400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: "Сүйіспеншілік, дұрыс іс- әрекет" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ғалам құндылығы туралы білім беру; Оқушыларға ғаламшарды толықтай түсіндіру және оларға ғаламшар туралы пікір қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ӨЗIН-ӨЗI ТАНУ» ПӘНІ БОЙЫНША САБАҚ ЖОСПАР


Мектеп: «Қазақстан негізгі орта білім беретін мектеп» ММ

Мұғалім: Сапарова Назымгуль Социаловна


Сынып:7

Тақырып: Ғаламшар Ғажаптары

Құндылық: Сүйіспеншілік, дұрыс іс- әрекет

Қасиеттер:қызығушылық,шынайылық

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға ғалам құндылығы туралы білім беру;

Оқушыларға ғаламшарды толықтай түсіндіру және оларға ғаламшар туралы пікір қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

-Оқушыларға болмыс, жаратылыс, ғалам туралы түсінік беру;

-Қоршаған жаратылысқа деген жасампаздық көзқарастарын қалыптастыру;

-Қоршаған жаратылысқа деген ізгі қарым – қатынасқа тәрбиелеу.


Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Интреактивті тақта

Компьютер қажет


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi:

Тыныштық сәтi: «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гул түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басының түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан - жануарларға өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”.

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Ғарыштан келген гүл» әңгімесінің мазмұнын айту.Оқушылардың әңгімені қаншалықты түсінгенін білу.

ғарышкерлерді білесіңдер?

Ғарыш ұғымын қалай түсіндіңдер?

Қазақтан шыққан қандай ғарышкерлерді білесіңдер?


Ескерту

Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру: 6 мин

3.Дәйек сөз:

Ғаламның ғажайып сыры-адамда.

Ч.Дъюк

Дәйек сөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?

Осы дәйек сөздің мағынасын ашып беріңдер?

Ғажайып ғаламды көз алдарыңа қалай елестетесіңдер?

хормен айтқызу

дәптерге жазқызу: 2мин

4.Оқиға айту, әңгімелеу(сұхбат)

Мұғалімнен сыйлық: «Ғарышқа саяхат»

Ғарыш әлемі кең байтақ!Оны адамзат әлі толығымен зерттеп болған жоқ.Ғарыштың әлі де ашылмаған сырлары қызықты.Ерте кезден-ақ грек ғалымдары ғарыш туралы түрлі болжамдар жасаған.Олардың ғарышқа саяхат жасағысы келгендерін осыдан байқауға болады.

Ең алғаш ғарышқа саяхатты 1969 жылы ағылшындар бастаған болатын.Міне,содан бері ғарыш кеңістігі ғалымдармен игеріліп келеді.Біздің елемізде «Байқоңыр» ғарыш станциясы бар.Мен оны Қазақстанды ғарыш әлемімен байланыстыратын көпір санаймын.Өйткені,барлық зымыран ұшақтар осы жерде саяхатының бастауын алады.

Тоқтар Әубәкіров,Талғат Мұсабаев, жақында ғарышқа барып келген Айдын Айымбетов - осы адамдар Қазақстаннан ең алғаш ғарыш есігін ашқан ұшқыштар. Біз осы 3 ержүрек тұлғаларымыздың арқасында.ғарыш туралы түсінігімізді арттырдық.

Ғарыш кеңістігінде 9 ғаламшар бар. «Жер » планетасы үшінші орында тұр.Біздің планетамыз тоғыз ғаламшардың ішіндегі өмір сүруге қолайлы қабаттары бар ғаламшар.Адамның қарапайым көзімен қараған кезде басқа,ал ғылыми тұрғыдан қарағанда мүлдем басқаша.Күн-ғарыштың жүрегі. Әр адам ғарышқа саяхаттағысы келеді.Әр адам ұшқыш болғысы келеді.Бірақ ол үшін адам баласына шыдамдылық пен ақылдылық.ғарыш туралы көп мәліметтер керек. Осымен біздің ғарышқа саяхатымыз аяқталды..



15мин

http://proza.kz/ru/prose/out-of-genre/8228.azamat_jetenov.gharishqa-sayahat

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Жеке тапсырма ғарышты қалай елестетесіңдер соны қағаз бетіне сурет арқылы бейнелейді.


13мин

6.Топпен ән айту. «Байқоңыр»

1)Әлемге аты әйгілі

Көгінде күлген ай күні

Тамсанып таңдай қақан бар қалам

Асқақтап тұрған айбыны

Қазақтың сенсің байлығы

Аспан мен жер арасын жалғаған


Бақ беріп алла бармақтай

Ғарышкер Тоқтар, Талғаттай

Өзіңнен ұшты қазақ алыбы

Ұлы өлкем менің ұлыман

Ұшырып алғаш зымыран

Қазақстанды әлем таныды

Қ-сы

Байқоңырым елім менің еңселі

Жүрегіммен сүйеммін мен сені

Байқоңырды жер кіндігі деушеді

Бүкіл әлем құрметтесін сені


2)Бойында аққан дариясы

Данагөй абыз қариясы

Жұрты бар жақсы жайсаң жайдары

Анасың маған сен отан

Ұшырған мені Төретам

Қасиетті Қармақшы аймағым


Тірегімдесін туған ел

Жүрегімдесін туған жер

Түспесін көктен қазақ байрағы

Шаһарым сенсін шаттанар

Өзің мен қазақ мақтанар

Жасай бер мәнгі ғарыш аймағы

Қ-сы



4мин


7.Үй тапсырмасын беру:

«Адам және Ғалам» әңгімесін оқып келу.


2мин


8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті:

«Табиғат аясына саяхат»

Баяу музыка қосылады.

Мұғалім ақырын мінерлеп оқиды.

Барлықтарыңыз көздеріңізді жұмыңыз. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз (тыныштық). Сіз әлі өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз ….. (тыныштық).

Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк аспаннан және күзгі жердің суығы ағатын жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық). Қазір біз көзімді ақырын ашып, басқа жаққа қарай колымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Жер-Анаға «Рахмет» деп айтамыз.

4мин



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 мамыр
602
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі