Материалдар / тақырыбы: Су -тіршілік көзі

тақырыбы: Су -тіршілік көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге керек Ересек тобына
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Су -тіршілік көзі

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру.

Дамытушылық: .Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту. Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттау

Тәрбиелік: Қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат-ананы қорғап,аялауға үйрету. Суды ластамауға, үнемдеуге үйрету, тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру, тәжірибе жасау, сұрақ – жауап, мадақтау.

Сабақтың көрнекілігі: глобус, слайд – шоу, су, қант, тұз, қасық, сүт, суреттер және т.б

Сөздік жұмыс: судың қасиеті, түссіз, дәмсіз, иіссіз, қатты, сұйық, бу.

Қостілділік: Су-Вода, Қант -Сахар, Тұз- соль,

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Балалар барлығымыз шаттық шеңберге тұрып, қонақтармен амандасайықшы. Үш тілде амандасу .

Шаттық шеңбері:

Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолыңды жу.

Жуыңсаң әрдайым,

Таза бетің, маңдайың.

Балалар естідіңдерме? Біреудің айғалаған даусы естіледі.бұл кім екен? Сол сәтте Жалмауыз кемпір кіріп келеді. Балалар мен сендер тұрып жаттқан бүкіл әлеммің суын сиқырлап жоғалтып тастаймын.

Сендер су адамзатқа неге керек екенің білесіңдерме? Бәри хормен ия деп жауап береді.

Тәрбиеші: Балалар енді не істейміз. Су адамзатқа керекпе екенің қалай білеміз? Ол үшін ғажайып экранға көз салайық. Экранда слайд көрсетіледі

Слайд.:№1 Жер шарының кеуін қалған бейнесі көрсетіледі.балалар егер жер шаранда су болмаса не болмақ. Қалай ойлайсыңдар.

Слайд №2 Экранға қарандаршы мына суреттен нені көріп тұрсындар? ( Өзен ,көл,теңіз,мұхит) осының бәрі су дейміз.

Слайд №3 Ал егер Глобустан көретін болсақ. Жер шарының көп жерлерін су алып жатыр.Глобустағы көк түсті жерлер, ол су.

Слайд №4 Балалар мына суретке қарап, ойланып жауап беріңдерші: табиғатта су қандай күйде кездеседі( қар,бу, тұмын, мұз ,және тамшылар.)

Слайд № 5 Cу айналым табиғаттығы

Кімге су не үшін қажет? Сендер су жайлы не білесіңдер? Адамзатқа су керекпе?

Дидактикалық ойын :« Ғажайып теледидар» № 6 Құбырға су қайдан келді.Сендер күндедікті тұрмыстық жағдайда суды қолданамыз. Су коп ағады, бірақ бітпейді? Құбырдағы су ол өзеннен келеді. Біз қолымызды жуатын ағын су,ұзақ жолмен келеді.Алдымен ол өзендерде жиналады, соданкейін адамдар құбыр арқылы үйлерге әкеледі. Осыдан кейін біз суды үнемдеуді білу қажет екен.

Балалар сендер судың қасиеттін білгілерің келеме? Ол үшін алдымыздағы көптеген бөгет жолдармен жүру керек.осы бөнет жолдар Зерттеу орталығына жеткізеді . Кришкадан, гупкадан жасалынған жолмен өттеді.балалар міне бізде келіп жеттік, Балалар менің қолымдағы табақшада үш түсті дөңгелек пішіндер бар қызыл,жасыл,сары,сол түсті таңдап , үш топ құрамыз.Қызыл түсті топ бірінші тәжірбиені жасайды. Ал екінші топ, жасыл екінші тәжірбиені жасайды ,сары түсті топ ,үшінші тәжірбиені жасайды.

1 тәжірибе. « Су мөлдір» (Қызыл)

Сендердің алдарында екі стакан; біреуінде су; екіншісінде сүт.екеуінеде қасық салындар. Қай стаканда қасық көрінеді, қайсысында көрінбейді?неге?(балалардың жауабы)

Қандай қортынды жасаймыз:Су мөлдір жарық өткізелі, Сүт ақ жарық өткізбейді.

