400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы: «Сөйлем»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Сөйлем»
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.


Күні:

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімдері: Сауат ашу

Тақырыбы: «Сөйлем» _

Мақсаты: 1. Сөйлем туралы түсінік беру.

2.Жаттығулар орындау арқылы сөйлем туралы ұғымын кеңейту, логикалық ойлау қаблеттерін дамыту.

3. Сөздік қорын молайту, таза жазуға тәрбиелеу.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық


Көңілді шеңбер:

Амансың ба, алтын күн!

Амансың ба, көк аспан!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем куанамын

Әңгімелесу:

- Балалар, сендер білесіңдер, жер бетінде адамдар, жануарлар, құстар, балықтар, өмір сүреді. Сол сияқты үйлер машиналар бар. Кім үй салуды (машина жасауды) ойлап тапты? Неге?


Күлкіменен көңілімізді ашамыз.





(ситуациялық ойын ойналады)


Ұйымдастыру-іздестіру

-Мысалы: құс, орындық- бұлар сөздер екен, сөйлем болу үшін бір аяқталған ойды білдіру қажет екен. Бір сөзден сөйлем құралмайды. Ендеше, балалар, осы сөздерден сөйлем құрап көрейік.

-«Құс» деген сөзге тоқталайық. «Құс» десем сендер бірдеңе түсіндіңдер ме? Ол сөйлем бе?

-Түсінген жоқпыз. Сөйлем емес. (балалардың жауабы)

-Құс балапан шығарады. Бұл сөйлем бе?

-Бұл сөйлем. (балалардың жауабы)

-Аяқталған ойды білдіріп тұр екен. Сөйлем үш сөзден құралып тұр. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты.

Үлестірмелі қима қағаздармен жұмыс жүргізіледі.

Ойын: «Кім шапшаң сөйлем құрайды?»

Суреттер көрсетіледі (тауық, көбелек, машина, тарақ, кітап т/б)

Мысалы: Тауық балапандарымен жайылып жүр.

Балалар құраған сөйлемдерін талдайды, неше сөзден құралғанын айтады.

-Схема өтілген тақырып бойынша жұмыс жүргіземіз. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты.











Рефлексивті-түзетушілік

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан желеседі.

Кіп-кішкентай балалар,

Үп-үлкен боп өседі.

Дидактикалық ойындар жүргізіледі.

Сөзжұмбақ: 1. Күннің түсі?

2. Буыннан құрайтын?

3. Кедей сөзінің антонимі?

4. Кір су?

5. Аяқ киім?

6. Тышқанның жауы?


Балаларды мадақтау.

Сабақты қорыту.





а) Күтілетін нәтиже: жаңа сабақты түсіндіру арқылы сабаққа қызықтыра білу.

ә) Білу: сөйлем ұғымдарын білу.

б) Игеру: сөйлемді дұрыс қолданады.

Тәрбиеші:

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
486
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі