400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Сиқырлы су» Шынбергенова Кунимхан Кайырхановна

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Су туралы, білімдерін кеңейту, судың қасиеттерімен таныстыру, іс-тәжіребие жасауға қызығушылығын арттыру. Суға қомқорлық жасауға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шынбергенова Кунимхан МДҰ « Аққайың » балабақшасының тәрбиешісі. Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Талдысай ауылы

Тақырыбы: «Сиқырлы су»

Білім беру саласы: «Таным» Бөлімдері : «Қоршаған ортамен таныстыру» Сабақтың тақырыбы: «Сиқырлы су» Мақсаты: Су туралы, білімдерін кеңейту, судың қасиеттерімен таныстыру, іс-тәжіребие жасауға қызығушылығын арттыру. Суға қомқорлық жасауға үйрету. Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауап, тәжіребие жасау, мадақтау. Сабақтың көрнекілігі: Суреттер (слайд) , су, стакан, сүт, қасық, қант, лимон.

Билингвалды компанент: су-вода, жаңбыр-дождь. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Балалар барлығымыз шаттық шеңберіне тұрып, қонақтармен амандасайықшы.

Шаттық шеңбер:

Самал жел бізді желдетші, Күн нұры бізді жарқырат. Таза ауа бізге дем берші, Мөлдір су бізді салқындат. – Балалар, біз қай жыл мезгілімен қоштасып жатырмыз? (Күз мезгілімен) - Күз мезгілінде неше ай бар? (Үш ай бар) (Осы сәтте магинитафон арқылы жаңбырдың тамшысының тырсылы естіледі) - Қанекей тыңдаңдаршы? Бір нәрсе тықылдайтын сияқты, ненің дауысы шығады? (Балалар таңдана тыңдап жауаптарын береді) Ғажайып сәт: - Бізге қонаққа тамшы келіпті. – Қане, қонақпен сәлемдесейік. (Балалар амандасады) - Ол бізге қонаққа келіпті. Бірақ өзі неге көңілсіз екен? Ол өзінің неге көңілсіз екенің сұрайық? Тамшы: - Сәлем достар! - Мен, жақында ғана туылдым. Бірақ өзім туралы ештеме білмейді екенмін. Сондықтан менің көңіл-күйім жоқ. Сендер сондай ақылды, білімді балаларсыңдар ғой, мүмкін мен жайлы білетін боларсыңдар. (балалар өз көңілдерін білдіреді.) - Тамшы, кел төрлет! – Біз бүгін «Сиқырлы су» әлеміне зерттеу жасаймыз. – Өзінің кім екекнің білгің келе ме? Тамшы: - Ия, білгім келеді. – Ендеше сен де мұқият тыңдап отыр. Балалар экранға назарларын аударады.

Слайдпен жұмыс. Судың дыбысы естіледі.

- Судың пішіні бар ма? Біз қазір судың пішіні бар ма, жоқ па соны тексереміз (тәрелкеге су құю) Әрине, жоқ, суды қай ыдысқа құйсаң ол сондай пішін болады.

- Судың дәмі бар ма? Осыны да тексерейік, алдарыңа ыдысқа су құйылған. Сол суды ішіп көріңдер. (балалар ішіп көреді)

Енді, осы суға кейбіреулерің қант қосып көріңдер,ал басқаларың тұз қосып көріңдер. Суды ішіп көріңдер дәмі өзгерді ме? (балалар жартысы қант, жартысы тұз салып өздерінің сезімдері туралы айтады) - Дұрыс суға біз не қоссақ, сол заттың дәмін сеземіз, ал судың дәмі жоқ екен.

Сонымен қатар су мен сүтті салыстырып көрейік, су бар стаканға қасық салайық, қасық көрінеді ме? Ия,көрінеді. Ал сүт құйылған стаканға қасық салайық көрінеді ма? Жоқ көрінбейді, сондықтан судың түсі жоқ, ол – мөлдір екен.

- Білесіңдер ме, балалар, мынау тұрған судан лимонад шырынның дайындауға болады. Бірге жасап көрейік. (балалар араластырып өздері ішіп дәмін көреді).

Балалар, сонымен су түссіз, дәмсіз, иіссіз, тұрақты пішіні жоқ табиғи ресурс. Оны дәлдеу үшін біз сумен тәжіребие жасадық.

- Өзен мен көлдерде, теңіздерде нелер тіршілік етеді? (Әртүрлі балықтар, өсімдіктер) Олар сусыз өмір сүре ала ма? Адамдарға су не үшін қажет? Судың қажеттілігі туралы не білеміз? (суретпен жұмыс) Суды ішеміз және жуынамыз. Сумен өсімдіктерді бау-бақшаны суарамыз. Сумен ас әзірлейміз. Сумен кір тазалаймыз. Суға адамдар да, жануарлар да шомылады. – Балалар, біздер судың әртүрлі қасиеттері бар екеніне көз жеткіздік.

Тамшы: - Мен өзімнің жетерліктей қасиетім бар екен. Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. - Жарайсыңдар, балалар, ал енді «Күн мен жаңбыр»деген ойынды ойнайық. Мен сендерге «күн» дегенде серуен дейсіңдер, ал «жаңбыр» дегенде қолшатырдың астыңа тығыласыңдар.

Тамшы: - Балалар, сендерге көп-көп рахмет! Менсіз табиғатта тіршілік жоқ екеніне көзім жетті. Сау болыңдар!

- Тамшы сағанда көп рахмет! - Біздің балалармен ойын ойнап көңілдерін көтеріп тастадың. Сау болыңыз! – Өте жақсы балалар, ал енді барлығымыз орнымызға отырайықта сұрақтарға жауап берейік.

- Судың иісі, дәмі, түсі бар ма? (жоқ) - Бізге қонаққа кім келді? (тамшы) - Қандай тәжіребие жасадық? (пішінін болмайтынын, түссіз екенін) - Сусыз өмір сүруге бола ма? (жоқ) - Адамдарға су не үшін керек? (ішеміз, жуынамыз, ас әзірлейміз, кір жуамыз) - Суды үнемдеу керек пе? (ия) - Жарайсыңдар, балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізге белсене қатысқандарың үшін сендерге алғыс айтамыз. Қонақтармен қоштасайық! Сау болыңдар! Күтілетін нәтиже: Нені білуі керек: суды үнемдеуді, суды ластамауды. Түсінеді: судың адам өміріне маңыздылығын Меңгереді: тәжірибие жасау арқылы судың қасиеттерін .







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
426
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі