Мұғалім
әрекеті
Роботтар — қарқынды дамып келе
жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі.
Осы сайыс арқылы сіздер
логикалық ой-өрістеріңізді дамытып, шапшыңдыққа, жеке және топпен
жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа ұмтылатын боларсыздар деп
үміттенемін.
Топқа
бөлу.
Оқушылар “Түрлі-түсті
карталар” әдісі арқылы екі топқа бөлінеді. Команда капитандары
сайланады.
1-кезең.
«Таныстыру»
1-топ «Фиксиктер» 2
-топ «Тоботтар»
Бұл кезеңде топ басшысы өз
тобының мүшелерімен, тобының атымен таныстырады
2-кезең. «Кім
жылдам?»
Бұл кезеңде робот техникасы
үйірмесінде өтілген тақырыптар бойынша топ капитан командалары
сұраққа жауап бересіздер.
Мұнда сұрақтарға дұрыс жауап берумен шектелмей,жылдамдық таныту
қажет.
1 топ
1. Робот дегеніміз
не?
Робот
(чех тілінен аударғанда
robota – еріксіз
еңбек, rob –
құл) –
тірі организм ретінде құрылған автоматты
құрылғы. Ол байланысатын және әрекет ете алатын, ойлай білетін,
қабылдай алатын машина.
2. Дайын программаны
роботқа қалай жүктейміз?
Кез-келген дайын
программаны роботқа USB-кабелі, bluetoothнемесе wi-fi
арқылы қосуға болады.
3. Датчиктің қанша түрі
бар?
Датчиктің 4 түрі
бар.
1.Түс
датчигі
2. Жанасу
датчигі
3. Ультрадыбыс
датчигі
4. Гидроскопиялық
датчик
4. Білім беру саласында
қолданылатын роботтар қалай аталады?
Nao – бұл робот білім беру
және зерттеу платформасы ретінде кең ауқымда
қолданылады.
5. EV3 дегеніміз
не?
EV3 – бұл LEGO® MINDSTORMS®
Education платформасының үшінші буыны.
«EV» ағылшын тілінен
аударғанда «evolution» - «эволюция» деген мағынаны
береді.
2
топ
1.Робототехниканы
қолданатын салалар...
Өндіріс, медицина, білім
беру, зерттеу, здеу және құтқару операциялары, әскери техника және
қауіпсіздік.
2. LEGO® MINDSTORMS® EV3
жинағының шығу тарихы
-1998LEGO MINDSTORMS RCX
Intelligent Brick
-2006LEGO MINDSTORMS
NXT
-2013 LEGO MINDSTORMS
EV3
3.
Мотордегеніміз
не?
Мотор
(тартпа, қозғалтқыш) тек қана роботты емес,
сонымен қоса түрлі механизмдер мен манипуляторды қозғалысқа
әкелетін роботтың ажырамас бөлігі болып табылады. Бір сөзбен
айтқанда, мотор робот үшін электр қуатын қозғалыс қуатына
айналдырады.
4. Датчик дегеніміз
не?
Датчик — әр түрлі ақпаратты
(температура, жылдамдық, сәуле, түс, дыбыс) өлшеуге арналған құрал.
Датчиктер электронды және механикалық болып
бөлінеді.
5. Түс датчигі неше
түсті анықтайды?
Түс датчигі 7 түрлі түсті
анықтай алады.
1-қара, 2-көк, 3-жасыл,
4-сары, 5-қызыл, 6-ақ, 7-қоңыр
3-кезең.
«Жарнама»
Бұл кезеңде Сіздер
LEGO MINDSTORMSEV3
ортасында қара сызықпен жүру программасын құрастырып, сол
құрастырған программаны жарнамалайсыздар.
Сіздерге 10 минут уақытберіледі

4-кезең. «Ғажайып
алаң»
Тақтадағы
ұяшықтарда
информатика пәнінен, робот
техникасынан және қызықты сұрақтар берілген.

Информатика 10
Операцияларды орындауға
арналған компьютердің негізгі құрылғысы
Жауабы: Жүйелік блок
(Процессор)
Информатика
20
Компьютердің негізгі
құрылғыларын ата
Жауабы:
Информатика
30
Ақпаратты өңдеу
құрылғысы
Жауабы:
Компьютер
Робот техникасы 10
Роботтың әлем мойындаған
туған жылы қай жыл?
Жауабы: 1966
жыл
Робот техникасы
20
ANDROID-роботтарының ең
алғашқы Олемпиада ойындары қашан және қай елде
өтті?
Жауабы:
2010 жылы 21-23 маусым Қытай елінде
өтті
Робот техникасы
30
Дыбыс толқындарын жіберіп,
қайтып келген сигналдарды оқитын және нысандарды тауып, оларға
дейінгі қашықтықты есептейтін датчик калай
аталады?
Жауабы:
Ультрадыбысты датчигі
Қызықты сұрақтар
10
Алгоритмдер неше түрге
бөлінеді?
Жауабы:
Алгоритмдер 3 түрге бөлінеді. Сызықтық,
тармақталған және циклдік.
Қызықты сұрақтар
20
Ребусты
шешу

Жауабы:
Графика
Қызықты сұрақтар
30
Ребусты
шешу

Жауабы:
Анимация
5
кезең
«Кино атауын тап»
Бұл кезеңде әр топқа бір кино
бойынша қысқаша түсіндірілім оқылады. Сол бойынша киноның атауын
табу қажет.
1
фильм
Мультфильмінің басты
кейіпкері робот. Ол біздің планетамызды қоқыстың үлкен көлемінен
тазарту мақсатында жасалған. Ал адамдар жерді барлық қоқыстардан
тазартылғанға дейін ғарышта өмір сүруге мәжбүр. Алайда, адамдар
ғарыш кемесінде өте ұзақ өмір сүргендіктен, жердің бар екендігін
ұмытып кетеді. Олар басты кейіпкер роботтың арқасында жердің бар
екендігін еске түсіріп, онда өмір сүруге болатындығына көз
жеткізгеннен кейін ғана жерге оралады. Ал робот осы оқиға барысында
өз махаббатын кездестіреді.
Ж ауабы:
2
фильм
Бұл фильмде көптеген
ғасырлар бойы екі түрлі нәсілді өзге ғаламшар роботтарының
арасындағы соғыс және сол соғыстың нәтижесінде ғаламның тағдыры
шешілетіндігі туралы. Сонымен барлық оқиға жерде өтеді. Зұлым
күштер жоғары биліктің кілтін іздеп жатқан уақытта, бізді
құтқарудағы соңғы мүмкіндік жас баланың қолында. Қарапайым
жасөспірім ғаламдыжәне жерді құтқару үшін зұлым күштерге қарсы
күреседі.
Ж
ауабы:
6 кезең «Kahoot
ойыны»
Kahoot ойынында оқушылар
сілтеме арқылы платформаға кіріп 10 тест сұрақтарға жауып береді.
Әр сұрақтың өзінің шектеулі уақыты болады. Соңында жеңіске жеткен
команданы анықтап береді.

|