400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Тақырыбы: «Қызықты қыс»

Материал туралы қысқаша түсінік
Кіші топтағы ұйымдастырылған ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Әулиекөл ауданы білім бөлімінің «Ромашка» бөбекжайы» КМҚК

Кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметiнiң конспектiсi.

Тәрбиеші:Касенова.Г.С.

Білім беру саласы:Коммуникация.

Бөлімі:Сөйлеу дамыту

Тақырыбы: «Қызықты қыс»

Мақсаттары: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту,өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге.

1. Оқыту: Өз ойын толық жеткізе білуге үйрету

2. Дамытушылық: Қыс ойындарды атай білу,ойынға қызығушылықтарын арттыру,

3.Тәрбиелiк: табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

Педагогикалық технологиялар: әңгімелесу,ойындық,көрнекілік.

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер,ойынға қажетті заттар,аққала,



Ұйымдастырылған оқу қызметiнiң барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезенi:

Балалар,шеңбер болып тұрайық.

Қайырлы таң мөлдір көздерім.

Қайырлы таң,жұмсақ қолдарым.

Қайырлы таң,мықты аяқтарым

Қайырлы таң,күн аспан!

-Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырайын:

Шанамен зырғып келетін,

Коньки шана тебетін

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсыңдар?

«Қыс мезгілі»

2.Негiзгi бөлiмi:

-Балалар қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Қар көп жауады.Аяз,боран болады.

-Ендеше боран соққанда қимылмен көрсетеміз.

-Балалар,қолдарын көтеріп,гулейді.

-Қатты аяз болып,тоңғанда не істейміз.

-Қолдарын қусырып,аяқтарын топырлатады.

-Ал күн шыққанда не істейсіңдер?

-Алақай деп қолдарын көтереді.

Сурет бойынша сұрақ-жауап:

«Қыс қызығы»

-Балалар, суретте не көріп тұрсыңдар?

-Балалар, далаға серуенге шықты.

-Не жауып тұр.

-Жапалақтап қар жауып тұр.

-Балалар не істеп жатыр?

-Қардан не жасап жатыр?

-Ақққала.

-Аққала қандай?

-Аппақ.

Қыста далаға шыққанда қандай ойындар ойнайды балалар?

-Қар лақтырып,шанамен сырғанайды,шаңғымен,коньки тебеді.

-Ойын: «Аққала құрастыру»

Мақсаты:Қиылған бөлшектерден,ақққаланы құрастыру,Ептілікке,жылдамдыққа баулу.

Ойын: «Қар жинау»

Мақсаты:Қар ерімей,тез жылдам,шелекке жинап алу,ептілікке жылдамдыққа баулу.

-Жарйсыңдар, «Қыс қызығы» деген осы,қызықты ойындар ойнадық.

3.Қорытынды:

-Балалар,бүгін біз жылдың қай мезгілі?


-Қыс мезгілі.

-Қыс несімен қызықты?

-Далаға шығып қармен ойнаймыз.

-Аққала жасаймыз,шанамен сырғанаймыз.




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қараша
634
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі