жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тақырыбы: «Сөз білгірі» білім сайысы
Күні: 26.09.2017 ж.
Қатысатын сыныптар: 6 «А»,
«Ә», «Б», «В», «Г»
Өтілетін орны: Акт
залы
Тақырыбы: «Сөз білгірі» білім сайысы
Мақсаты: Оқушыларды сайыстыра отырып, шешендікке, алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Қазақ тілінің әдемілігіне, байлығына көз жеткіздіру.
Әдісі: сайыс
Барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Қатысушыларды бес топқа бөлу.
Негізгі бөлім.
Жүргізуші:
Менің тілім – даналықтан жаралған,
Менің тілім – балалықтан нәр алған.
Менің тілім мәңгілікке асқақтап,
Биіктердің биігі боп саналған!
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Тіл апталығы аясында өткізілгелі отырған «Сөз білгірі» білім сөз сайысына қош келдіңіздер!
Тіл – асыл ойдың бұлағы!
Тіл – өрісі кең әлем!
Тіл – еліміздің іргетасы!
Тіл – баға жетпес мұра!
Ендеше бүгін біздер сол дара да дана тіліміздің кемеріне жетіп, оқушылардың қаншалықты тіл білгірі екендігіне көз жеткізетін боламыз. Қатысушы топтарды қарсы алайық!
6 «А»сынып оқушыларынан құралған «Болашақ» тобы
6 «Ә»сынып оқушыларынан құралған «Бірлік» тобы
6 «Б»сынып оқушыларынан құралған «Достық» тобы
6 «В»сынып оқушыларынан құралған «Татулық» тобы
6 «Г»сынып оқушыларынан құралған «Қыран» тобы
Сайыс ережесімен таныс болсақ. Сайыс бес кезеңнен тұрады:
1) Мықты болсаң – тауып көр (Тұрақты тіркестерді табу)
2) Жүйрік болсаң – жетіп көр (Мақалдарды жалғастыру)
3) Тапқыр болсаң – тауып көр (Жұмбақ шешіп, үш тілге аудару)
4)Ойлы болсаң - озып көр ( Берілген сұраққа мақалмен жауап беру)
5) Шапшаң болсаң – шауып көр (Жаңылтпашты тез, дұрыс айту)
(Әділқазылармен
таныстыру)
- Әділ қазы, ақ қазыға сәлем
бер,
Әділдікке бас иеді күллі
әлем.
Жүйрік озар, сайыстарда неше
бір
Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,- дей келе
сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен
танысыңыздар:..
1.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Жұмабаев Думан
2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша
облыстық, аудандық жарыстардың жеңімпазы, жас ақын – Нұрқасым
Әдемі
Әр кезеңнің сұрағына әр топ кезектесіп жауап береді. Жауап бере алмаған жағдайда қарсыласқа жол беріледі. Әр жауаптың бағасы – 5 ұпайдан.
Сайыс ережесі түсінікті болса, бастайық! Іске сәт, оқушылар!
6 «А» сыныбы «Болашақ» тобы
Ұраны : Жарқын болашақ білімді ұрпақтың қолында.
6 «Ә» сыныбы «Бірлік» тобы
Ұраны : Білімдіден сөз тыңдасаң, күш тасыр,
Үйренгенді желге ұшырмай, іске асыр,
6 «Б» сыныбы «Достық» тобы
Ұраны: Тілге құрмет, елге құрмет!
6 «В» сыныбы «Татулық» тобы
Ұраны: Татулығымыз жарасқан, тату - тәтті
елміз.
6 «Г» сыныбы «Қыран»
тобы
Ұраны: Жеті жұртың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
1-кезең: «Мықты болсаң – тауып көр» (тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу)
1 - топ:
«Болашақ»
1. Төбе шашы тік тұрды.
(Қорықты)
2. Көз ұшында көрінеді.
(Алыста)
3. Қолды болды.
(Ұрланды)
4. Жүрек жұтқан
(Батыр)
5. Қоян жүрек.
(Қорқақ)
6. Көзі ілінбеді.
(Ұйықтамады)
2 - топ:
«Бірлік»
1. Көзге түртсе көргісіз.
(Қараңғы)
2. Бетінен оты шықты.
(Ұялды)
3. Араларынан қыл өтпейді.
(Достар)
4. Күлін көкке ұшыру.
(Құрту)
5. Жүрек жалғап алды.
(Тамақтанды)
6. Көз шырымын алу.
(Ұйықтау)
3 - топ:
«Достық»
1. Ит терісін басына қаптады.
(Ұрысты)
2. Ат ізін бір салмады. (Іздеп
келмеді)
3. Су тегін.
(Арзан)
4. Тісіңнен шығармау.
(Айтпау)
5. Ешкімнен ештеңесін аямайды. (Жомарт,
мырза)
6. Ала жіпті аттама.
(Ұрлама)
4-топ «Татулық»
1.Қой аузынан шөп алмас – момын, жуас адам
2.Қамшының сабындай – қысқа
3.Тайға таңба басқандай – анық, айқын
4.Жүрегінің түгі бар – батыл, өжет
5.Тіл қату – сөйлеу
6.Бармағын тістеді – өкінді
5- топ «Қыран»
1.Қолы ашық – жомарт, мырза
2.Сау басына сақина тілеп алу – өзіне бәле тілеу
3.Көзі ілінбеу – ұйықтамау
4.Арасынан қыл өтпейді – өте тату
5.Қабырғасы қайысу – қатты қиналу
6.Жер жұту – жоқ болу
2-кезең: «Жүйрік болсаң – жетіп көр» (мақал-мәтелдің екінші сыңарын табу)
1.Батырды намыс өлтіреді
(Қоянды қамыс өлтіреді).
2.Қыз – елдің көркі (Гүл – жердің көркі).
3.Оқу – білім азығы (Білім – ырыс қазығы).
4.Еңбек етсең ерінбей (Тояды қарның тіленбей).
5.Ақыл жастан шығады (Асыл тастан шығады).
6.Жаңбыр жауса – жер ырысы (Батыр туса – ел ырысы ).
7.Батамен ел көгереді (Жаңбырмен жер көгереді).
8.Қорқақ мың өледі (Батыр бір өледі).
9.Білекті бірді жығады (Білімді мыңды жығады).
10.Туған жердей жер болмас (Туған елдей ел болмас).
11.Арпа, бидай ас екен (Алтын, күміс тас екен).
12.Батыр майданда шынығады (Құрыш қайнауда
шынығады)
13. Аяз би, әліңді біл (Құмырсқа, жолыңды біл)
14.Біреу тойып секіреді (Біреу тоңып секіреді)
15. Сөз тапқанға (қолқа жоқ)
3-кезең «Тапқыр болсаң – тауып көр» . Жұмбақ шешіп, үш тілге аудару
1-топ
1.Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы. (мектеп-школа-school )
2.
Шәкіртке
жанашыр,
Мейірман кім,
жаны асыл. (Ұстаз –
Учитель – Teacher)
3. Қабат – қабат қаптама
Ақылың болса аттама. (кітап – книга -
book)
2-топ
1.Уақытты өлшеп,
санап,
Таппайды бір тағат. Бұл не сонда? (сағат-часы- clock
)
2.Екі тақта
арасында
Қимылдайды қызыл тақта (тіл-язык-
language)
3.Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз - слова - words)
3-топ
1.Бір нәрсе бетінде жоқ ой менен қыр,
Өзінің кіндігінен айналып жүр.
Өзіне назар салып қарасаңыз,
Келбеті жер жүзінің көрініп тұр. (жер шары-глобус-globe )
2.Ұшымен қазық
Тор көздi жазық.
Үстiне өттiм,
Асыл сөз жазып. (дәптер-тетрадь-notebook )
3.Үстiнде есiгi,
Өзi орындық, әрi үстел,
Оқушылар бесiгi. (жазу үстелі-парта-desk
)
4-топ
1.Оқуыма төрешi,
Тоқуыма төрешi.
Парақтасам байқалар.
Бiлiмiмнiң өресi,
Онда және жазылған,
Кестем де бар келесi (күнделік-дневник-diary
)
2.Қырық екi жауынгер,
Сапын түзеп тұрады.
Бұлдiршiндер
Қауымды ел,
Сырын терең ұғады. (алфавит-аlphabet
)
3. Жоқ өзінде бас та, қас та мойын да
Ұзындығы жазулы тұр бойында? (сызғыш, линейка, ruler)
5-топ
1.Үнемі ауызда бұлтыңдайды,
Бірақ жұтылмайды. (тіл - язык -
language)
2. Бір үйге көзсіз боп
кіресің,
Бұл үйден көреген боп шығасың
(мектеп – школа -
school)
3.Қозғалмастан бір елі, күні бойы жүреді. (сағат - часы - Watch)
----------------------------------------------------------------------------------------------
4-кезең: «Ойлы болсаң –
озып көр» ( Берілген сұраққа мақалмен
жауап беру)
1.Жыланды қалай інінен
шығарамыз?
(Жылы-жылы сөйлесе, жылан інінен
шығады)
2.Инемен құдық қазуға бола
ма?
(Білім инемен құдық
қазғандай)
3.Аппақ қарға бола
ма?
(Қарға баласын аппағым
дейді)
4.Ең тәтті
не?
(Ананың сүті тәті,баланың тілі
тәтті)
5.Қар жана
ма?
(Қалауын тапса,қар
жанады)
6.Оттан да не
ыстық?
(Отан оттан да
ыстық)
7.Тауық түс көре
ме?
(Тауықтың түсіне тары
кіреді)
8.Кімнен кім
жаман?
(Олақтан салақ
жаман)
9.Шашу мен жинаудың қайсысы
оңай?
(Шашу оңай,жинау
қиын)
10.Білгенің қанша,білмегенің
қанша?
(Білгенің бір тоғыз,білмегенің тоқсан
тоғыз)
11.Адамның қай мүшесі қорқақ,қай мүшесі
батыр?
(Көз қорқақ,қол
батыр)
12.Отқа түсіп күймеуге бола
ма?
(Отан үшін отқа түс
күймейсің)
13.Көрдім,көрмедім деген неше
сөз?
(Көрдім деген көп сөз,көрмедім деген бір
сөз)
14.Ер қаруы
неше?
(Ер қаруы бес
қару)
15.Етікті қонышынан басуға бола
ма?
(Қолыңнан келсе, қонышынан
бас)
5-кезең «Шапшаң болсаң – шауып көр» (Жаңылтпашты тез, дұрыс айту)
Жүргізуші: Сайыс кезеңдері аяқталды. Ендеше қорытындысын білейік!
(Сайыс қорытындысын шығару. Сайыскерлерді марапаттау.)
Қорытынды:
Бойларыңда от бар екен,байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен,байқадым.
Әрқашан да шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
Өрендер,өрлей берсін өнерлерің,
Айналаң бәрі сенің көрерменің.
Тілеймін,дәл осылай барлығыңның
Тек қана биіктерден көрінгенін
Тарайды үні ғасырларға, жылдарға,
Биіктігі асқақ-асқақ шыңдарға.
Мен қаламын мәңгілікке тірі боп,
Ана тілім – қазақ тілі, сен барда!
Саңлақ сара жандардың қалдығының, дана ұрпақтың барлығының белгісіндей болған туған тіліміз – қазақ тілі жасай берсін деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз! Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген