрнекілігі : Проектор,тақырыпқа байланысты қыс мезгілінің суреттер,1-10 дейінгі сандар, шыны ыдыс, ақ гуащ, қылқалам,сулы шүберек, фетрдан жасалған аққала (дайын қиылған бөлшектері), мақтадан жасалған қарлар. Кейіпкер : Лунтик,Аққала Ұйымдастыру кезеңі

Балалар музыка залына кіріп бір-біріне қар лақтырып ойнайды. Ғажайып сәт: (Аққаланың,Лунтикаен келуі).Балалар Аққала мен Лунтикке қар лақырады, ойнайды.

Тәрбиеші : Сәлеметсіздер ме,қонақтар! Балалар : Сәлеметсіздер ме! Аққала: Сәлеметсіңдер ме,балалар.Мені таныдыңдар ма? Сыртта тұрсам балабақша жанында Лунтик тұр.Өзі жаурап қалған. Қыс мезгіліне таңғалып тұр.Қыс мезгілі жайлы білімі жоқ. Лунтик : Сәлематсыңдар ма,балалар!Мен Лунтикпін! Мен тоңып қалдым,неге суық айнала? Басқан сайын аяғым тоңады. Тәрбиеші : Сәлеметсің бе,Аққала,Лунтик.Кел,төрлет!Топтың іші жылы . Бүгінгі біздің «Қыс мезгілі тамаша» атты іс-әрекетімізге қош келдіңіздер! Тәрбиеші : Балалар қонақтарымызбен ойын ойнап көңілін көтерейік. Ойын: «Қысқы мүсін» Тәрбиеші: Лунтик, біздің балалардың қыс мезгілі туралы білімдері бар,олай болса отырып, қыс мезгілі туралы не білетінін, тыңда.

(Тәрбиеші балалардың назарын проектордан қыс мезгілі тақырыбында бейнеленген суретке аударады) Тәрбиеші : Балалар ,мыне суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген ? (назарларын теледидарға аударады) Балалар : Қыс мезгілі . Тәрбиеші : Қыс мезгілінде не жауады ? Балалар : Қар жауады,қар жапалақтап жауады. Тәрбиеші : Қыста күн қандай болады,балалар қалай киінген? Балалар : Күн суық,аязды болады,балалар жылы киінеді,бастарына малақай,үстеріне жылы тон,аяқтарына етік,қолдарына қолғап киеді.(Сурет бойынша әнгімелейді) Тәрбиеші : Аққала,Лунтик біздің балалар қыс,қар деген сөздерге дыбыстық талдау жасай алады. Лунтик: Дыбыстық талдау деген не? Тәрбиеші: -Балалар дыбыс дегеніміз не? -Дыбыстар нешеге бөлінеді? -Дауысты дыбыстарды қандай түсті текшемен белгілейміз? -Дауыссыз дыбыстарды қандай түсті текшемен белгіленеді? Балалардың жауаптарын тыңдау. Тақтаға екі бала шығып «Қыс», «Қар»сөздеріне дыбыстық талдау жасайды. Лунтик: Балалар санауды да біле ме? Тәрбиеші: Әрине 1-ден-10 дейін тура және кері санауды біледі. Қыс туралы тақпақ айтып береді Тәрбиеші: Балалар,қыста қандай ойындар ойнаймыз? Балалар : Қар лақтырып,қардан аққала жасаймыз. Тәрбиеші: Олай болса Лунтикке аққаланың қандай болатынын, қандай пішіндерден тұратынын көрсетейік. Аққала: Қандай жақсы болды менің достарымды қалай құрастырады екен,кел, Лунтик екеуіміз бірге көрейік. Ойын: «Аққала құрастыру» Лунтик: Қандай керемет! Аққаланың қандай болатынын білдім, Қандай білімді балалар. (таңқалады) Аққала: Жарайсыңдар балалар! Өте өнерлі балалар екенсіңдер. . Тәрбиеші: Балалар Лунтикке дәстүрден тыс әдіпен шыны ыдыс сыртына ұлпақардың суретін салып көрсетейік. (балалар шығармашылық орталығына барады) Лунтик: Қандай өнерлі балалар екенсіңдер,рақмет сендерге. Мен қыс мезгілі туралы көптеген ақпарат алдым.Менің қайтатын уақытым болды достарыма барып қыс мезгілі туралы ақпаратты жеткізейін. Қорытындылау. Тәрбиеші : -Балалар ,бізге кімдер келді? Балалар : -Лунтик,Аққала келді. Тәрбиеші: -Балалар, біз жылдың қай мезгілі жайлы әнгімеледік? Балалар: -Қыс мезгілі жайлы Тәрбиеші:. Тақырып бойынша сұрақ-жауап алып,белсенділік танытқан балаларды мақтайды,осымен ,оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Лунтик пен Аққаланы шығарып салайық.



































01 Сәуір 2025
109
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі