400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: Сабақта қолданылатын кері байланыс пен рефлексия әдіс-тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Пайдаланушыларға пайдасы болып қалар.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Куздибаева Гульжамал Жанабаевна

51 гимназияның информатика пәні мұғалімі

Ақтөбе қаласы, 12 мкр 37/1

Тақырыбы

Сабақта қолданылатын кері байланыс пен рефлексия әдіс-тәсілдері

Жалпы мақсаты

Мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері, әдістерімен оның маңыздылығы жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау.

Күтілетін нәтижесі

  • Мұғалімдер сабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері мен әдістері жайлы ақпаратпен танысады.

  • Кері байланыстың сабақтағы маңызды үрдіс екенін түсінеді.

  • Оқушылардың көңіл-күйіне, оқу материалдарына қалай кері байланыс жасау керектігін біледі.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Түйінді идеялар:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер арқылы табысты оқытуға қол жеткізу. Сабақтағы кері байланыс, оның түрлері, әдістері.


Шағын дәріс

 (5 минут)

 

Power point арқылы кері байланыс түрлері, әдістері  туралы  қысқаша мәлімет беру және кері байланыс пен рефлексияның ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіремін. (слайд бойынша)

Picture 3 Әдіс түрлері: 
Ойын түрлері;
 
Жеке және жұптық, топтық жұмыстар;
 
Оқушылардың өз бетінше іс - әрекеттері;
 
Нақты жағдайлар, олардың нәтижесін жасау;
 
Сұрақтар қоюда ынталандыру(СТО - ға үйрету);
 
Оқыту мәселелері.
 

1.“ Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық. 

2.“Автор орындығы” оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады. 
Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді. 
3. «Миға шабуыл» стратегиясы 
(Мұғалімдермен жұмыс) 
Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз. Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз. Мысалы: “оқушылар мектепті тастамас үшін не істеу керек?” 
4. “3 таяқша” әдісі 
(мұғалімдермен жұмыс) 
Берілген тақырыпқа байланысты 
1 сұрақ 
1 жауап 
1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады. 
Мысалы: “деңгейлі оқыту туралы” 
5.«Бинго» ойыны. (Мұғалімдермен жұмыс) 
Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 - сұрақ. 
Семинарға не үшін келдіңіз? 
Алдымен мұғалімдерге жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашу, салыстыру. 
«Әдіс алмасу үшін.» 

6.«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі 
Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба? 
Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде 
оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды. 

7. «Он сұрақ!» әдісі. 
(мұғалімдермен жұмыс, гүл, семинар, сабақ, оқу сөздерін келтіру) 
Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі. 
8.«Серпілген сауал» әдісі 
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз. 
Мысалы, 
“Самат Рахаттың жауабы туралы сен не ойлайсың?” 
“Самал, Айгүлдің жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?” 
“Қанат, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?” 
9. «Құпия зат» 
– мына зат бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз: 
Бұл не? деп СҰРАМАҢЫЗ 
10. «Лездеме!» әдісі. 
Сіздің топтың екі қалған оқушысына бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін сізде бір минут бар: 
Конверттен бір сөзді бір рет алу 
Сөздің өзін атамай түсіндіру 
Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді! 

11.«9 - ромб» әдісі 
Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір топтар ең маңызды карточкаларын орталықта орналастыра алады (екі нұсқасы сәйкес келеді, себебі тапсырманың маңызды элементі топтағы талқылау үдерісі болып табылады). Ромбының нысаны топқа бірқатар басымдықтар мен перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді. 

12. «Бірге ойлаймыз» әдісі. Бұл әдістің тиімділігі сыныптағы елеусіз оқушыны сабаққа тартуда. 
• көршілеріңіз естімейтіндей етіп, сіздің сұрағыңызға жауапты талқылаңыз. 
• мұғаліміңіз 1 – 4 дейін санды таңдайды; 
• осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді; 
• талқылау және саралау үшін тамаша тәсіл. 

13. «Детальдарын қосу» әдісі. 
(мұғалімдермен жұмыс. Оқушы сабақтан көп қалады.) 

Командада жұмыс істеу кезінде сізге алынған білімдерін көрсету үшін сөйлемді кеңейтуіңіз қажет. Сөйлемі барынша дұрыс және нақты команда сыйлық алады! 
Бастапқы сөйлемнің мысалы: 
Бүгін біз мектепке жиналдық. 
Кеңейтілген сөйлемнің мысалы: 
Бүгін біз Шона Сымаханұлы атындағы мектепке, семинар - кустаға келдік. 

14. Кері байланыс түрлері 
«Алма ағашы» әдісі 
• Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ. 
«Бір сөзбен» әдісі - Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады. 
• Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану. 

«Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының 
1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН 
2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН*, 
3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН 

• «Таңдау» әдісі. 
• 1. Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын. 
• 2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды. 
• 3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым. 
• 4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым 
• 5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін. 
• Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады.

Мұғалімдер түртіп алады.

Қорытынды кезең (5 минут)

Семинарға келген мұғалімдерінен «Бір сөзбен» әдісі бойынша АКТ арқылы кері байланыс алды.

Picture 4

Карагул Жомарт Сайлаубайулы

55 жалпы орта билим беретин мектеп

Өте жаксы


Тлеулина Венера Бауыржановна

37 ОМ

Сәтті өтті!


Танбаева Жанзия Талгатовна

5 ЖББОМ химия

Жаңа ақпарат алдым


Тәженова Гүлвира Бекмұратқызы

31мектеп,химия

Өте жақсы!Сәтті өтті!Керемет!


Шуйншалина Айнур Жылкайдарқызы

40орта мектеп биология

Мақсатына жетті


Жумалиева Жазира

58 ЖББ ОМ химия пәні

Керемет


Тәженова Гүлвира Бекмұратқызы

31мектеп,химия

Өте жақсы!Сәтті өтті!Керемет!


Гульсара Раxметова

35 мектеп xимия пәні мұғалімі

Сәтті өтті жаңы ақппрат алдым


Койшыгарина Актолкын Адебиетовна

39 мектеп, физика

Сәтті өтті. Мақсатына жетті. Жаңа ақпарат алдым.


Балданова Марал

36қом биология

Сəтті өтті


Елеусизова Гулдана Шалкарбаевна

18 физика

Өте жақсы. Сәтті Жаңа ақпарат алдым


Қалдығұлова Ақбөбек Базаралықызы

32мектеп-гимназия, физика пəні

Өте жақсы! Жаңа ақпарат алдым! Мақсатына жетті!


Сексенов Бексултан Рамазанович

46 орта мектебі.биология пəні мұғалімі

Өте жақсы


Дүсіпова Айгул Зейноллақызы

56 мектеп информатика

Жаңа ақпарат алдым.керемет.максатына жетті!


Тажимбетова Айслу

СШЛ23

Оте жаксы, жана акпарат алдым, максатына жетти


Буркутова Ляйля

71 СОШ

Новая информация для меня


Казымбетова Айгуль

33 ҚОЖББМ, физика

Сәтті өтті! Керемет!






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.05.2019
1819
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі