Шеберлік сыныбыТақырыбы : Жаңашыл ұстаз болу –заман талабыМақсаты: Білім берудің жаңа моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші,өз ісіне қатып қалған қаталдық пен жаттандылықтан аулақ, іс – тәжірибеде педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет.Қолданылатын әдіс –тәсілдер: Психалогиялық ахуал, тренинг,постер қорғау, «Банкідегі сұрақтар» әдісі, «Сыр сандық» сұрақтар қобдишасы, «Бағдаршам» әдісі, «Ақылдың алты қалпағы» әдісі, слаидтар.Түрі : Шеберлік сыныбыБарысы : 1.Ұйымдастыру кезеңіМұғалім : Саламатсыздарма құрметті әріптестер!Білекке сенген заманда,Ешкімге есе бермейік.Білімге сенген заманда,Қапы қалып жүрмейік –деп Абылай бабамыз айтпақшы қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, білім беру мазмұны жаңарып, оқу процесін ұйымдастыруда өзгерістер енгізілуде.Осы жаңашылдықтың бастамасы , ол- мұғалім. Сократ айтқан екен: «Мен ешкімді де оқытпаймын ,мен тек сол адамды ойлануға үйретемін», -деген екен. Олай болса мен де жоғарыдағы тақырып бойынша ойлантуға ой тастай алсам,табысты әрекет жасар едім, ал табысты мұғалім – табысты мектептің кепілі екені сөзсіз.Бүгінгі « Жаңашыл ұстаз болу – заман талабы» атты шеберлік сыныбына қош келдіңіздер! Шеберлік сыныбымызды бастамас бұрын жағымды психалогиялық ахуал орнатып алайық, олай болса шеңберге тұрып, бір- бірімізге қарап тұрамыз да әр ұлттың сәлемдесуін көрсетсек. Мысалы: қазақ халқы төс қағыстырып сәлемдеседі, үнді елі –қос қолын маңдайына жақындатып амандасады, Тайвандықтар бір –бірінің мұрнын уқалап амандасады екен қане бізде солай амандасып, жақынырақ таныссақ. (Рахмет)Олай болса мына менің қолымда төртбұрыш, үшбұрыш және шеңбер бар, осы фигуралар арқылы топқа бөлінсек. І топ «Жаңашыл»,ІІ топ «Ізденуші»,ІІІ топ «Шығармашыл» деп бөлінеміз.І тапсырма Постер қорғау. «Мұғалім неліктен өзгеру керек?» (Әр топ өз ойларын постерге түсіру керек)Мұғалім: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді. Ұлы мұғалім шабыттандырады. дейді ағылшын ағартушысы Уильям Уорд.Заман өзгеруде, жаңа техналогиялар енуде, әдіс –тәсіл өзгеруде ,олай болса мұғалім де өзгеруі тиіс.Әлем өзгеруімен біз де өзгереміз.ІІ тапсырма «Банкідегі сұрақтар» әдісі. 1-ші банкідегі тапсырма бүгінгі тақырыпқа байланысты әр топтан кезек –кезекпен келіп,сұрақтарға жауап береміз, ал бүгінгі тақырыпқа мүлде қатысы жоқ сұрақтар болса оны келесі банкіге жинаймыз.Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев : «болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер –бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, қазақстан сол деңгейде болады.Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр» -деді елбасы. ІІІ тапсырма «Сыр сандық» сұрақтар қобдишасында ситуациялық сұрақтар бар осыны шешіп көрсек, ішінен сұрақтарды алып, әр топ жауап береді.ІҮ тапсырма «Ақылдың алты қалпағы» әдісі бойынша шеберлік сыныбымызды қорытындыласақ, әр топ қалпақ таңдап, рөлге ене отырып, «Жаңашыл ұстаз болу –заман талабы» тақырыбында ой қорытсақ.Мысалы ақ қалпақ : қазіргі таңда Жаңашыл ұстаз болу - заман талабы. Жаңа идеямен, жаңа техналогиялармен жұмыс істеп заман көшіне ілеспесек көштен қаламыз, қазір қарап отыратын заман емес.Ү тапсырма Рефлексия. Шеберлік сыныбынан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикер тарату. «Тілек ағашына іледі»Қорытынды: Бүгінгі шеберлік сыныбына қатысып, өз ойларыңызды бөліскендеріңізге рахмет. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздар еңбегін еш нәрсемен салыстыруға келмейді Өйткені олар «өзгенің бақытын аялаған, өзінің уақытын аямаған» нағыз ұлы тұлғалар емес пе?Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп , алға қадам басып келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру – біздің міндетіміз.Сондықтан да сіздерді Жаңашыл болайық,түрлі әдісті меңгерген шебер, жан-жақты мұғалім болайық дегім келеді.