Тексерілді:____________
«Бөбек» Бөбек жай әдіскері.
«_____»_________2016ж
Ұйымдастырылған оқу
қызметінің технологиялық картасы.№
Күні:
Тобы: «Қарлығаш»ортаңғы
тобы
Вариативтік компонент: «Кел,билейік» (хореография)
Тақырыбы: «Сағаттар» биі.
Мақсаты:
Балаларға ырғақты тыңдауды үйрету. Ырғақпен
қимылдауды көрсету. Балалардың қимыл-қозғалыстарын арттыру.
Қимылдардың орындалуын қадағалау.
Әдіс-тәсілдер: Санау
арқылы қимылдарды көрсету.
Қостілділік
компонент: Сағаттар-часики.
|
Іс-әрекет
кезеңдері
|
Педагогтың іс-әрекеттері
|
Балалардың іс-әрекеттері
|
|
Себеп қызығушылығын ояту
кезеңі
|
-Саламатсындар ма, балалар?
Балалар
залға кіріп, өз орындарына тұрды.
Амандасу
қимылы.
-Қыздар
етектерін ұстап, оңға және солға адымдап, бір орында айналады.
-Тізелерін бүгіп, бастарын иеді.
-Ұлдар
қолдары белде, оң қолды жанға шығарады.
-Алға адымдап, бастарын иеді.
|
-Саламатсыз ба.
Балалар би
жетекшісімен бірге
амандасу қимылын
орындады.
|
|
Ұйымдастырушылық ізденіс
кезеңі
|
Жаттығу
қимылдары
-Бір
орында адымдаймыз.
-Аяқтың
арасын ашып, қолмен тыныс аламыз. -Қолды жоғары көтеріп, екі жаққа
бұрыламыз.
-Қолды
шынтақтан бүгіп айналдырамыз.
-Қолды
иыққа қойып айналдырамыз.
-Аяғымызды кезектесіп көтереміз.
-Оңға,
солға майысамыз.
Би қимылдары.
-Шеңбер
құрады.
-Бастарын оңға, солға қозғалтады.
-Қолдарын екі жаққа қайшылайды.
-Шеңбер
бойымен айналады.
-Ортаға
кіріп, кері шығады.
-Қолдарын екі жаққа қайшылайды.
-Ұлдар
отырып, қыздар айналады.
-Кері
қайталайды.
-Бір орында айналып, биді
аяқтайды.
|
Балалар
би
жетекшісімен бірге
жаттығу
жасады,
бидің
жаңа
қимылдарын
үйренді.
Биді
қайталап
шықты.
|
|
Іс-әрекет бағалау кезеңі
|
-Балалар бүгін қандай
бимен таныс болдыңдар?
-Дұрыс, сағаттар
биімен.
-Сағат бізге не үшін
керек, балалар?
-Жарайсыңдар.
-Бимен қоштасамыз.
-Сау болыңдар.
|
-Сағаттар биімен.
-Уақытты білу үшін.
Балалар бимен
қоштасты.
-Сау болыңыз.
|
Күтілетін нәтиже:
Жаңғырта алады: Сағаттар биінің қимыл-қозғалыстарын.
Түсінеді: Би
қимылының орындалуын.
Қолданады: Көрсеткен би қимылдарын.