Материалдар / Тақырыбы: «Шалқан» ертегісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: «Шалқан» ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
« Шалқан» ертегісі туралы мағлумат беру, Шалқан ертегісін көрсете отырып,балаларға бір отбасының татулығын,бірліктерін көрсету.Ертегіні сахналау арқылы ой-қиялын дамыту.Есте сақтау қабілеттерін жеткізу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2021
671
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру салалары:  «Коммуникация» «Таным» «Драма» «Әлеумет»
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Шалқан»ертегісі
Мақсаты: « Шалқан» ертегісі туралы мағлумат беру, Шалқан ертегісін көрсете отырып,балаларға бір отбасының татулығын,бірліктерін көрсету.Ертегіні сахналау арқылы ой-қиялын дамыту.Есте сақтау қабілеттерін жеткізу.
Көрнекіліктер: Шалқан, ағаштар,көрініске қажет құралдар.
Тәрбиеші: 

- Қараңдаршы балалар, бізге қонақтар келіп қалыпты.Алдымен қонақтармен амандасып алайық.Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады.

Балалар: 

Біздің топта балалар

Тату-тәтті ойнайды

Дос көңілі әрқашан

Тек жақсылық ойлайды.
Тәрбиеші: 

Балалар,сендер қандай ертегі білесіңдер?

Балалар: Үйшік,Шалқан,Бауырсақ,Ақымақ қасқыр,Қызыл телпек.

Тәрбиеші: Балалар біреу есік қағып тұрған сияқты,тәрбиеші есік ашады.

Балалар бізге қонақ келген екен,қонағымызды қарсы алайық.

Ғажайып сәт:
Қоян келеді Сәлеметсіздерме балалар!Мен бүгін сендерге әдейі орманнан «ертегілер еліне» қонаққа келіп тұрмын.«Ересектер»тобының бүлдіршіндері «Шалқан» ертегісін сахналайды деп,орманда жүріп сауысқаннан естіп,арнайы келдім.Сіздерге тапсырмалар ала келдім.

Тәрбиеші: Қоян,сіз дәл уақтында келдіңіз,олай болса балалармен қосылып,ертегіні тамашалауға шақырамыз,балалардың арасынан орын алып отыра қойыңыз.

Әуенмен шалқан ертегісі басталады

Тәрбиеші: 

Ерте,ерте,ертеде бір кемпір мен шал өмір сүріпті.Олар үй шаруашылығына,ата есіктің алдына шалқан егіпті.Күндердің бір күніде Шалқан күннің ыстық сәулесімен үлкен болып өсіпті. Жаз мезгілінде көбелектер билеп жүреді.

Қоян; Балалар,сендер санап білесіңдерме?

Тәрбиеші: 

-Біздің балалар 1-7 ге дейінгі сандарды санай алады.

1-Тапсырма;

Балалар;

-1,2,3,4,5,6,7.

Тәрбиеші: М.Мантессори технологиясы бойынша «Матемеатикалық аймақ»бөлімі арқылы

Дидактикалық ойын: «Заттардың санын тап»

Суреттегі заттарды санап, қыстырғыштағы заттың санына сәйкес белгіле.

Тәрбиеші: 

Жаз өтіп ,күз келеді.Шалқан пісіп жетіледі.

Ата:Ой бәрекелді, менің еккен шалқаным үлкен болып өсіпті.Бәріне жететін болды.

Тәрбиеші: Осылай еңбегіне қуанып шалқанды тартпақшы болады.Әрі тартады,бері тартады,шалқанды жұла алмай қояды.

2-Тапсырма;Жұмбақтың жауаптарын тап.

Қоян;Жарайсыңдар балалар тапсырманы дұрыс орындадыңдар.

Ата:Ойбай шаршап кеттім,белім де ауырады.Қой көмекке кемпірді шақырайын.

-Кемпірім,кемпірім, көмекке келші,қарашы шалқанымыз үлкен болып өсіпті!Жалғыз өзім тарта алмай қойдым.Кел,екеуміз бірге тартайық!

Кемпір:Ой,шынында үлкен болып өсіпті ғой!Кел тартсақ тартайық!

Тәрбиеші:

Осылайша атаның артынан ұстап әрі тартады,бері тартады.Бірақ шалқанды қозғалта алмайды.Кемпір қызын көмекке шақырады.

Кемпір:Қызым,қызым бізге көмекке келші.Атаң еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.

Қыз:Үйдіде мен тазалаймын,едендіде жуамын енді не дейсіздер.Жарайды енді апа сізге көмектесейін.

Тәрбиеші:

Сонымен қызы көмекке келеді.Бірақ күштері жетпейді.Сонымен қыз көмекке итін шақырады .

Қыз:Итім-итім көмекке келші.

Ит:Аф-аф маған алдымен тамақ бер,сонда көмектесейін

Тәрбиеші:

Ит қыздың етегінен,қыз кемпірдің етегінен,кемпір шалдан,шал шалқаннан ұстап ары тартады,бері тартады,бірақ шалқанды суыра алмайды.Енді ит көмекке мысықты шақырады.

Ит:Мысық,мысық бізге көмекке келші,атам еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.

Мысық: Мяу-мяу,көмектесіп жіберейін.

Тәрбиеші:

Мысық иттің құйрығынан ит қыздың етегінен,қыз кемпірден,кемпір шалдан,шал шалқаннан ұстап әрі жұлқылайды,бері жұлқылайды,бірақ шалқан шықпайды.Енді

мысық көмекке тышқанды шақырады.

Мысық:Тышқан,тышқан маған көмектесіп жіберші.

Тышқан:Әрине көмектесіп жіберейін.Олар тарта-тарта шалқанды суырып алады.

Әже;Мен тамақ әэірлегенше,мысығым ән айтып берсін.

Тәрбиеші:

Әжесі шалқанды қосып тәтті тамақ әзірлейді.Бәрі тағамнан ауыз тиеді.

Тышқан:-Бұл тағам өте дәмді екен.Егер келесі жолы тағы көмегім қажет болса мені . шақырыңдар. Мен шалқанды өте жақсы көремін .

Тәрбиеші: Балалар біз қоянмен бірге шалқан ертегісін тамашаладық.Қоян сізге рахмет

Біздің балалармен бірге болып ертегі тамашалағаныңызға .
Қорытынды:

Тәрбиеші:

- Балалар осымен біздің Ертегілер елінде атты ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды. Сіздерге ертегі ұнады ма?

Балалар: Ия.

Тәрбиеші: Ертегіде қандай кейіпкерлер ұнады?

Балалар: Ата,әже,қыз .


Тәрбиеші:Шалқан көкөніспа,жеміспа?

Балалар: Көкөніс

Өте жақсы,балалар. Ұйымдастырылған оқу қызметіне жақсы қатысқандарыңыз үшін сіздерге рахмет айтамын.Қонақтарымызға рахмет,сау болыңдар.

































































Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№35 «Балдырған»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны


«Бекітемін»

35 «Балдырған» бөбекжай директоры

_____________М.М. Кабдрахманова

« » 2020жыл








«Шалқан» ертегісі

/ ашық ұйымдастырылған оқу қызметі /




Дайындаған: №8 ересек топ тәрбиешісі

Оразшаева У.О.

Өткізген: №8 ересек топ тәрбиешісі

Оразшаева У.О.

















Ақтау қаласы

2019-2020 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!