2 тәжірибе « Судын дәмі,иісі жоқ»(Жасыл)

Судың дәмі бар ма? Осыны да біз тексерейік, алдарында ыдысқа су құйылған. Сол суды ішіп көріңдер. (балалар суды ішіп көреді) Енді осы суға кейбіреулерің   қант қосып көріңдер, ал басқаларың тұз қосып көріңдер. Суды ішіп көріңдер дәмі қандай болды екен? (балалардың жартысы суға қант қосады, ал басқалары тұз қосады, өздерінің сезімдері туралы айтады)

Балалар суды искеп көріндерші, иісі барма?

Қандай қортынды жасаймыз: Судын иіссі жоқ, дәмі жоқ.

3Тәжірбие «Судың пішін,сұйықтық (Сары)

Стакандағы суды бос ыдысқа құйындар,не байқадындар? Су құйылады,ол сұйық.Ал егер су сұйық болмаса, ол құйыладыма? Қалай ойлайсындар. Қандай қортынды жасаймыз: Су сұйық болса онда ағады.оны сұйық дейміз.

Сергіту сәтті: Махмуд Намазовтын Ақбұлақ деген өлеңіне қимылмен жаттығу жасайды.

Дидактикалық ойын: Құрлықтама,судама

Балалар сендер су туралы тыйым сөздер, мақал – мәтелдерді білесіңдер ме, қане айтыңдаршы?

мақал – мәтелдер

1.Су бергеннің сауабы бар,

Су төкеннің жауабы бар.

2.Ағын су жолын табады,

Ақ адам оңын табады.

3. Сумен ойнама – батарсың,

Отпен ойнама – жанарсың.

4.Су анасы – бұлақ,

Сөз анасы – құлақ.

Дидактикалық ойын:Ойлан ,тап( суретті кубиктармен тыйым сөздер ойлап табу)

1.Суды лайлама

Бұлақты былғама


2.Ағынды суға кір жума

Судың бетін ашық қалдырма

 

3.Суды сапырма, суды сатпа

Лас су төккен жерді баспа

 

4.Түнде су төкпе

Су ішкен құдығыңа түкірме

Суды ысырап етпе, үнемде


 Жарайсыңдар балалар су туралы мақал – мәтелдерді біледі екенсіңдер

Балалар бүгін біз өз тәжірбиемізді аяқтадық. Тәжірбие арқылы қандай қортынды жасадындар? Сусыз тіршілік барма?

Суды неге үнемдеуіміз керек?

Су қандай?

Түссі бар ма?

Иіссі барма?

Дәмі барма?

Қалай ойлайсындар егер жер жүзін мұз басса?

Ой толғаныс Үстіне жүк артқан екі есек келе жатты. Біреуінің үстінде тұз, екіншісінде мақта. Олар терең өзеннен өту керек болды.Үстіне тұз артқаны судан шыға салып бүлкілдеп жорыта жөнелді.Ал мақта салынғаны аяғын әрең басып,қабырғасы қайысып кетті Неге? Себебі: Тұз суда еріп жеңілдеп қалды. Мақта суды сорып алып ауырлап кетті

Жарайсыңдар балалар. Бүгін сендер көп еңбектендіңдер кішкентай ғалымдар, зерттеушілер болдындар. Әлгі жалмауыз кемпірдің сиқырын, сендер өз білімдерімен сиқырды жойып жібердіңдер. Суды қадірін білеміз ,жерге босқа төкпейміз,деп аяқтаймыз. ,балалар кімге ойын сабағы ұнаса қызыл қайыққа текшені салады, ал ұнамаса көк қайыққа салады.балалар өзін өзі бағалайды.мадақтаймыз балалар біз келесі жолы көптеген әлем сырларына зерттеу жасаймыз..Балалар келген қонақтармен қоштасады.


































Екібастұз қаласы әкімдігі Коммунальное государственное

Білім бөлімінің казенное предпиятие

14 «Малышок»бөбектер бақшасы ясли-сад №14 «Малышок»

коммуналдық мемлекеттік отдела образования

қазыналық кәсіпорыны акимата города Экибастуза










Білім беру саласы:Таным.

Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:Су – тіршілік көзі.

Ересек тобы.











Орындаған тәрбиеші: Жарасбаева Т.М.






Екібастұз -2019

ЖИ арқылы жасау
27 Қаңтар 2019
566
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі